Алеуметтану тероиясы indb


Экстремалды постмодерндік әлеуметтік теория: Жан Бодрийяр



Pdf көрінісі
бет482/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Экстремалды постмодерндік әлеуметтік теория: Жан Бодрийяр
Егер Джеймисон белгілі бір ұстамды постмодерндік әлеуметтік тео-
рияшылардың бірі болса, Жан Бодрийяр – бұл бағыттың радикал өкілі. 
Оның Джеймисоннан айырмашылығы – әлеуметтану мамандығын оқыған 
(Genosko, 2005; Wernick, 2000), бірақ оның еңбектері бұл саламен шекте-
ліп қалмайды. Шынында да, оның еңбектері бір ғана пәндік шеңбер аясына 
сыймайды.
Біз Келлнердің (Kellner, 1989c, 2011) көзқарасына сүйене отырып, Бодрийяр-
дың еңбегіне қысқаша шолу жасаймыз. 1960 жылы оның еңбегі модерндік 
(Бодрийяр 1980 жылдарға дейін постмодернизм терминін қолданған жоқ) және 
марксистік сипатта болды. Алғашқы еңбектері марксистік тұтыну қоғамының 
сын-қатерлерін арқау етті. Алайда бұл еңбекте лингвистика мен семиотиканың 
ықпалы басым болғандықтан, Келлнердің айтуы бойынша, бұл еңбекті «саяси 
экономикаға қатысты марксистік теорияның семиологиялық толықтырылуы» 
деп қарастырған жөн. Алайда Бодрийяр кейінгі еңбектерінде марксистік көзқа-
растарды (сонымен қатар структурализмді) сынға алды.
Бодрийяр The Mirror of Production («Өндіріс айнасы») шығармасында 
(1973, 1975) марксистік бастаманы консервативті саяси экономиканың айна-
дағы бейнесі ретінде қарастырды. Басқаша айтқанда, Маркс (және марксистер) 
капитализмнің консервативті жақтаушыларымен бірдей көзқараста болды. 
Бодрийярдың пікірінше, Маркс «буржуазиялық ойдың вирусын» ([1973] 
1975:39) жұқтырған. Атап айтқанда, Маркстің көзқарастары «еңбек» және 
«құндылық» сияқты консервативті идеяларға негізделген. Жаңа, радикалды 
бағытқа деген қажеттілік туындады.
Бодрийяр экономикалық айырбастан түбегейлі бас тарту идеясының бала-
масы ретінде символикалық алмасу идеясын алға тартты (D. Cook, 1994). Сим-
воликалық алмасу «қабылдау және қайтару, беру және алу», «сыйлықтар мен 
қарама-қайшылық циклдерінің» үздіксіз циклін қамтиды (Baudrillard, [1973] 
1975:83). Міне, бұл – марксизмнің «тұзағына» түспеген идея. Символикалық 
алмасу капитализмнің қисынына қарама-қайшы келді. Символикалық алмасу 
идеясы осындай алмасу түрі арқылы сипатталатын қоғам құруға бағытталған 
саяси бағдарламаны білдіреді. Мысалы, Бодрийяр жұмысшы табын сынап, 


716
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
жаңа оңшылдар мен солшылдарға салыстырмалы түрде оң көзқараспен қара-
ған. Алайда көп ұзамай Бодрийяр барлық саяси мақсаттардан бас тартты.
Оның орнына, назарын өндіріске емес, «медиа, кибернетикалық модельдер 
мен рульдік жүйелер, компьютерлер, ақпаратты өңдеу, ойын-сауық және білім 
беру салалары» және т.б. аударды (Kellner, 1989c:61). Осы жүйелерден пайда 
болған белгілердің шынайы жарылысы ретінде айқындады (D. Harris, 1996).
Өндіріс режимі үстемдік еткен қоғамнан өндіріс кодексі бақыланатын қо-
ғамға өттік деп бағалауымызға болады. Эксплуатация мен пайдаға қол жеткізу 
мақсатынан белгілер мен жүйелерге үстемдік ету мақсатына ауысты. Сонымен 
қатар белгілер бір кездері нақты бір шынайы затқа қатысты болған, ал қазір 
олар басқа белгілерді білдіреді; белгілер өздігінен референттелетін болды. Біз 
ненің нақты екенін айта алмаймыз; белгілер мен шындық арасында айырмашы-
лық бар. Жалпы айтқанда, постмодерндік әлем (қазір Бодрийяр осы тақырып 
бойынша ізденуде) – қазіргі заманғы қоғамды сипаттайтын жаңалықтардан 
(жүйелер, тауарлар, технологиялар және т.б.) тысқары осындай имплозиямен 
сипатталатын әлем. Қазіргі заманғы әлем осылайша дифференциация процесі-
не ұшыраған сияқты, постмодерндік әлемді де дифференциациялау деп қарас-
тыруға болады.
Джеймисон секілді, Бодрийяр да постмодерндік әлемді модельдеу арқы-
лы сипаттайды. «Біз «модельдеу дәуірінде» өмір сүреміз (Baudrillard, 1983:4; 
DerDerian, 1994). Осы модельдеу процесі «объектілердің немесе оқиғалардың 
репродукцияларын» жасауға бағытталған (Kellner, 1989c:78). Белгілер мен 
шындықтың арасындағы айырмашылықтар шындықты имитациялайтын белгі-
лер арқылы сипаттаудың қиындауына әкелді. Мысалы, Бодрийяр «теледидар-
ды өмірге тарату, өмірді теледидарға тарату» (1983:55) келісімі туралы айтады.
Ақыр соңында, белгілер шынайылыққа басымдық береді. Осы белгілер 
«басы да, аяғы да жоқ, шиыршық, дөңгелек жүйе» қалыптастырады (Kellner, 
1989c:83). Бодрийяр (1983) осы құбылысты әсірешынайылық деп сипаттайды. 
Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар шынайылыққа жана-
суда немесе тіпті шынайылықтан да асып түседі. Журнал жаңалықтары теле-
дидарда таны мал болуы (мысалы, Inside Edition) осыған жақсы мысал (екінші-
сі – ақпараттық мәліметтер және шындық телеарналары деп аталады). Өйткені 
олар көрермендерге шынайылықты емес, әсірешынайылықты ұсынады. Нәти-
жесінде шынайылық бағынышты бола бастайды және, сайып келгенде, мүлдем 
жойылады. Шынайылықты көріністен ажырату қиын. Іс жүзінде «шынайы» 
оқиғалар әсірешынайылық сипатта бола бастайды. Мысалы, футболист Ро-
нальд Голдманның О.Дж. Симпсон өліміне қатысты соты Inside Edition секілді 
бағдарламалар үшін әсірешынайылықтың жақсы өніміне айналды. Ақыр со-
ңында, шындық жойылып, тек әсірешынайылық қалыптасады.
Бодрийяр бұқаралық сипатқа айналған және «апатты» революцияға ұшы-
раған осындай мәдениетке назар аударады. Бұл төңкеріс бұқараны, марксис-
терге ұқсап, нағыз бүлікшілдікке емес, барынша енжарлыққа әкеледі. Осы-
лайша, бұқара ««black hole» (қара шұңқыр) ретінде көрінеді, ол барлық мәнді, 
ақпаратты, байланыс, хабарларды және тағы басқаларды өз бойына талғаусыз 
сіңіреді, сөйтіп оларды мағынасыз етеді... Бұқара өз жолымен жүреді, өздерін 
манипуляциялау әрекеттерін елемейді» (Kellner, 1989c:85). «Инерция мен 
апатияның жоғарылауы» медиабелгілер және әсірешынайылықпен қаныққан 


717
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
бұқара сипаттамасына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары айла-шарғы ре-
тінде қарастырылмайды, бірақ олар объектілер мен көзілдіріктерге деген сұра-
ныстарын арттыруға мәжбүр. Қоғам өзі қандай да бір мағынада қара массаға 
айналады. Осы теорияның көп бөлігін талдай отырып, Келлнер мынадай қоры-
тынды жасайды:
«Инерцияны жеделдету, бұқаралық ақпарат құралдарында белгілерді 
алға жылжыту әлеуметтік бұқараны жаппай нигилизмнің қараңғы шұң-
қырына итермелейді. Бодрийярдың постмодерндік көзқарасы осындай 
болған».
(Kellner, 1989c:118)
Осы талдаудың өзгешелігіне қарамастан, Symbolic Exchange and Death 
(«Символикалық айырбас және өлім») ([1976] 1993) еңбегінде Бодрийяр өзін
оғаш, сотқар, әдепсіз, жұмбақ, ойнақы немесе, Келлнер айтқандай, «карна вал-
дық» сипатта көрсетеді. Бодрийяр қазіргі қоғамды бақилық мәдениет ретінде 
қарастырады, мұнда өлім «барлық әлеуметтік шеттету мен кемсітушілік үл-
гісі» ретінде айқындалады (Kellner, 1989c:104). Өлімге баса назар аудару шы-
лық өмір мен өлімнің бинарлық қарама-қайшылығын бейнелейді. Керісінше, 
сим воликалық айырбасқа тән қоғам өмір мен өлімнің арасындағы бинарлық 
қарама-қайшылықтарды (сонымен қатар бақилық мәдениетпен қатар жүретін 
шеттету мен кемсітушілікті) жояды. Өлім мен шеттетуге қатысты қорқыныш 
адамдардың тұтыну мәдениетіне одан әрі тереңдеп енеді.
Заманауи қоғамның қолайлы баламасы ретінде символикалық алмасуды 
ұсыну Бодрийяр ([1979] 1990) үшін тым қарапайым болып көрінді, сондықтан 
ол сиқырлықты «постмодернизмнің қолайлы баламасы» деп қарастырды.
Қызығушылық «таза және қарапайым ойындарды, бір сәттік еліктеушілік-
ті» қамтиды (Kellner, 1989c:149). Бодрийяр қызығушылықтың мағынасызды-
ғына, шексіздігіне, «ақылсыздығына» және иррационалдығына қарамастан, 
еліктеу күшін жоғары бағалайды.
Ақырында, Бодрийяр шарасыздық теориясын (fatal theory) ұсынады. Осы-
лайша, өзінің «Америка» атты кейінгі еңбектерінің бірінде Америкаға жаса-
ған сапарында «болашақ апаттың аяқталған нысанын» іздегенін атап өткен
([1986] 1989:5). Мұнда, Маркстегідей, революция жасауға үміт жоқ. Тіпті 
Дюркгейм үміттенген қоғамды реформалау мүмкіндігі де жоқ. Керісінше, біз 
көшірмелердің арасында, әсірешынайылықта өмір сүруге және барлық нәрсе-
лердің түсініксіз тұңғиыққа кетуіне куә болуға мәжбүрміз.
Бір қызығы, 11 қыркүйектегі оқиға нәтижесінде, Бодрийяр гипер-шынайы-
лыққа қатысты өзінің ең орнықты, түбегейлі, постмодерндік тұжырымдарының 
кейбіреулерінен бас тартты. Бодрийяр әсірешынайылық сипаттамасының бі-
рінде қазіргі заман «әлсіз оқиғалармен» сипатталатынын атап өткен (Kellner, 
2011). Әлсіз оқиғалар – кодтың негізгі функциясын және әсірешы найылықты 
өзгертпейтін тарихи оқиғалар. Осы рухта, мысалы, Бодрийяр 1991 жылы «Пар-
сы шығанағы соғысы ешқашан болмады» деп мәлімдеді (Baudrillard, 1995). 
«Керісінше, 9/11 оқиғасы – «күшті оқиға», ақырғы оқиға, барлық оқиғалардың 
төресі, бұрын-соңды болмаған барлық оқиғаны біріктірген таза оқиға» (Kellner, 
2011:331). Келлнер 9/11 оқиғасы Бодрийярдың әлеуметтік теориясын өзгер-


718
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тіп, оның айырмашылықты, қақтығысты, терро ризмді және жаһандық капита-
лизмді талдауына себеп болды деп болжайды. Бодрийярдың алдыңғы идеясы-
на сүйенсек, код өз жолындағының бәрін жұтады және сіңіріп алады. Ол енді
«жаһандық капитализм жүйе ішіндегі барлық қақтығыстарды «жұту» қабілеті-
нен айырылды» деп тұжырымдады. Бұл, өз кезе гінде, әлемге орасан зор әлеу-
меттік өзгертулер жасауға мүмкіндік тудыратынын айтты. Бұл әлемде әлеумет-
тік өзгерістерге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет