740
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Сейгворт
(2010) аффект теориясының негізін қалаушы деп тұжырымдаған
эссе жайлы Седжвик (сондай-ақ квир теориясы аясында талқыланған) пен
Франк былай деген:
«Біз нәсілшілдік, сексизм, гомофобия немесе басқа биологиялық түр-
лердің тарихи жалғасуынан пайда болған
қазіргі заманғы көптеген
сыни жобалардың әрекетін шектеуге ешқандай қызығушылық танытпай-
мыз. Сонымен бірге біз «теорияның» негізгі қағидалары – авто мат танды-
рылған антибиологизмді орнатудан қорқамыз».
(Sedgwick and Frank, 1995:15)
Басқа да маңызды
виртуалға арналған мысалдар мәтінінде Брайан Массу-
ми мәдени және әлеуметтік теорияның жаратылыстану ғылымдарынан тым
жылдам алшақтағанын ескертеді:
«Қазіргі мәдениеттану теориясында әлеуметтік конструктивизмнің
барлық түрі, табиғатпен қоса алғанда, дискурста құрылған деген ортақ
түсінікті ұстанады… Ең нашар солипсист сценарий (solipsist scenario)
жағдайында табиғат мәдениетке (оның құрылымдық бөлшегі ретінде)
тиесілі болып саналады... Табиғат пен мәдениет ұғымдары түбегейлі
қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талап әсіресе жансыз заттардың
адамдармен белсенді қарым-қатынастарында өзгеріске түсіп отыраты-
нын көрсетеді.
(Brian Massumi, 2002:38 –39)
Жоғарыда талқыланған актор-желі теориясы секілді, аффект теориясын-
да адамзаттық емес субъектілердің агенттері маңызды
рөл атқарады және бұл
басқа агенттердің қарапайым мәдени конструкциялар екенін сынайды. Кері-
сінше, табиғат – мәдениетпен, тілмен және т.б. қарым-қатынасқа түсетін «ав-
тономды» күш. Мәселе – табиғат пен мәдениеттің бір-біріне қалай әсер ететі-
нін түсінуде.
Әрине, әлеуметтік теорияшылар көп жыл бойы жаратылыстану ғылымда-
рының табыстарына сүйенді.
Әлеуметтік биология – эволюциялық және әлеу-
меттік теория тұжырымдарын біріктіретін өте ықпалды әлеуметтік-теориялық
тұжырымдама (F. Nielsen, 1994). Дегенмен аффект теориясын әлеуметтік био-
логиялық сияқты басқа тұжырымдамалардан ажырата білу маңызды. Кей бі-
реулер нормативтік әлеуметтік идеяларды насихаттау әлеуметтану теория-
шыларына мықтап әсер етті дейді. Әлеуметтік-биологтер жыныстық және
гендерлік мінез-құлықтағы айырмашылықтар генетикалық негізге тән екенін
айтады. Бұл,
жоғарыда көргеніміздей, квир теорияшыларының дау тудыратын
көзқарасы. Сонымен қатар аффект теорияшылары тарапынан да қарсы пікір
айтылатыны сөзсіз.
Әлеуметтік биология – редуктивистік ғылым (reductivist science). Ол
қоғамдық өмірді негізгі генетикалық және эволюциялық процестер деп са-
найтын құбылыстар арқылы түсіндіруге тырысады. Керісінше, аффект тео-
риясы жаратылыстану ғылымдарының нәтижелерін толығымен қолдануға
ден қояды. Ол биологияға дербес билік береді, сонымен қатар зерттеулерге,
әлеуметтік процестерге байыпты қарайды. Өмірдің бір деңгейі басқалары-
741
18-тарау
•
XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
на теңестірілмейді,
керісінше, олар бір-бірімен араласады және өзара ықпал
етеді. Бұл тұрғыда аффект теорияшылары биологияны белгілі құрылымдар
мен механизмдердің нақты жиынтығы емес, процесс ретінде, яғни үнемі
өзгеретін және динамикалық процесс ретінде қарастыратын өмір туралы
ғылымдардың дамуына сүйенеді (Blackman and Venn, 2010; Fraser, Kember
and Lury, 2005). Бұл процеске бағытталған зерттеу ғылымның жетістіктерін
постструктуралистік және постмодернистік ойларға негізделген әлеуметта-
ну ұғымдарын ұсынады.
7
Аффект теорияшылары ұсынған екінші маңызды
талап – біздің аффективті процестер арқылы басқарылатын қоғамда өмір
сүріп жатқанымыз. Бұл түсінік әлеуметтік өмірдегі
лингвистикалық және
символикалық процестер арқылы реттелетін бұрынғы постмодернизмге
қатысты қайта қаралуы мүмкін. Фуконың постструктурализмде нені тео-
риялағанына қара мастан, Патрисия Клаф (2003, 2004) денені тілге тәуелсіз
әсер ете алатын биологиялық бірлік емес, дискурсивті күштердің өнімі деп
қарастырады. Бұл аффект тұжырымдамасы бұрынғы дәуір ге қатысы жоқ де-
генді білдірмейді. Аффект теориясына әсер еткен негізгі философиялық тұ-
жырымдардың екеуі әртүрлі уақытта және әртүрлі мекенде жазылған: гол-
ландтық философ Барух Спиноза XVI ғасырда, француз философы Анри
Бергсон XIX ғасырда өмір сүрген. Дегенмен соңғы 30
жылдағы маңызды
әлеуметтік, ғылыми және технологиялық өзгерістер аффект тұжырымдама-
сының өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
Мысалы, антидепрессанттар сияқты психотроптық препараттарды кеңі-
нен қолдану адамдарға тікелей, күнделікті өмірінің бір бөлігіндей, физика-
лық аффектіні өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл көңіл күймен сезімдерді өз-
герту – өткен ұрпақ пайдаланған сұхбат терапияларынан өзгеше. Антидеп-
рессанттар тікелей дененің нейрохимиялық жүйелеріне әсер етсе, сөйлесу
терапиясы көңіл күйді өзгерту үшін айналмалы лингвистикалық әдістерді
қолданады. Аффект теорияшылары аффект және заманауи тұтынушылық мә-
дениеті (Featherstone, 2010) арасындағы қарым-қатынасқа үлкен мән бере-
ді, сондай-ақ жаңа медиа мен цифрлық технологиялардың аффективтік жү-
йелерге бұрын-соңды болмаған дәрежеде ықпал етуін талқылайды (Hansen,
2004). Аффект теориясы Зигмунт Бауман мен Арджун Аппадураи анықта-
ған жаһандық ағымдар арқылы жұмыс істейтін әлемде өте өзекті (14 және
16-тарауларды қараңыз). Аффект танымнан немесе
сөзден гөрі қуатты әрі тез
әсер етеді. Біз оны көріп немесе естуден бұрын сезе аламыз. Шындығында,
тіл бір қалыпта сақталған жағдайда аффект процесі іске асады (бірақ, көріп
тұрғанымыздай, оны ұстап тұруға және басқаруға болады). Қазіргі халықты
басқару жолдарын табу үшін әсердің әртүрлі әлеуметтік процестер мен тә-
жірибелер арқылы қалай «қамтылатынын» түсіне білу керек (Clough, 2008:3;
Massumi, 2002:35).
Достарыңызбен бөлісу: