732
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
айырмашылықты қалыптастырудағы әлеуметтің рөлін (A. Green, 2002) елеусіз
қалдырады. Егер бірегейлік іс-қимылдың мотивациясы болмаса, онда әділет-
тілік үшін ашық айқасқа шығатын топтар қалай ұйымдасып, қалай күреседі?
Сондай-ақ квир теориясы теориялық дискурсқа неғұрлым көбірек қатысқан
сайын, соғұрлым оның революциялық потенциалы бәсеңдей түсетіні жайлы
дәлелдер бар. Гальперин (1995:113): «Бұл теория
нормативтік ака демиялық
пәнге айналу барысында шындықтан алыстай береді», – деп атап өткен бола-
тын. Бұл теория академиялық ортада бекітілген соң өзгеру қабілетін жоғалта-
ды; бір қалыпқа түсе отырып, өзіндік дара сипатынан айырылады.
Кейбір зерттеушілер осы сынды ескере келіп, квир теориясын акторлар-
дың орны мен өмірлік тәжірибелерін әлеуметтік тұрғыдан икемді және саяси
тұрғыдан ақылға қонымды етіп жасаудың жолдарын іздестіруде. Макс Кирш
(2000) соңғы нұсқадағы сәйкестендірудің негізін сақтау үшін
өзімізді сәйкес-
тендіру мәселесінен алшақ ұстап,
белгілі бір зат арқылы сәйкестендіру және
белгілі бір затқа сәйкестендіру арасындағы айырмашылықты ажыратуымыз
қажет екенін айтады. Осылайша, сәйкестендіру «жеке
анықтама категориясы
емес, байланыс орнату тәсілі» ретінде қолданылады (Kirsch, 2000:7). Осындай
бағыт бірегейлікті эссенциализациялау немесе нақтыландыру қаупіне қатыс-
ты квир теориясына айтылған сынды қолдайды, сонда ғана ол ұжымдық әлеу-
меттік әрекеттің қуатты құралы болып қала беруі үшін бірігу арқылы бірегей-
лікті сақтауға қабілетті.
Адам Исайя Грин
(2002) квир теориясының екі ба ғытын анықтады. Бірінші-
сі –
радикалды деконструктивті, «жыныстық
айыр машылықтың институттық
ұйымдастырылуын ерекшелеу арқылы гомосексуал объектіге постмодерндік
тұрғыдан өзін-өзі бағалауға мүмкін дік береді» (Green, 2002:523). Екіншісі –
радикалды диверсия, «жыныс тық айырмашылыққа қатысты күрделі даму про-
цестерін жеңілдете отырып, гомо сексуалды объектіге саяси маргиналды тұр-
ғыдан өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді» (Green, 2002:523). Әрбір бағыттың
негізінде акторлардың материалдық маңызды және институттық тұрғыдан
тәуелді жағдайларына жеткілікті көңіл бөлінбейтіні көрінеді. Грин (2002:537)
осылайша «қисынсыз
теорияны нақты, эмпирикалық тақырыптық зерттеулер
арқылы» жыныстық айырмашылықты зерделеуге шақырады.
Алайда бұл сын-пікірлер қазіргі әлеуметтік теорияға квир теориясының ти-
гізген маңызды әсеріне нұқсан келтірмейді. Квир теориясы жыныстық айыр-
машылық, әсіресе квир жыныстық айырмашылық саласын айқындайды, бірақ,
жалпы алғанда, ол әлеуметтік теорияны сипаттайды. Біреулер үшін бұл жы-
ныстық айырмашылық пен құмарлық қоғамдық өмірдің ұзаққа созылатын
басты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни кез келген маңызды әлеуметтік тео-
рия өзінің
зерттеу саласында гендер, жыныс және жыныстық айырмашылық-
ты қамтуы қажет. Сонымен қатар квир теориясы түрлі жыныстық айырмашы-
лықтардың қалай пайда болып, қалай дамығанын түсінуге мүмкіндік береді.
Квир теориясы біздің қоғамның алдын ала белгіленген әлеуметтік және физи-
калық рөлдердің ауытқушылығын дұрыс қабылдай алатынымызды көрсетеді.
Кері сінше, әлеуметтік өзгерістерге ұмтылған барлық әлеуметтік теориялар
рухында бұл теория органдар мен рөлдердің жаңа
тіркестерімен ойнау арқылы
әлеуметтік қатынастарды және әлеуметтік институттарды барынша әділ және
қанағаттанарлықтай ете аламыз деп тұжырымдайды.