682
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Жаһандану теориясы бүкіл әлемдегі әрі академиялық шеңбердегі даму мен өзгерістердің
нәтижесінде пайда болды. Ол мәдени, экономикалық, саяси және институттық тұрғыдан
талдануы мүмкін. Гомогенизацияға/гетерогенизацияға қатысты
алаңдаушылық осы салалар
бойынша барлық еңбектерде кездеседі. Гидденстің жаһандану туралы еңбегіндегі басты та-
қырып – қазіргі заманның қуатты күшін бақылауды жоғалту және құбылмалы әлемді туды-
ру. Бек ұлттық мемлекеттің құлдырауы, трансұлттық ұйымдардың және, бәлкім, трансұлт-
тық мемлекеттің пайда болуына орай жаһандануға (globality) үмітпен қарайды. Бауман үшін
жаһандық әлемді айқындайтын нәрсе – епті және икемсіз адамдар арасындағы «кеңістік со-
ғысы». Алайда епті адамдар да үлкен қиыншылықтарға тап болады.
Жаһанданудың мәдени теориялары үш парадигмаға бөлінуі мүмкін: мәдени диффе-
ренциализм, мәдени конвергенция және мәдени гибридтелу.
Мәдени дифференциализм
«мәдениеттер ішінде және өз арасында ұзаққа созылған айырмашылықтар бар және бұл
айырмашылықтарға көбінесе жаһандану әсер етпейді» деген пікірді қолдайды. Хантингтон
өркениеттерге, әлемнің ірі өркениеттеріне, Син және Батыс өркениеті арасындағы эконо-
микалық жанжалға, сондай-ақ Ислам және Батыс өркениеті арасындағы соғыс ықтималды-
ғына ерекше назар аударып, мәдени дифференциализмнің ең танымал мысалын ұсынады.
Мәдени конвергенция «жаһандану бүкіл әлемдегі ұқсастықты арттыруға алып келеді»
деген
көзқарасты ұстанады. Мәдени конвергенцияның екі мысалы – макдональдтандыру тезисі
және бүкіл әлемде мәнсіздікті «гробализациялау» барған сайын үстемдік етуде деген идея.
Мәдени гибридтелу «жаһандану мәдениеттердің араласуына алып келеді, сөйтіп жаһандық-
қа да, жергіліктіге де жатпайтын жаңа және бірегей мәдениеттер пайда болады» деген пікір-
ге саяды. Бірқатар теориялық идеялар мәдени гибридтелумен, соның ішінде глокализация,
гибридизация және креолизациямен байланысты. «Мәдени гибридтелу» тақырыбына енгі-
зілген негізгі теория – Аппадураидың ландшафттар, олардың ішкі және өзара алшақтықтар
туралы ойы.
Жаһанданудың экономикалық теориялары екі мысалмен суреттеледі.
Лесли Склер
транс ұлттық капитализмге, әсіресе трансұлттық корпорацияларға, трансұлттық капита лис-
тік тапқа және тұтыну мәдени-идеологиялық идеясына негізделген жаһанданудың нео марк-
систік экономикалық теориясын дамытады. Склердің пікірінше, трансұлттық капитализм
социалистік жаһанданудың пайда болуына негіз жасайды.
Хардт пен Негридің айтуынша,
біз капиталистік империализмнен империяның үстемдігіне өтудің қызған ша ғындамыз. Им-
перияда орталық жоқ және ол заңдық күшке негізделген. Көпшілік империяны қолдайды,
Достарыңызбен бөлісу: