746
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
екенін тұжырымдайды. Неврологтер анықтағандай, заттардың енуі – «біреудің
немесе бір топтың жүйке-гормондық жүйелерінің басқалармен қоса-қабаттасу
процесі» (Brennan, 2004:9). Қызығушылықтар адамдарды бір-бірінің саласына
тартады, сөйтіп олардың арасында қарым-қатынас қалыптасады.
Химиялық байланыс әлеуметалды байланыстарды қалыптас тыруы мүмкін,
бірақ қақтығыс пен үстемдік тудыруы да ықтимал. Мысалы, басқа біреу жаса-
ған феромондар бір адамға жүктелуі мүмкін. Бұл бейсаналық, аффективті үс-
темдіктің бір түрі – психикалық және әлеуметтік үстемдік өрістейтін жерден
бөлек алаңдар. Атмосфера идеясына орала отыра, Бреннан «химиялық байла-
ныс белгілі бір сезіммен және иіспен сипатталатын бірегей топтық атмосфера-
ны құра алады» деп пайымдайды. Дәл осы атмосфералар топтық өмірдің тұ-
рақты, байыпқа салушы серігі саналатындықтан, олардың маңызы байқалмай
қалады.
Бұл мысалдардан аффективті өрісті саладағы жеке қатысушыларға ығыс-
ты руға болмайтынын байқаймыз. Аффективті өріс, басқаша айтқанда, жеке
тұлғааралық алмасудың нәтижесі ғана емес, сондай-ақ ол өзіндік бірегей сала
(see also Sloterdijk, [1998] 2011). Айтып өткеніміздей, ол өзінің аффективті
логикасына сәйкес жұмыс істейді және сезімнің анықталмаған артықшылы-
ғымен сипатталады. Шындығында, әлеуметтік және саяси үстем дікке қарсы
күресу үшін аффект теорияшылары «анықталмаған аймақтарға» назар ауда-
рып, олардың мүмкіндіктерін ұлғайтуға тырысады (Massumi, 2010:66). Анық-
талмаған аймақ – іске асырылмаған мүмкіндіктерге толы аффективті, ортақ
кеңістік. Ол әрбір қарым-қатынаста және әлеуметтік құрылымда бар, саяси
бақылау мен үстемдікке қарамастан, мүмкіндіктері шек телмейді. Яғни аффект
әрекет пен қарым-қатынастың көптеген жол дарын реттей отырып, қазіргі кез-
де капиталистік қоғамды ұдайы қалпына кел тіруге мүмкіндік беретін саяси
экономикалық құрылымдарға барынша ықпал етуде.
Достарыңызбен бөлісу: