74
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
формасын қабылдайтын әлеуметтік жағдайдағы жеке тұлғаны толық бағын-
дыру деген сөз».
Капиталист өндіріс құралдарына ие болғанмен, еңбек уақытын жалақыға
айырбастау еркін бола алмайды. Пролетариат өмір сүру үшін жұмыс істеуге
тиіс, бірақ капиталистің резервтік еңбек армиясынан басқа адамдарды жал-
дау ға немесе механикаландыруға, немесе жұмысшылардың капиталист ұсы-
нып отырған жалақысын «еркін» қабылдаудан басқа
шарасы болмағанға дейін
зауытты тоқтатып қоюға мүмкіндігі бар. Жұмысшының капиталистікіндей ер-
кіндігі де, теңдігі де жоқ.
Демек, біз бостандық пен теңдік идеологиясының бірінші деңгейі капи та-
лизмдегі алмасу тәжірибесінен пайда болатынын, алайда идеяларымыздың
кері бағытқа төңкеріліп, шынайы бостандық пен теңдікті білдірмейтінін кө-
ріп отырмыз. Бұл – еркін және бірдей алмасатын капитал; ешбір бұрмалаусыз
тура мағынасында қабылданатын капитал; біздің емес, өзінің қалауы бойынша
жасай алатын капитал. Бұл идеологияның бірінші түрі оңай бұзылады және
осы бұзылулар туралы түсінігіміз капитализмді келесі кезеңге әкеледі. Тең-
дік пен бостандық
идеологиясына қарамастан, аз ғана жұмысшы өзде рінің
жұмыс берушілерімен тең дәрежеде екенін түсініп, өз жұ мыстарында өздерін
еркін сезінеді. Сондықтан да идеологияның екінші түрі қажет. Бұл ақаулар
қандай да бір амалмен түсіндірілуі тиіс, әйтпесе шарасыздық болып көрінуі
мүмкін.
Бұл әсіресе теңдік пен бостандық идеологиясымен байланысты, өйткені
мұндай идеялар капитализмге аса қауіпті. Бұл капитализмнің көрін қазу шы-
лар ды өздері қалай өмірге әкелетініне тағы бір мысал болмақ. Әділетсіздік пен
теңсіздіктің бұрынғы формалары адамның өзіне тікелей қатысты болды және
бізді зұлымдыққа душар еткен адамдардың жүрегін өзгерту арқылы ер кіндік
пен теңдікке жетеміз деген үміт ұялатты. Капитализмдегі теңсіздік пен әділет-
сіздіктің бастау көзін білетін болсақ, капитализмнің
өзі өзгеруі керек екенін
түсінеміз. Демек, идеологиялар капиталистік жүйені қорғау үшін құ рылуы ке-
рек және оған жетудің бірден-бір жолы – теңсіздікті теңдік деп, еркін еместі
еркіндік ретінде бейнелеу. Маркс бұл құбылысты капиталистік жүйенің көз-
қарасы бойынша мүлде әділетсіз деп ба ға лады.
Капиталистер автоматты түрде капиталистік жүйеден көп пайда көреді,
ал жұмысшылар автоматты түрде қолайсыз жағдайда қалады. Капитализмде
өндіріс құралдарына иелік ететіндер, капиталы барлар өз ақшасынан тағы үс-
темелеп ақша табады. Капитализм аясында капитал одан да молырақ түсім
әкеледі, яғни инвестициялар пайда береді және, жоғарыда көргендей, Маркс
мұны «жұмысшыларды қанаудан түсетін байлық» деп есептеді. Жұмысшылар
автоматты түрде қаналып жатқанына қарамастан, технологиялық өзгерістер-
ге, географиялық қоныс аударуға және басқа да экономикалық өзгерістерге
бай ла нысты жұмыссыздықтың ауыртпалығын көтереді,
мұның барлығы капи-
талиске пайда әкеледі. Капитализмнің шынайы табиғатын «кедейлер кедей-
ленген сайын байлар байи түседі» деген мәтелден көруге болады. Үнемі өсіп
отыратын теңсіздік мәселесі капиталистік жүйенің ажырамас бөлшегі іспетті.
Неғұрлым тең құқықты қоғамға жету үшін жасалатын кез келген әрекет ка-
питалистік жүйенің теңсіздікті соғұрлым дамыта түсуге бейімдігін көр сететіні
ескерілуі керек. Соған қарамастан, капиталистік жүйені теңестіру әре кеттері
теңсіздіктің формалары ретінде бейнеленеді. Марксистік көзқарас бойынша,
75
2-тарау
•
Карл Маркс
бұл әрекеттер идеологияның екінші формасы бола алар еді. Мысалы, идеолог-
тер бай мен кедейге бірдей мөлшерде салынуы тиіс
бірыңғай салықтың болуын
қолдайды. Олар «бай мен кедейлер үшін бұл мөлшерлеме бірдей болғандық-
тан, теңдікті білдіреді» деп мәлімдейді. Олар бұл салықтың капитализм құрған
теңсіздіктің жай өтемі ғана бола алатынын ескермейді.
Олар капиталистік жүйенің айқын теңсіздіктерін шарасыз немесе кедей-
лердің жалқаулығынан туындайтынын бейнелейтін идеологияны жасайды.
Осылайша теңсіздік
теңдік ретінде бейнеленеді, ал байлардың эксплуатация
жемісін сақтау еркіндігі жұмысшылардың бостандығынан асып түседі.
Біз бұл мысалдан идеологияның екі түрін ғана емес, сонымен қатар Маркс
қалай капитализмді жақсы деп ойлағанының тағы бір дәлелін көріп отырмыз.
Бостандық пен теңдік идеялары капитализмнің өзінен туындайды және дәл
осы идеялардың өзі капитализмді құлатып, бізді коммунизмге алып келеді.
Дін
Маркс сондай-ақ дінді де идеология деп санайды. Ол дінді адамдардың миын
улаушы деп қарағанымен, бүкіл дәйексөз көңіл аударуға тұрарлық:
«Діни бүліну – бір мезгілде шынайы қайғы-қасіреттің көрінісі, сондай-
ақ шынайы қайғы-қасіретке қарсы наразылық. Дін – жабырқаңқы жара-
тылыстың күрсінуі, жүрексіз әлемнің жүрегі, рухсыз жағдайлардың рухы
сияқты, зұлым адамның жүрегі. Бұл – халықты улайтын апиын».
(Marx, [1843] 1970)
Маркстің пайымдауынша, дін,
барлық идеология секілді, ақиқатты бейне-
лейді, бірақ бұл – төңкерілген ақиқат. Себебі адамдар өздері тартқан зорлық-
зомбылық капиталистік жүйенің зардабынан туындайтынын түсінбегендіктен,
олардың азап-қасіреті діни формаға беріледі. Маркстің анық айтуы бойынша,
ол дінге қарсы емес, діни иллюзияларды талап ететін жүйеге қарсы.
Бұл діни форма – күйреудің алдында тұрған әлсіз құбылыс, сондықтан әр-
дайым революциялық қозғалыстың негізіне айнала алады. Шын мәнінде, діни
ағымдар капитализмге қарсылық көрсетуде (мысалы, босату теологиясы) көп
ретте алдыңғы қатарда болғанын көреміз. Дегенмен Маркс дінді капитализмнің
әділетсіздігіне сенушілер үшін сынақ ретінде бейнелеп және кез келген рево-
люциялық өзге рістерді о дүниеге аттандыра алатынын ескеріп, дін идеология-
ның екінші формасы бола алатына ерекше сенді. Осылайша қысымға ұшыра-
ғандардың даусы одан әрі қысымға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: