Алеуметтану тероиясы indb


18-тарау • XXI ғасырдағы әлеуметтік теория Актор-желі теориясы



Pdf көрінісі
бет491/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

733
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Актор-желі теориясы 
Постгуманизм және постәлеуметтік
Актор-желі теориясы (әрі қарай – АЖТ) – ғылым мен технологиялық зерттеу-
лердің анағұрлым кең саласын қамтитын ықпалды перспектива. Әлеуметтану 
мен әлеуметтану теориясында ғылым мен технологиялық зерттеулер тарихы 
тереңнен басталады.
Мысалы, 1970 жылдары Роберт Мертон (7-тарауды қара ңыз) ғылымды 
зерттеудің функциялық тәсілін қолданды. Ол ғылымды нормалармен басқа-
рылатын орта деңгейдегі әлеуметтік институт ретінде қа растырды. Басқа тео-
рияшылар зертханалық тәжірибелерді зерттеуде этно графиялық және этноме-
тодологиялық тәсілдерді (10-тарауды қараңыз) пайда ланды. Мысалы, Бруно 
Латур және Стив Вулгар (1986) Калифорниядағы Солка институтының зерт-
ханасында жұ мыс істегенде АЖТ (ANT-Actor-Network Theory) талдауының 
кейбір негізгі терминдерін жарыққа шығарды. Басқалары ғылымды бәрінен 
бөлек мәдениет тану, феминизм және нәсілдік теория тұрғысынан зерттеді (see 
Hess, 1997). Мертонның көзқарасымен салыстырғанда, кейінгі позициялар ғы-
лымды әлеуметтану тұрғысынан талдау үшін көптеген қолжетімді, тәуелсіз 
әлеуметтік институттардың бірі ретінде қарастырмайды. Керісінше, ғылым 
барған сайын қоғамды ұйымдастыруға және бірегейліктерді қалыптастыруға 
бағытталған білім мен практиканың формасы деп талдайды. Шын мәнінде, 
ғылым, технология және қоғамның өзара байланысы үшін күрес барысында 
ғалымдарға жаңа теориялық тілдерді дамытуға тура келді. Қоғам, осылайша, 
ғылыми көзқарас арқылы қайта қарастырылды.
АЖТ – әлеуметтану теориясын қайта қарастырудың ең тиімді мысалдары-
ның бірі. Дегенмен осы бөлімде біз АЖТ тұжырымдамаларының кейбіреуін қа-
растырамыз, ал қоғамның тек адамзат акторларынан құралмағаны ең маңызды 
идея болып саналады (Latour [1993] says it never has been). Керісінше, қоғамды 
адамзаттық және адамзаттық емес субъектілерді (мысалы, жануарлар, электрон-
дар, компьютерлер және т.б.) «ұжымға» біріктіретін жетістік деп атауға болады 
(Latour, 2007:14; for more on nonhumans, see Donna Haraway, 1991, 2008). Латур 
қоғам терминін ұжым терминімен алмас тырады, өйткені «қоғам», кем дегенде
дәстүрлі түрде түсіндірілгендей, адам әрекетін сырттан бағыттап отыратын бел-
гілі бір трансценденттік тіршілік иесінің болуын білдіреді. Бұл жерде ол қазіргі 
әлеуметтанудың және әлеуметтік теорияда қалыптасқан Дюркгеймнің әлеу-
меттік факті туралы тұжырым дамасын ерекше сынға алады.
3
Ғылым мен тех-
нология тәжірибесі немесе тех ноғылым осы желілік ұжымдарды қалыптастыру-
да шешуші рөл атқарады, өйткені практик-мамандарға акторларды осыған дейін 
елестетудің өзі мүмкін болмайтын жиындарға біріктіруге мүмкіндік береді. Мы-
салға, жоғары қуатты мик роскоп биологке жаңа биологиялық агентті «тауып», 
сол арқылы ұжымды «то лықтыруына» мүмкіндік береді. Осы бөлімнің соңына 
қарай қарастырылатын гуманизм және постгуманизм теорияларында адамзат-
тық және адамзаттық емес агенттердің желісін құруға баса назар аударамыз.
Джон Лоудың айтуынша, «актор-желі теориясы – «семиотиканы қатал қол-
дану. Бір тіршілік иелері басқа тіршілік иелерімен қарым-қатынас барысында 
өз формаларын қабылдап, өз атрибуттарына ие болады. Бұл заттар схемасын-
да тіршілік иелері бірегей қасиеттерге ие болмайды» (J. Law, 1999:3). Субъек-
тілердің салыстырмалы идеясы бірқатар теориялық перспективаларды алға 
тартады. Мұнда материалдық объектілер басқа объектілермен қарым-қатынас 


734
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
желісінде қалыптасып, жаңа мағынаға ие болады. Осылайша, «актор-желі тео-
риясын материалдық семиотика деп түсінуге болады. Ол субъектілердің өз ара 
қарым-қатынас барысында пайда болатын салыстырмалы сипатын се мио тика-
лық тұрғыдан түсінуді талап етеді және оны тек лингвистикалық сипатта емес, 
«барлық материалдарға» қатысты қолданады (J. Law, 1999:4).
Бұл перспектива көбінесе структурализмге қатысты, бірақ басқа негізгі АЖТ 
перспективалары постструктурализмнен алынған. Жоғарыда аталған – антиэс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет