Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет481/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Монросы» үстіртін және шынайы эмоцияларды көрсетпейді. Мунк картинасы 
постмодернистер үшін аномиядан кейінгі қазіргі заманғы әлемнің бөлігі – пост-
модернизмді білдіреді. Постмодерндік әлемде шеттету процесі фрагментация-
лаумен ығыстырылды. Әлем мен адамдардың бөлініп кетуіне байланысты «ер-
кін және өзгермейтін» сезімдер қалыптаса бастайды (Jameson, 1984:64). Бұл – 
постмодерндік сезімдермен байланысты немесе қандай да бір «қарқындылық» 
деп аталатын, ұнамды эйфорияның өзіндік түрі. Мұның мысалы ретінде ол фо-
тореалистік қалалық пейзажды ұсынады, бұл жерде тіпті автокөліктер де жаңа 
галлюцинаторлық сипатта жарқырайды (Jameson, 1984:76). Қала ортасындағы 
автомобиль апаттарына негізделген эйфория, шын мәнінде, өзіндік сезімге ие. 
Постмодерндік әсер «тән жаңа электрондық ақпарат құралдарына қосылғанда» 
да болады (Donougho, 1989:85).
Үшіншіден, тарихтың жоғалуы орын алуда. Өткенді біле алмаймыз. Біз қол 
жеткізген барлық нәрсе – өткен шақ туралы мәтіндер ғана және тек осы тақы-
рып бойынша басқа да мәтіндер жаза аламыз. Тарихтың жоғалуы «өткен шақ-
тың барлық стилінің кездейсоқ жойылуына әкелді» (Jameson, 1984:65–66). Нә-
тижесінде постмодерндік ойлаудың pastiche (стильдендіру) деген маңызды тер-
миндерінің біріне жақындадық.«Тарихшылардың өткенге қатысты шындықты 
білуі немесе олар туралы дәйекті әңгімелерді біріктіруі мүмкін емес, өйткені 
олар өткен шақ туралы кейде қайшылықты не шатастырылған идеяларды айту-
мен қанағаттанады. Сонымен қатар тарихи даму, уақыттың өтуі туралы нақты 
түсінік қалыптаспаған. Өткен мен бүгін бір-бірімен тығыз байланыста. Мыса-
лы, E.L. Doctorow’s Ragtime секілді тарихи романдардан «тарихи референттің 
жоғалып кетуін» көре аламыз. Бұл тарихи роман тарихты көрсете алмайды; 
тек өткенге қатысты біздің идеяларымыз бен түсінігімізді білдіреді» (Jameson, 
1984:71). Тағы бір мысал ретінде Body Heat фильмін қарастыруға болады. Осы 
фильм аясында 1930 жылдарға тән атмосфера жасалуына қарамастан, фильм 
қазіргі кезге тән мәселелерді қарастырады. Мұндай атмосфераны қалыптасты-
ру үшін:
«заманауи артефактар мен аспаптардың, тіпті автокөліктердің де объек-
тивті әлемі толық редакцияланған. Осылайша фильмде барлығы ресми 
заманауилықты жоюға және көрермендерге өткен отызыншы жылдарда-
ғы уақытты көрсетуге ұмтылады».
(Jameson, 1984:68)
«Body Heat немесе Ragtime сияқты туындылар – «біздің тарихымыздың на-
шарлағанын көрсететін белгі» (Jameson, 1984:68). Уақыттың жоғалуы, өткен-
ді, бүгінді және болашақты ажырата алмаушылық жеке деңгейде шизофрения 
дерті арқылы көрінеді. Постмодерндік тұлға үшін оқиғалар фрагменттелген 
және үзінді сипатында болады.


714
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Төртіншіден, постмодерндік қоғаммен байланысты жаңа технологиялар
бар. Автокөлік жинау желісі сияқты өнімді технологиялардың орнына репро-
дуктивті технологиялар, әсіресе теледидар мен компьютер секілді электронды 
БАҚ басымдыққа ие бола бастайды. Өнеркәсіптік революцияның «қызықты» 
технологиясынан гөрі, теледидар секілді «технологиялар» кеңінен таралуда 
(Jameson, 1984:79). Постмодерндік дәуірдің имплозивті, тегістеу технология-
лары заманауи дәуірдің ауқымды, қарқынды технологияларына қарағанда, әр-
түрлі мәдени өнімдерді көбірек шығарады.
Сонымен, Джеймисон адамдары өздері өмір сүріп жатқан көпұлтты капи-
талистік жүйені немесе «жар басындағы» мәдениетті түсінуге дәрменсіз, сал-
ғырт постмодернизмнің бейнесін жасайды. Осы дүниенің парадигмасы ретінде 
Джеймисон атақты постмодерндік сәулетші Джон Портманның Лос-Андже-
лестегі Bonaventure қонақүйін ұсынады. Адамның әлемдегі орнын сипаттау 
үшін қонақүйді мысалға алады. Джеймисон қонақүйлердің ешқайсысында адам 
вестибюльде өз орнын таба алмайтыны туралы айтады.
Вестибюль – Джеймисон бізге жол табуға көмектесе алмайды деген модерн-
дік тұжырымдамаларға сай «гиперкеңістікке» мысал болады. Бұл жағдайда 
вестибюль бөлмелерді қамтитын төрт симметриялық мұнарамен қоршалған 
аймақ ретінде айқындалады. Оның пікірінше, вестибюльдерде адамдарға өзде-
рінің бөлмесін табуға жәрдемдесетін белгілер болуы қажет. Бұл – жол табуды 
жеңілдетер еді.
Bonaventure қонақүйінің вестибюліндегі осындай жағдай – көпұлтты эко-
номика мен кейінгі капитализм сипатындағы қоғамда адамдардың бейім деле 
алмауының метафорасы. Джеймисонның өзге постмодернистерден айыр ма-
шылығы, өзінің марксистік ұстанымына қарамастан, бұл мәселенің ішінара 
болса да шешуін табуға ұмтылады. «Бізге керек нәрсе, – дейді ол, – біздің жо-
лымызды табуға жәрдемдесетін танымдық белгілер» (Jagtenberg and McKie,
1997). Бірақ олар ескі болмауы қажет. Осылайша, Джеймисон:
«жаңа идеялардың туындауын күтеді... (кейінгі капитализм), онда біз 
тағы да өз ұстанымымызды жеке-дара және ұжымдық деңгейде түсіне 
отырып, бейберекеттікпен күресуге әрекеттенеміз және күресу қабілеті-
мізді қалпына келтіре аламыз. Постмодернизмнің саяси пішіні, егер ол 
бар болса, әлеуметтік және кеңістіктік масштабтағы ғаламдық когнитивті 
карта болар еді».
(Jameson, 1984:92)
Бұл танымдық карталардың бастауын әлеуметтік теорияшылар, роман жа-
зушылар және қарапайым адамдар салуы мүмкін. Әрине, карталар марксистік 
мақсатта қолданылмайды, бірақ постмодерндік қоғамда түбегейлі саяси әре кет-
тің негізі ретінде пайдаланылады.
Карталардың қажеттілігі, Джеймисонның пікірінше, әлемнің кеңістік өл-
шеммен айқындалуымен байланысты. Шынында да, гиперперсона идеясы және 
Bonaventure қонақүйінің вестибюль үлгісі постмодерндік әлемдегі кеңістіктің 
үстемдігін көрсетеді. Осылайша, Джеймисон үшін бүгінгі өзекті мәселе – «бұл 
кеңістікте өзімізді ұстай білу қабілетімізді жоғалту мен оны картаға түсіруге 
мүмкіндігіміздің болмауы» (Jameson, Stephanson, 1989:48).


715
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Бір қызығы, Джеймисон когнитивті карталар идеясын марксизм теория-
сымен, атап айтқанда, таптық сана идеясымен байланыстырады: «Когни-
тивті карталар шын мәнісінде «таптық сананың» құпия сөзі...» (1989:387). 
Джейми сонның еңбегі Маркс теориясы мен постмодернизмді синтездеуге 
бағытталған. Оның мұндай талпынысы, негізінен, марксистер мен постмо-
дернистер тара пынан сынға алынды. Бест пен Келлнердің пікірі бойынша, 
«оның еңбегі көп теген позицияларды, соның ішінде классикалық марксизм 
мен кейінгі постмодернизмді, біріктіруге бағытталған эклектикалық, көпса-
лалы теорияның ық тимал қауіптерінің жарқын үлгісі бола алады» (Best and 
Kellner, 1991:192). Нақтырақ айтқанда, кейбір марксистер Джеймисонның 
постмодернизмді мәдени үстемдік ретінде қабылдауына қарсылық білдірсе, 
ал кейбір постмодернистер оның әлемнің тотализацияланған теориясын қа-
былдауын сынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет