722
III
бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Бұл тарау әлеуметтану теориясының заманауи тарихындағы маңызды және өзара байла-
нысты оқиғалардың кең ауқымын қамтиды. Осы оқиғалардың көбі лингвистикадағы рево-
люция мен тілдің негізгі құрылымдарын іздестіруге әкелді. Структурализм антропология
(әсіресе Леви-Стросс) және марксизм теориясы (атап айтқанда, құрылымдық марк сизм)
секілді бірқатар салалармен байланысты болды.
Структурализм әлеуметтік теорияшылардың ой-пікіріне
әсер етуіне қарамастан,
постструктурализм деп аталатын қозғалысты тудырды. Атауынан көрініп тұрғандай, пост-
структурализм структуралистік бағыттың идеяларына негізделген, бірақ олардан тыс ой-
лаудың ерекше амалын көрсете білді. Постструктурализмнің ең танымал өкілі – Мишель
Фуко. Ол өзінің бірқатар еңбектерінде көптеген жылдар бойы
ықпалды болатын теориялық
идеяларды ұсынды. Сондай-ақ Джорджио Агамбеннің еңбектері, әсіресе оның қорғансыз
өмірге, ерекше жағдай мен лагерьге қатысты көзқарастары маңызды.
Постструктурализмнің ұдайы дамуы ішінара постмодерндік теория деп аталатын ба-
ғыттың қалыптасуына әсер етті. Постмодерндік ойлар архитектура,
философия, өнер және
әлеуметтану секілді салаларға әсер етті. Постмодерндік әлеуметтік теориялардың көптеген
түрлері бар, осы тарауда біз Фредрик Джеймисон ұсынған постмодерндік әлеуметтік тео-
рияның шектеулі нұсқасын және Жан Бодрийяр ұсынған экстремалды баламасын қарас-
тырдық. Постмодерндік әлеуметтік теория әлеуметтану теориясын сынайды.
Әлеуметтану
теориясының көптеген қағидаларына қарсы шығып, одан түгелге жуық бас тартады. Бұл
тарауда постмодерндік әлеуметтік теорияның бірқатар маңызды қателіктері, пост-постмо-
дерндік әлеуметтік теорияның маңыздылығы талқыланды және постмодерндік теорияның
кейбір маңызды жаңа баламалары қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: