Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет494/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

(terraincognita) АЖТ-ның ең қызықты аспектілері екенін дәлелдейді, өйткені 
олар біздің надандығымызды және өзгеріске бейімдік деңгейімізді көрсетеді» 
деп тұжырымдауы қызықты факт.
Оның ғылыми-зерттеулері, негізінен, АЖТ-ның микроәдістеріне бағытта-
лады (микро- термині бұл тұрғыдан жағымсыз болса да): «Актор-желі зерт теу-
лері өздері қарастырып отырған желілердің бір бөлігі болуға тырысады
. Же-
ліні бақылау үшін оның қызметіне қатысты болу бірден-бір шарт» (Brownand 
Capdevila, 1999:43), немесе Латур (1999:20) сыпайылап былай дейді: «Біз үшін 
AЖТ этнометодологияның түсініктеріне адал болудың тағы бір әдісі болды: 
акторлар
5
не істеп жатқанын біледі және біз олардан не істеп жатқанын ғана 
емес, қалай және не үшін істеп жатқанын үйренуіміз қажет... Бұл – акторлар-
дан, олар әлем құрылысының мүмкіндіктерін алдын ала анықтамай-ақ, үйре-
нудің априори анықтамасы» (Latour, 1999:19–20). Шындығында, этнометодо-
логияға ұқсас, кейбір қолдаушылар АЖТ-ны теория емес, әдіс ретінде сипат-
тайды (Callon, 1999:194).
Модернді (14-тарау), постмодернді (17-тарау) Бруно Латурдың (1993:39) 
талқылауы тұрғысынан «модерндік әлем ешқашан болған емес» деген пікірін 
талдау қызықты. Бұл ұғым біздің премодернмен әлі күнге дейін ортақтығымыз 
көп екенін дәлелдейді. Басқаша айтқанда, шығу нүктелерін немесе бір дәуір 
аяқталып, екіншісі басталар нүктені нақты анықтау мүмкін емес деген ұғым-
ға саяды. Біз ешқашан модернге (премодернге, егер бұл маңызды болса), яғни 
қазіргі заманға сай болмағандықтан, енді постмодерн болуымыз тіпті ақылға 
қонымсыз. Осылайша, АЖТ премодерн, модерн және постмодерн арасындағы 
барлық айырмашылықты қабылдамайды. 
Ақырында, AЖТ-ның кейбір қолдаушылары осы көзқарасқа қатысты басқа 
ойшылдардың ұстанатын бағыттарын құптамайды. Сондай-ақ олардың тео-
рияға берген түсініктемелері мен шектеуге ұмтылыстарына көңілі толмайты-
нын атап өткен жөн.
 
Мысалы, Лоу (1999:9) теорияның атауына, жеңілдетілуіне және кешенді-
лігінің жойылуына алаңдаушылық білдірді.«Бұл теорияның мәні жеңіл-жел-
пі бірнеше афоризммен-ақ шектелді». АЖТ-мен тікелей байланысты жетекші 
тұлға былай дейді: «Актор-желі теориясымен жұмыс істемейтін төрт нәрсе бар, 
олар: акторжелітеория сөзі және сызықша. Бұл – табытқа қағылатын соңғы 
төрт шегедей!» (Latour, 1999:15). Осылайша, АЖТ-ның негізгі жақтаушылары 
әлеуметтік (және материалдық) әлемнің күрделілігін көрсетуге тырысатын 
теорияның, ең болмағанда, күрделілігін сақтауға ниеттенеді. АЖТ зиянкестер-
мен күрес (K. Moore, 2008), ұйқылы адамдар (Lee, 2008), метадонды қолдану 
(Valentine, 2007) және туризм (Vander Duim and Caalders, 2008) сияқты сан 
алуан мәселелер бойынша біршама зерттеулер жүргізді.
Актор-желі теориясын дамытуға постгуманизм мен постәлеуметтік идея-


738
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
лары ат салысты. Постгуманизм «гуманистікке қарсы, сондай-ақ одан тыс-
қары қозғалыс ретінде анықталады. Адамзатты адамзаттық емес әлемінен 
ажырату тұжырымдамасын... және білімді бөлек салаларға бөлуді қабылда-
майды» (Franklin, 2007:3548). Гуманистік әлеуметтанудың, әсіресе микро - 
әлеуметтанудың негізін қалағандықтан, постгуманизм бұл сала үшін күрде-
лі мәселе болып са налады. Дегенмен бұл жағдайда әлеуметтануды адамзат 
акторларынан тыс басқа да құбылыстардың кең ауқымына дейін кеңейтуге 
мүмкіндік туады.
Постәлеуметтік идея қоғамның дәстүрлі идеяларына параллель сынақ ту-
дырады. Қоғамдық қарым-қатынас жалғасуы мүмкін, бірақ оның маңыздылы-
ғы төмендейді (әлеуметтік нысандар әлеуметтік қарым-қатынастардан боса-
тылады) және жаңа формаларды қабылдайды. Қазіргі заманғы технологиялар, 
тұтыну тауарлары және білім нысандары сияқты объектілердің кеңеюіне бай-
ланысты жаңа формалардың арасында өзара қатынастар пайда болады. Кнорр 
Цетинаның айтуынша:
«Постәлеуметтік қатынастар – адамзаттық және объективті қарым-
қатынастардың өзара байланысы арқылы қалыптасады... Постәлеу-
меттік – бетпе-бет өзара қатынасқа негізделмеген және шын мәнінде 
ешқандай өзара әрекеттесуді қарастырмайтын интерсубъективтілік 
деңгей... Постәлеуметтік жүйелер Интернетпен байланысты кез келген 
әрекетте пайда болуы мүмкін... Постәлеуметтік формалар қоғамдағы 
ескі мағынада бай емес... бірақ олар басқа жолдармен бай болуы мүм-
кін, ал негізгі мақсат – осы жаңа формаларды зерттеу және теориялық 
тұрғыдан талдау».
(Knorr-Cetina, 2007:3580) 
Жұмыс пен тұтынудың жаңа түрлерін дамытуға байланысты постәлеу-
меттік қатынастар кең қанат жайып отыр. Форманың бір мысалы – жұмысқа 
қатысты тапсырмаларды шешу үшін қарым-қатынас жасайтын орталық штаб-
пәтері жоқ «виртуалды ұйымдар». Виртуалды ұйымдарда жұмысшылар бір-
бірімен және жоғарғы басшыларымен телефон, электрондық пошта немесе 
кездейсоқ бетпе-бет кездесулер арқылы шектеулі әрекеттеседі.
Тұтыну саласында мұндай постәлеуметтік қарым-қатынастардың көптеген 
мысалдары бар. Мысалы, банктегі есепшілермен емес, банкоматтармен өзара 
әрекеттесу ықтималдығы артады. Банкпен байла нысты басқа да қатынас түр-
леріне қазіргі автоматтандырылған телефон байланы сы немесе онлайн-бан-
кинг жүйесі жақсы мысал бола алады. Сондай-ақ кітап дүкеніндегі сатушымен 
өзара қарым-қатынас орнына, адаммен байланыспай-ақ Amazon.com арқылы 
кітаптарды (және басқа өнімдерді) сатып аламыз. Мұндай жағдайда техноло-
гиялар мен басқа да нысандар адамдармен қарым-қатынас құралына айналады 
немесе адамдар арасындағы қарым-қатынасқа көмектеседі. Біз автоматтанды-
рылған телефон хабарламалары ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдаланып 
бітпейінше, адамның өзімен тікелей әңгі мелеспейміз.
Көптеген ең танымал тұтыну орындарында да (Ritzer, [2010a] «тұтыну 
шіркеулері» деп аталады) осындай жағдайды жиі кездестіреміз. Мысалы, Лас-
Вегастағы, сондай-ақ Құрама Штаттарда орналасқан басқа казино орталықта-
ры және көптеген жерлердегі казинолар кеңістігі барған сайын көбейіп бара 
жатқан ойын автоматтарына толы, ал құмарпаздар осы объектілермен ғана


739
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде ойнай алады. Мысалы, бірнеше адаммен 
өзара қарым-қатынасты немесе тіпті басқа адамдармен тікелей өзара байла-
нысуды қажет етпейтін құмар ойындардың басқа да формалары, мысалы, кено 
казинодағы басқа ойыншылар немесе казино қызметкерімен қарым-қатынасқа 
түсіретін ойындарды (блэкджек, покер, рулетка, крэпс және т.б.) алмастыра-
ды. Дәл қазіргі уақытта заманауи дүкенде жұмыс істейтін қызметкерлер саны 
бұрын ғымен салыстырғанда әлдеқайда аз, ал тұтынушылар дүкенмен және 
оның өнімдерімен тікелей әрекеттесіп, таңдау жасайды, содан кейін ақы төлеу 
үшін қызметкерге тауарларды әкеледі.
Әрине, интернет – басым бағыттағы постәлеуметтік құбылыс. Біз перне-
тақта, компьютер экрандары, веб-сайттар, электрондық пошта, сөйлесу чатта-
ры, жаппай көп қолданушылары бар ойындармен және т.б. өзара әрекеттесе-
міз. Кейбір жағдайларда интернет-қатынастар бетпе-бет қарым-қатынастарды 
(кей де қауіпті салдарлармен) қамтуы мүмкін, бірақ көбінесе кез келген адам-
зат қарым-қатынастары көптеген технологиялар саласын қамтитын интернет 
желі сінде пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет