Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет486/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ескертпелер


18
XXI ғасырдағы 
әлеуметтік теория


725
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Квир теориясы 
Актор-желі теориясы. Постгуманизм және постәлеуметтік 
Аффект теориясы 
«Өндіріп-тұтыну» теориясы
Тарау мазмұны
С
оңғы тарауда кейінгі 20 жылда әлеуметтік теорияда маңызды деген бір-
неше теорияны сипаттау арқылы мүмкіндігінше қазіргі заманға
сай тео-
рия ұсынуды мақсат еттік. Олардың алғашқысы – жыныстық айырма-
шылықты, соның ішінде жыныстық сәйкестендірудің пайда болуын, зерттей-
тін квир теориясы (Queer Theory). 12-тарауда қарастырылған кейбір феминис-
тік теориялар сияқты, квир теориясы гендерлік, жыныстық және сексуалдық 
әлеуметтік құрылымдар деп бекітеді. Бұлар постмодерн және постструктура-
листік бағыттарда (17-тарау) бірегейлік (identities) емес, оған қарағанда айны-
малы және өзгермелі құбылыстар ретінде бейнеленеді. Квир теориясы гендер 
және жыныстық айырмашылық жайлы идеялары үшін ғана емес, осы кітапта 
берілген теориялармен бәсекелесе алатын, қоғамның ерекше теориясын ұсы-
натындықтан, назар аударуға әбден лайықты.
Мұндағы тағы бір үлкен зерттеу саласы – ғылым және технологияның 
заманауи қоғамға әсері. Алдыңғы әлеуметтік теориялар ғылымды көптеген 
әлеуметтік институттардың бірі деп деп бағаласа, ғылым мен технологияның 
заманауи теориялары ғылымды қазіргі қоғам құрылысындағы ең өзекті пәр-
менді күш ретінде қарастырады. Осы даму саласының өкілі ретінде біз актор-
желі теориясын (actor network theory) және сонымен байланысты постгума-
низм, постәлеуметтік теорияларын сипаттаймыз. Біздің байқауымызша, бұл 
теориялық перспективалар да бірегейлік мәселесіне бағытталған. Зама науи 
тұрғыда бірегейліктің құрылымы ғылыми идеялармен және тәжірибелермен 
қалыптасады. Бұл әсіресе осында ұсынылған аффект теориясы атты тео-
риялық зерттеу саласына қатысты. Аффект теориясы – әлеуметтік теория-
дағы ең соңғы жетістіктердің бірі. Бұл көптеген постмодернистер мен пост-
структуралистер идеяларында бейнеленеді және көбінесе оған мәдениеттану 
саласындағы еңбектер ықпал еткен. Қысқаша айтқанда, аффект теориясы 
әлеуметтік деңгейлер мен бірегейліктер арқылы аффективті немесе эмоция-
лы процестердің туындау себебін зерттейді. Аффект теорияшылары өздері 
келтірген дәлелдер негізінде әлеуметтік өмір аффект арқылы басқарылатын 
дәуірге келгенімізді айтады.
Осы тараудың соңғы бөлімінде «өндіріп-тұтыну» теориясымен (prosump 
tion theorу) танысамыз. «Өндіріп-тұтыну» теориясы 1980 және 1990 жыл-
дары дамыған тұтыну теорияларынан өсіп шыққан. Бұл теория өндіру және 
тұтыну сияқты ұғымдарды өндіріп-тұтыну ұғымымен алмастыруды ұсынады.


726
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Өндіріп-тұтыну – адамдар бір мезетте өндіретін және тұтынатын экономика-
лық іс-әрекет. Бұл теория өндіріп-тұтынушылар капитализмі дәуіріне енгені-
мізді айтады. Осы бөлімде талқыланған басқа теориялар сияқты, бұл теория да 
бірегейлік мәселесін қозғайды (көптеген адамдар өздерін өндіріп-тұтынушы-
лар (prosumers) рөлінде анықтайды). Сонымен қатар сандық және ақпараттық 
технологиялардың қазіргі тұрмысымызда атқаратын рөлін зерттеуге қызығу-
шылық танытатын озық бағыттармен жанасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет