Алеуметтану тероиясы indb


Сын-пікірлер және пост-постмодерндік әлеуметтік теория



Pdf көрінісі
бет483/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Сын-пікірлер және пост-постмодерндік әлеуметтік теория
Постструктуралистік және постмодерндік әлеуметтік теориялар туралы пікір-
таластар зор қызушылық тудырды. Қолдаушылар жиі мадақтады, ал оппо нент-
тер өз ойларын дәлелдеді. Мысалы, Джон О’Нил (1995) «постмодернизмнің 
ақылсыздығы» («the insanity of postmodernism») туралы жазады (16); ол оны 
«үлкен ақсүйек аңызы» (191) және «ақыл-ойдың өлі сәті» деп сипаттайды 
(199). Қатаң риторикадан алыстап, келесі сауалға жауап іздестірейік. Постмо-
дерндік әлеуметтік теорияның негізгі сын-пікірлері қандай? (Постмодерндік 
әлеуметтік теориялардың алуан түрлілігін ескере отырып, осы теорияларға ай-
тылған жалпы сыни пікірлер – жалған ба, әлде негізделген бе?).
1. Постмодерндік теория қазіргі заманғы ғылыми стандарттарға сай бол-
мағаны үшін сынға алынды. Ғылыми-бағдарланған модернист үшін 
постмодернистің шынайылығын тексеру мүмкін емес. Постмодерндік 
көзқарастардың шынайылығын эмпирикалық зерттеулермен тексеру де 
мүмкін болмайды, сондықтан модернистер постмодерндік көзқарастар-
ды жалған деп теріске шығармауы керек (Frow, 1991; Kumar, 1995). Осы 
сыни көзқарасқа сәйкес, ғылыми негіздеменің болуы міндетті талап еді. 
Бірақ постмодернистер мұны қабылдамады.
2. Постмодернистердің тұжырымдамалары ғылыми тұрғыдан негізделме-
гендіктен, постмодерндік әлеуметтік теорияны идеология ретінде қарас-
тырған дұрыс (Kumar, 1995). Бұл идеялар шынайы емес, біз тек соларға 
сенеміз дегенді білдірмейді. Бір идеяға сенетін адамдар өзге идеяларды 
дұрыс немесе бұрыс деп бағалай алмайды.
3. Постмодернизм ғылым нормаларымен шектелмегендіктен, постмодер-
нистер өз қалауынша идеяларымен «ойнай» алады. Көптеген жалпыла-
ма тұжырымдар ұсынылады. Одан басқа, постмодерндік әлеуметтік тео-
рияшылар өз позицияларын білдіре отырып, қазіргі заманғы ғылымның 
жарқын риторикасымен шектелмейді. Постмодерндік дискурстың аса 
жоғары сипатта болуы оның негізгі қағидаларын өзге бағыттағылардың 
қабылдауын қиындатады.
4. Постмодерндік идеялар соншалықты түсініксіз әрі дерексіз болғандық-
тан, оларды кейде әлеуметтік әлеммен байланыстыру қиын, тіпті мүмкін 
емес деуге де болады (Calhoun, 1993b). Сонымен қатар түсініктердің ма-
ғынасы постмодерндік еңбектерде өзгеріп отырады, бірақ түпнұсқа ма-
ғыналарын білмейтін оқырман ешқандай өзгерісті байқамауы мүмкін.


719
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
5. Қазіргі заманғы теорияшылардың дәйекті нарративтерді сынауға бейім-
ділігіне қарамастан, постмодерндік әлеуметтік теорияшылар осындай 
нарративтердің өзіндік түрлерін жиі ұсынады. Мысалы, Джеймисон 
марксистік нарративтерді қолданғаны үшін жиі сынға алынады.
6. Постмодерндік әлеуметтік теорияшылар өз зерттеулерінде көбінесе қа-
зіргі заманғы қоғамның қателіктерін айтады, бірақ бұл сын-ескертпелер 
күмән тудырады, өйткені олардың мұндай пайымдаулар жасау үшін нор-
мативтік дәйектері жоқ.
7. Постмодернистер көбінесе агенттік теорияға жүгінбейтіндіктен, әдетте 
субъект пен субъективтілікке қызығушылық таныта бермейді.
8. Постмодерндік әлеуметтік теорияшылар қоғамды қатаң сынға алады, бі-
рақ олар қоғамның қандай болуы керектігі туралы ешқандай дәйектеме-
лер мен түсініктемелер ұсынбайды. 
9. Постмодерндік әлеуметтік теориялар терең пессимизмге әкеледі.
10. Постмодерндік әлеуметтік теорияшылар негізгі әлеуметтік мәселелерді 
қарастырамыз деп ойлағанымен, көпшілікті мазалайтын қоғамдық мәсе-
лелерді назардан тыс қалдырады.
11. 12-тарауда айтылғандай, феминистер арасында постмодерндік әлеумет-
тік теорияның жақтаушылары болғанына қарамастан, олар осы бағыт-
тың ең қатаң сыншылары болды. Негізінен, феминистер постмодерндік 
әлеу меттік теорияны субъектіліктен бас тартып, әмбебап, мәдениетара-
лық санаттарға (гендерлік және гендерлік қысым сияқты) қарсы бол-
ғаны үшін және сыни саясатты күн тәртібіне қоя алмағаны үшін сынға 
алады.
ХХІ ғасырдың басында постмодерндік әлеуметтік теорияға қатысты пікір-
таластар толығымен жойылды, ал олардың кейбіреуі өздерін постмодернистер-
міз деп есептеді.
Бұл постмодернизмге әсер еткен жоқ. Постмодернизмнің көптеген негізгі 
идеялары әлеуметтік теорияға қосылды: пәнді декорациялау, заманауи тұлға-
лардың қалыптасуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының және тұтыну ко-
декстерінің рөлі, әлеуметтік шындықты құру үшін тіл мен семиотикалық жүйе-
лердің маңыздылығы сияқты аспектілер қамтылды.
Сонымен қатар біз талдаған көптеген теорияшылар әлі де осы салаға әсер 
етуде. Атап айтқанда, Фуко кеңінен талқыланады және оның еңбектеріне 
көптеген сілтеме жасалады. Бодрийяр еңбектерінің беделі салыстырмалы 
түрде жоғары болмаса да, зерттеу бағдарламалары, әсіресе Бодрийяр зерттеу-
лерінің Халықаралық журналы аясында одан әрі жалғасуда. Қазіргі уақытта 
Жиль Делез еңбектері өте ықпалды. Фуко – Делезді ХХ ғасырдың ең маңызды 
философтарының бірі ретінде бағалады (Buchanan, 2011). Соңғы кездері оның 
еңбектері құрылымдық және әлеуметтік күрделілік тұжырымдамаларына не-
гізделген жаңа әлеуметтік онтологияны жасауға ықпал етті (DeLanda, 2006). 


720
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Оның еңбектеріне актор-желі теорияшылары сілтеме жасайды (18-тарауды қа-
раңыз), ал оның өмірлік энергия мен әсері туралы идеялары – ықпал теориясы-
ның орталық құрылыс блогы (18-тарауды қараңыз).
Көптеген постструктуралистік және постмодерндік теориялар Францияда 
пайда болды. Нәтижесінде француздық әлеуметтік теорияшылар «пост-пост-
модерндік теорияларды» дамыта бастады. Адам тақырыбын қабылдамауына 
байланысты, оларды антигуманизмі үшін айыптады (Ferry and Renaut, 1990:30). 
Осылайша, пост-постмодернистер антигуманизмге қатысты сыни көзқарастан 
ақталуға ұмтылады. Мәселен, Лилла (1994:20) «ізгілікке және саясатқа, әсіресе 
адам құқықтарын қорғауға арналған әмбебап, ұтымды нормаларды қорғауды» 
талап етеді.
«Пост-постмодерндік әлеуметтік теорияның» тағы бір қыры – либералистік 
нарративтер, олар либерализмнің маңыздылығын қалпына келтіруге тырысады 
(Lilla, 1994). Кейбір француз ғалымдары жалпы құрылымдарды, әсіресе либе-
ралды буржуазиялық қоғам құрылымын және оның «шіркеулерін» сынға алған 
постструктуралистер/постмодернистердің еңбектерімен (мысалы, Фукодағы 
тәртіп пен жазалау) жете танысты. Постмодерндік теорияшылар бұл қоғамның 
билік құрығынан құтыла алмайтынына көз жеткізді. Сөйтіп, постмодернизм 
теориясы «адам құқықтары, конституциялық үкімет, өкілдік, сынып, инди-
видуализм» (Lilla, 1994:16) секілді мәселелерді жаңа қырынан қарастырды. 
Постмодернизмнің нигилизмі либералды қоғамға мейірлене қарайтын түрлі 
бағдарлармен ауыстырылды. Либерализмге деген қызығушылықтың қалпына 
келтірілуі (сонымен бірге гуманизм) қазіргі заманғы қоғамның қызығушылы-
ғын қалпына келтіруді білдіреді.
Пост-постмодерндік әлеуметтік теориясының басқа аспектілері Жил Липо-
вецкидің The Empire of Fashion: Dressing Modern Democracy («Сән империясы: 
заманауи демократияны қайта киіндіру») (1994) атты еңбегінде қамтылған. Ли-
повецки постструктуралистер мен постмодернистерге өз ойын анық түсіндірді:
«Біздің қоғамымызда сән – басты назарда. Жарты ғасырға жуық уа қыт та 
тартымдылық заманауи ұжымдық өмірдің ұйымдастырушы принцип те-
ріне айналды. Біз тривиалдық үстемдік еткен қоғамда өмір сүреміз... Біз 
бұдан қорқуымыз қажет пе? Бұл – батыстың баяу, бірақ аяқталмаған құл-
дырауын білдіре ме? Мұны демократиялық идея құлдырауының бел гісі 
ретінде қабылдау керек пе?».
(Lipovetsky, [1987] 1994:6) 
Липовецки осыған байланысты мәселелерді мойындай отырып, «сән – дара-
лыққа және либералды қоғамның бірігуіне әкелетін спиральдық қозғалыстың 
негізгі агенті» деп тұжырымдайды ([1987], 1994:6). Ол сәннің теріс ғана емес, со-
нымен қатар жағымды жағын да көріп, қоғамның болашағына қатысты жалпы 
оптимистік көзқарас ұстанды.
Липовецки сән, тұтыну, индивидуализм, демократия және заманауи қо-
ғам туралы оң пікір айтумен қатар, оларға байланысты туындайтын мәсе-
ле лерді де назардан тыс қалдырмайды. Сән – періште де, шайтан да емес...
(Липовецки, [1987] 1994:240–241). Оның парадигмасы киім болса да, сән-
ді әлеуметтік айырмашылықтың бір түрі, Батыстың айрықша өнімі деп баға-


721
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
лады. Шығармашылық идеясына берік постмодернистерден айырмашылы-
ғы – Липовецки сән үлгісін Батыстың ғасырлардан бергі жоғары санаттары-
на шығарады. Сән – бұл қысқа уақыт мерзімімен сипатталатын өзгерістердің
нысаны, көбінесе таңғажайып ығысу және әлеуметтік әлемнің түрлі секторла-
рына әсер ету мүмкіндігі. Батыста сән үлгісін қалыптастыру үшін, әсіресе оның 
даралығы мен жаңашылдығын көрсету үшін бірқатар факторлар пайда болды.
Сән ұжымдық өзгерістердің құрамдас бөлігі болса да, адамдарға өздерінің 
киімі арқылы жеке қасиеттерін білдіруге мүмкіндік бере отырып, жеке тұлғаның 
өсуіне ықпал етті. Сол сияқты, стратификация жүйесіндегі адамдарға, кем деген-
де, жоғары топтағылар сияқты киінуге мүмкіндік беріп, үлкен теңдік факторына 
айналды. Сондай-ақ сән өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік берді. Негізінен, бұл – тұ-
тастай алғанда, қоғамның демократиялануы мен даралануына тән сипат.
Постмодернизмді сынға алған екі ерекше бағытты қарастырайық. Бірін-
шісі – сыншыл реализм. Оның пайда болуы 1970 жылдардағы философ Рой
Бхаскар (2008) есімімен тікелей байланысты. Сыни реализм позитивистік 
әлеу меттану мен постмодернизм, релятивистік әлеуметтану арасында тұр. 
Көптеген зерттеушілер постмодернизмнің сюжеті әлеуметтік құрылым екенін 
дәлелдейді, сыншыл реализм әлеуметтік әлемге терең құрылымдармен ықпал 
етеді деп ойлайды.
Дегенмен позитивистік философиядан айырмашылығы – терең құрылым-
дарды қоғамдық өмірді анықтайтын субъектілер ретінде қарастырмайды. Ке-
рісінше, «адамдардың ойлау мен түсіндіру қабілеті бар болғандықтан, терең 
құрылымдардың әсері көп болуы мүмкін» деген пайымдауларды алға тартады. 
Әрине, сыншыл реализм мен теориялық перспективалар арасында байланыс-
тар бар. Мәселен, Морган (2007) Гидденстің құрылымдық теориясы бойынша 
көптеген мәселелерді шешетінін атап өтеді.
Екіншісі – Америка Құрама Штаттарында Джеффри Александер (2003) мә-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет