Алеуметтану тероиясы indb


Гетеросексуалды/гомосексуалды бинарлық



Pdf көрінісі
бет488/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Гетеросексуалды/гомосексуалды бинарлық
Квир теориясы көбінесе постструктуралистік философияға сүйенеді. Пост-
структуралистердің айтуынша, тіл – әлеуметтік шындықты құрайтын және 
реттейтін күштер жүйесі. Заманауи Батыста шынайылық мынадай лингвис-
тикалық «бинарлықтар» арқылы құрастырылған: ерге қарсы – әйел, аққа қар-
сы – қара, ішкіге қатысты – сыртқы және заманауи жыныстық айырмашылық-
тың мысалында гетеросексуалдарға қарсы – гомосексуалдар. Бұл категория-
лар адамдардың белгілі бір уақыт пен кеңістікте кім бола алатынын және не 
істей алатынын анықтайды. Деконструкция техникасы арқылы постструкту-
ралистер осы би нарлықтар табиғи жолмен пайда болғанымен, шындығында, 
лингвистикалық құбылыстар екенін көрсетті.
Мысалы, осыған дейін 17-тарауда толық талқыланған Мишель Фуко көп 
ретте квир теориясына үлкен ықпал жасаған тұлға ретінде қарастырылады. 
History of Sexuality («Сексуалдық тарихы») (1978) атты еңбегінің бірінші 
томында Фуко ХІХ ғасырдағы жыныстық айырмашы лық, гомосексуализм, 
гетеросексуализм құбылысын бақылайды. Аталған тарихи кезеңге дейін жы-
ныстық бірегейлік туралы бүгінгі мағынасындағыдай түсінік болмаған. Бұл 
түсінік бір жынысты адамдардың жыныстық қатынасқа түсу әрекетін біл-
дірмеген. Өнеркәсіп пен тұрмыстық өмірдің түбегейлі өзгеруіне орай, пси-
хо анализ және сексология сияқты жыныс туралы ғылымдардың дамуы жы-
ныс тық қатынастарды сәйкестендіруге жол ашты. XX ғасырда пайда болған
гомосексуализм тұжырымдамасы содомия актісі гомосексуализмнің өзіндік
ерекшелігі екенін айқындады. Сонымен қатар гомосексуализм – гетеросек-
суал дыққа қарағанда өзіндік ерекшелігі бар жаңаша ұғым. Постструктура-
лизмнің логикасына сүйене отырып, квир теориясы «бинарлық, гетеросек-
суалдық және гомосексуалдық бір-бірін анықтап, бір-бірінің мағынасын өзара 
аша түседі» деп пайымдайды. Бұл бинарлық жыныстық құмарлық пен жалпы 
әлеуметтік өмірдің заманауи формаларын бейнелейді.
Тепе-теңдік бинарлықтан тұратыны жайлы идеядан басқа тағы бір негізгі 
постструктуралистік идея бинарлы құрылымдағы элементтердің бірі екінші-
сінен төмен болатынын алға тартады. Мысалы, патриархалды қоғамда ер адам 
(masculinity) әйел адамнан (femininity) бір саты биік тұрса, ХХ ғасырда нәсіл-
шілдік ушыққан Америкада (жоғарыда талқыланғандай, тіпті осы кезде де) ақ 
нәсілділер өздерін қарадан жоғарымыз деп есептеді. Сонымен квир теорияшы-
лары гомосексуалды бірегейлік гетеросексуалды біре гейлікке қарағанда кейі-
нірек қалыптасқанын айтады. Шындығында, заманауи Батыстың қоғамдық 
өмірі алдын ала болжанған табиғилықтың басымдығы және гетеросексуал-
дықтың үстемдігі төңірегінде қалыптасқан. Басқаша айтқанда, заманауи әлеу-
меттік өмір Джудит Батлердің (1990) гете росексуалды матрица деп атаған 
ұғымын басшылыққа алады. Гетеросексуалды ма трица гетеросексуалдықты 
сексуалдықтың табиғи формасы ретінде көрінуіне мәжбүр ететін мәдени не-
гіздеме. Сонымен қатар гетеросексуалды матрица мін детті гетеросексуалдық-
ты (compulsory heterosexuality) енгізді (Rich, 1980). Бұл – қала маңындағы 
орта таптың тұрмыс салтымен қатар өрбитін гетеросек суалдықтың бірден-бір 
өміршең, түсінікті һәм қадірлі формасы болып табы лады. Құмарлықтың бас-


729
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
қа кез келген көрінісі табиғи емес, адамшылыққа жат, азғындық деп саналды. 
Мұндай түсінік жиі наразылық тудырып, кейде зорлық-зомбылыққа апарып 
соқтырады.
Квир теорияшы Ив Кософски Седжвик (1985, 1990) заманауи жыныс-
тық мәдениеттің логикасын өзінің қойма эпистемологиясы (epistemology of 
the closet) ұғымы арқылы әрі қарай дамытады. Эпистемология – адамзаттың 
әлемді тану жолдарын зерттейтін философия саласы. Қойма – бірегейлік 
қауіпсіз оңаша жерде жасырын ұсталатын қазіргі танымал идеямен тамыр-
лас. Седжвик гетеросексуалдық пен гомосексуалдық арасын дағы қатынас 
жыныстық айырмашылықтың заманауи белгілі жолдарын қалай қалыптас-
тыратынын түсіну үшін «қойма» ұғымын талдайды. Гомосексуалдық гете-
росексуалдыққа қарағанда ұятты, ерсі әрекет деп есептелгендіктен, жал пы, 
бұл тәуелділік жасырын ұсталады, талқыланбайды және жабық сана лады. 
Бұл қазіргі бірегейліктің орталық компоненттерінің өсуіне мүмкіндік берді. 
Гетеросексуалдықтың ашық қоғамдық бейнесімен салыстырғанда, гомосек-
суалдық және басқа квир жыныстық айырмашылықтар көбіне се жасырын 
аумақтарда дамиды. Ұят сезімі квир бірегейліктерімен байланыс тырылды. 
Сондай-ақ, әсер ету теориясының бөлімінде көріп отырғанымыздай, бұл 
ұғым сөзсіз және өзгермеген болса, ұят қоғамдық бақылау алдында адам ды 
дәрменсіз күйге түсіреді. Аффект теориясы бөлімінен көретініміздей, тал-
қыланбай тұрған кезде ұят адамдардың әлеуметтік бақылауға дәрменсіздігін 
тудырады (9-тарауда сипатталған Шеффтің еңбектерін қараңыз). Сонымен 
қатар оны қоймамен сәйкестендіру нәтижесінде байқағанымыздай, жасырын 
«сыртқа шығару» әрекеті соңғы 30 жылдағы тәжірибе ерекшеліктерінің ар-
тық шылығын немесе кемшілігін айғақтайды.
Ақырында, гомосексуалдық қоғамнан жасырын болғандықтан, гетеросек-
суал өзі мен квир жыныстық арасындағы қарым-қатынасты түсінуге дәрмен-
сіз. Осы күнге дейін сипатталғандай, квир теорияшылары гомосексуалдық 
және гетеросексуалдық арасындағы қатынас өзара конструктивті екеніне 
дауласып келеді. Одан әрі психоана ли тикалық теорияға сүйенсек, квир тео-
рияшылары 
«жыныс, жалпы алғанда, жік телмейді және қатаң бекітілмейді» 
деп сендірді. Есесіне жыныстық құмарлық айнымалы және өзгеруге бейім. 
Құмарлық қатаң категорияларға тек тарихи және әлеуметтік процестер арқы-
лы ғана бөлінеді. Осыған сәйкес, квир теорияшылары мынадай диверсиялық 
болжам айтады: «Гетеросексуал тұлғалар квир-жыныстық мүмкіндігін қам-
тиды». Әлеуметтік институттар квир-жыныстық сезімді мойындамай, басып 
тастағанымен, оны жоя алмайды, тек бүркеме лейді. Бұл қауіпті болуы мүм-
кін. Мысалы Седжвик (1990) гомосексуалдық дүрбелең – гомосексуалдықтың 
гетеросексуалды қоғамда тудыратын қор қынышты және қуатты реакциясы 
(көбінесе гомофобия ретінде сипатталады) – квир құмарлықты жасырын ұс-
таудың нәтижесі деп сендіреді. Гомосексуализмді біржолата жоққа шығара 
отырып, гетеросексуалды мәдениет квир-жыныстың қоғамдық көріністеріне 
қарсы соққы береді. Джудит Батлер (1990) өз ойын тұжырымдай келіп, «қа-
зіргі Батыс адамдары гомосексуалды меланхолияға ұшыраған» деп түйіндейді. 
Гомосексуалды меланхолия – гетеросексуалды мәде ниет өзінің гомосексуал-
дығын мойындамаған кезде пайда болатын үздік сіз мұң сезімі. Бұл мысалдар-
дың екеуінде де, тіпті мойындамаған күннің өзінде, гомосексуалды құмарлық, 
яғни заманауи субъектінің квир даралығы гетеросексуалдыққа қарсылығын 
жалғастыруда және тура осылай кері бағытта қайталанып отырады. Квир


730
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
теориясының міндеті – квир-құмарлық әлеуметтік мәдени өмірдің құрамдас 
бөлігі екенін және оның пайда болу жолдарын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет