705
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Бенджаминнің және мессиандық кезеңдегі иудей-христиан тұжырымдамала-
рында айқындалады. Миллстің айтуынша, Агамбеннің кез келген теориясын
қолданғанда «ерекше жағдай мен шеттетуді» біріктіретін осы теориядағы мес-
сиандық саясатты қабылдау қажеттігі туындайды. Әлеуметтік теорияшылар
Агамбен теориясының екі аспектісін айқындайды.
Фуко, әрине, постструктуралист болды, оның
еңбектерінде постструктура-
лизмнің (және структурализмнің) әсері байқалады.
11
Поструктурализмнің ық-
палы оның «заңның күші» тұжырымдамасында көрінеді. Бұл еңбектегі ойлар
жетекші постструктуралистердің бірі – Жак Дерриданың жұмысына ұқсас. Осы
тұжырымдамаға сәйкес, заң бір кездері заңмен байланысты болған, бұл байла-
ныс қазіргі кезде әлсізденіп, заң көрінбей кетіп, тек заңның күші ғана сақталған.
Агамбен өзінің еңбектерінде сонымен қатар құқық күшін қарастырады.
«Төтенше жағдайларда заңның күші» нақты болмаған кезде құқық күшін мем-
лекеттік органдар... және революциялық ұйымдар көрсетуі мүмкін. Шет тету
жағдайы – бұл заң емес, заң күші басымдыққа ие болатын аномалиялық ке-
ңістік. «Заң күші»,
негізінен, заң мен оны қолдану туралы ережелермен бай-
ланысты болмағандықтан, оны тек заң тұлғалары емес, сонымен қатар өзге
тұлғалар да өз мақсатына пайдалануы мүмкін. Мысалы, неміс ұлтшылдары,
революционерлер.
Агамбеннің үлкен нарративі және негізгі мақсаттары. Агамбеннің еңбекте-
рінде постструктурализмнің ықпалы болғанымен, постмодернизмнің ықпалы
жоқ. Нәтижесінде оның еңбектеріне «негізделген нарративтің» құрамдас бөлік-
тері тән емес.
Біріншіден, ол уақыт өткен сайын шеттету жағдайы кеңейеді деп болжай-
ды: «Шеттету жағдайы маңыздылығы жоғарылай отырып,
іргелі саяси құры-
лым ретінде қалыптасады және біртіндеп ережеге айнала бастайды» ([1995]
1998:20; see also Agamben, [2002] 2005:2; this view is associated with Benjamin,
1942). Оның егжей-тегжейлі түсіндірмесі бойынша: «Бастапқыда бөлек болған
өмір мен саясат бір-бірімен араласа келе, шеттету жағдайы өмірдің барлық са-
лаларына, әсіресе саяси салаға тән бола бастайды (Agamben, [1995]1998:148).
Агамбеннің ойынша ([2002]2005:87), «қазіргі шақта шеттету жағдайы өзінің ең
жоғарғы деңгейіне жетті».
Екіншіден, ол саясаттың биологияға үстемдігі ақырындап кеңейгенін көреді;
биосаясаттың кеңеюі. Мысалы, болашақта «мемлекет өз ұлтының биологиялық
өміріне қамқорлық жасауды өз міндеттерінің бірі деп қабылдайды» (Agamben,
[1995] 1998:175). Екінші жағынан, бұл өзгелерге
адамдардың биологиялық өмі-
рін бақылауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, лагерь кеңейіп, бірте-бірте орталыққа айналды. «Қазіргі уақытта
қала ішінде орналасқан лагерьлер планетаның жаңа биосаясат көрінісіне айнал-
ды» (Agamben, [1995] 1998:176). Нацистік концлагерьлермен байла нысты лагерь-
лер «жүйені өмірге қауіп төндіретін машинаға айналдыруға» әкеледі (Agamben,
[1995] 1998:175). Бұл жаһандық азаматтық соғыстың «тоқтаусыз ілгерілеуіне»
апарады (Agamben, [2002] 2005:2). Тіпті демократиялық мемлекеттерде осы аза-
маттық соғысқа қатысады, соның нәтижесінде демо кратиялық және тоталитар-
лық мемлекеттер арасында айтарлықтай айырмашы лықтар азаюда.
Осы процестерді ескере отырып, Агамбен қандай жағдайды көргісі келер
еді? Ол патриоттық сипаттағы және антогонистік
сипаты жоқ заманауи саяси
706
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
жобаны көруге үміттенбейді (DeCaroli, 2007:44). Керісінше, оның болашаққа
қатысты көзқарастары өте абстрактілі сипатта және тек жалпы идеяларды тұ-
жырымдайды. Мысалға, ол «қорғансыз өмірдің» саяси немесе құқықтық сала
бойынша бөлінуін қолдайды (Agamben, [1995] 1998:134) немесе ол адамның өзі
қалаған іс-әрекетін жасауға мүмкіншіліктерді кеңейтуге ұмтылады және бұл
саяси тұрғыдан айқындалуы қажет. Басқаша айтқанда, ол адамның іс-әрекеті
мен саясатының реинтеграциясын көргісі келеді. Де Кароли (2007:45)
пайым-
дауы бойынша, Агамбеннің мақсаты – «саясат пен субъективтілік ажыратыл-
ған болашақ қоғамдастықты» құру.
Достарыңызбен бөлісу: