711
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік
әлеуметтік теория
Басқаша айтқанда, мәдениет логикасы өзгеруі мүмкін болса да, негізгі эконо ми-
калық құрылым капитализмнің бұрынғы нысандарымен байланысты. Сонымен
қатар капитализм бұрынғыдай, мәдениет логикасының дамуына негіз болады».
Джеймисон өзінің осындай көзқарастарын
алға тарта отырып, көптеген
постмодернистердің (мысалы, Лиотар, Бодрийяр) марксизм теориясы негіз де-
ген нарративті қабылдамайтынын айтады және «марксизмге постмодернизмде
орын жоқ немесе онымен байланысы жоқ» дейді. Ал Джеймисон «марксизм
постмодернизмнің ең құнды теориялық түсініктемесін жасады» деп бағалай-
ды. Бір қызығы, Джеймисонды жалпы постмодернизм мәдениетіне түсініктеме
бергені үшін мақтай отырып, мәдени әлемнің экономикалық негізін жеткіліксіз
талдады деп сынайтындар бар, ол әсіресе марксистер
тарапынан қатты сынға
ұшырайды.
Сондай-ақ Джеймисон (1984:86), Маркс секілді, постмодерндік қоғамның жа-
ғымды және жағымсыз жақтарын сипаттады. Маркс капитализмді өндірісті жоға-
рылату және құнды жетістіктер, қанаушылар мен қаналушылар бейнесінде көрді.
Джеймисон постмодернизмді радикалды үзіліспен салыстыра отырып,
постмодернизммен байланысты бірнеше мәселені талқылағаннан кейін, мы-
надай сауал қояды: «Мұндай үзіліс түбегейлі өзгеріс пе, әлде стилистикалық
инновацияның ежелгі жоғары модерндік императивімен анықталатын жай ғана
аралық кезең бе?» (1984:54).
Оның пайымдауы бойынша, әрине, эсте тикалық
өзгерістер болғаны рас, бірақ бұл өзгерістер түбегейлі экономикалық динами-
каның функциясына тәуелді:
«Қазіргі кезде эстетикалық өндіріс жалпыға бірдей тауар өндірісіне бі-
ріктірілді: жаңа тауарлар (киімнен бастап ұшақтарға дейін) легін жасау
шүбәсіз экономикалық қажеттілікпен айқындалады және айналымның
жоғарылауына әкеледі. Кейін осындай экономикалық қажет тіліктер жаңа
өнердің қолжетімді барлық түрлеріне – қорлар мен гранттардан бастап
мұражайларға және патронаждың басқа түрлеріне дейін институттық
қолдаудың қажет екенін мойындайды».
(Jameson, 1984:56)
Өткенмен байланыстың сабақтастығы былайша айқындалады:
«Бұл бүкіл жаһандық, бірақ америкалық постмодерн мәдениеті – бүкіл
әлемдегі америкалық әскери және экономикалық үстемдіктің жаңа тол-
қынының ішкі және сыртқы құрылымы.
Бұл тұрғыдан алғанда, тап тари-
хында, мәдениеттің төменгі бөлігі – қан, азаптау, өлім және қасірет».
(Jameson, 1984:57)
Джеймисон (Эрнест Мандельден кейін) капитализм тарихындағы үш кезең-
ді көреді. Маркс талдаған бірінші кезең – нарықтық капитализм немесе бірың-
ғай ұлттық нарықтардың пайда болуы. Ленин талдаған екінші кезең – жаһан-
дық капиталистік желінің пайда болуымен сипатталатын империалистік кезең.
Мандель (1975) мен Джеймисон «кейінгі капитализм» деп аталатын үшінші
кезеңді «капиталдың бұрын-соңды өзгермеген аумақтарда кеңеюі» (Jameson,
1984:78) деп сипаттайды. Бұл кеңею «Маркстің ХІХ ғасырдағы ұлы талдауына
712
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қайшы келмейді, керісінше, капиталдың ең таза формасы» (Jameson, 1984:78).
Джеймисон: «Марксистік жүйе марксистік құрылымды өзгертпеуді емес, оны
кеңейтуді талап ететін жаңа тарихи мазмұнды түсіну үшін
бұрынғысынша қа-
жет», – дейді (cited in Stephanson, 1989:54). Джеймисон үшін қазіргі заманғы
капитализмнің негізі оның көпұлтты сипатта болуы және тауарлық ауқымы
айтарлықтай артуымен айқындалады.
Экономикалық құрылымдағы бұл өзгерістер мәдени өзгерістерге байланыс-
ты болды. Осылайша, Джеймисон реалистік мәдениетті – нарықтық капита-
лизммен, модерндік мәдениетті – монополистік капитализммен және көпұлт-
ты капитализмді постмодерндік мәдениетпен байланыстырады. Бұл көзқарас
Маркстің базалық-құрылымдық аргументінің жаңартылған нұсқасы болып кө-
рінеді және көптеген ғалымдар Джеймисонды осындай
қарапайым көзқарасты
қолданғаны үшін сынға алды. Джеймисон осындай «қарапайым» бағыттан ал-
шақ болуға ұмтылып, экономика мен мәдениет арасындағы күрделі қарым-қа-
тынасты сипаттады. Дегенмен Фезерстоун секілді байыпты сыншы да мынадай
пікір айтады: «Оның мәдениетке қатысты көзқарасы, негізінен, фундамен тал-
дық қондырғы моделімен шектелген» (1989:119).
Капитализм монополистік капитализм кезеңінен басталды,
көпұлтты капи-
тализмде мәдени жарылыс біршама автономды деңгейде болды:
«Әлеуметтік саладағы мәдениеттің кеңеюі бізге экономикалық құнды-
лықтардан бастап мемлекеттік билікке дейінгі тәжірибелердің барлығын
дерлік «мәдени» деп атауға мүмкіндік берді. Мүмкін, бұл таңғаларлық
ұстаным шығар, әйтсе де қоғамның бұрынғы диагнозымен немесе симу-
лякрмен (бұл терминнің анықтамасы беріледі) сәйкес келеді».
(Jameson, 1984:87)
Джеймисон осы жаңа форманы «мәдени басымдық» ретінде сипаттайды.
«Постмодернизм «мәдени серпілістің әртүрлі формалары» арқылы ... өз жо-
лын салуы керек» (Jameson, 1984:57). Осылайша, постмодернизм – «жаңа жү-
йелі мәдени нормалар», алайда ол көптеген гетерогенді элементтерден тұрады
(Jameson, 1984:57). Джеймисон мультимедиалық терминді қолдана отырып,
постмо дерндік мәдениеттен өзге де мәдениет бар екенін айтады.
Фредрик Джеймисон төрт негізгі элементтен тұратын (бесіншісі, яғни ке-
йінгі капитализм сипаты талқыланды) постмодерндік
қоғамның салыстырма-
лы айқын бейнесін ұсынады. Біріншіден, постмодерндік қоғам астарлы терең
мәні жоқ, үстіртін сипатымен айқындалады. Оның мәдени өнімдері үстіртін су-
реттермен қанағаттандырылады және олардың тереңдігі болмайды. Оған Кэмп-
беллдің «сорпа ыдыстары туралы» Энди Уорхолдың әйгілі шығармасы жақсы
мысал. Постмодерндік теорияның негізгі терминін пайдалану үшін, суретті
түпнұсқасы мен көшірмесін айыруға келмейтін
simulacrum (симулякр) ретінде
айқындауға болады. Сондай-ақ симулякр – көшірменің көшірмесі;
Уорхол өзі-
нің суретіндегі сорпа ыдыстарын банкілердің өзінен емес, банкі фотосуреттері-
нен салынғанын білу арқылы танылды. Джеймисон симулякрды «түпнұсқасы
болмаған көшірме» ретінде анықтайды (1984:66). Симулякр түсінігі – анықта-
масы бойынша, үстіртін, тереңдігі жоқ деген мағыналарды білдіреді.
713
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Екіншіден, постмодернизм эмоциялармен әсер алу деңгейінің төмендеуімен
сипатталады. Осы мәнде Джеймисон Уорхолдың
«Мэрилин Монро» картина-
сы мен классикалық модернизмнің үлгісі болатын Эдвард Мунктің
The Scream
(«Жанайқай»)
картиналарын салыстыруды ұсынады.
«Жанайқай» – үмітсіз-
діктің тереңдігін білдіретін немесе әлеуметтанулық тұрғыдан аномия немесе
иеліктен айырылған адамның сюрреалдық бейнесі. Ал Уорхолдың
«Мэрилин
Достарыңызбен бөлісу: