Алеуметтану тероиясы indb


2-тарау • Карл Маркс Таптық қақтығыстар



Pdf көрінісі
бет71/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

67
2-тарау

Карл Маркс
Таптық қақтығыстар
Маркс «тап» деген терминді өз шығармаларында жиі пайдаланды, бірақ ол нені 
білдіретінін жүйелі түрде ешқашан анықтаған емес (So and Suwarsono, 1990:35). 
Әдетте ол өндіріс құралдарын бақылауға қатысты ұқсас жағдай дағы адамдар 
тобын білдіреді. Алайда бұл – Маркстің терминді қалай қолданғанының толық 
сипаттамасы емес. Маркс тапқа әрдайым конфликт тұрғы сы нан қарайды. Тұл-
ғалар тапты қалыптастырады, себебі олар қосымша құн үшін басқалармен қақ-
тығыста болады. Капитализмде жалдамалы жұ мыскерлерді жалдайтындар мен 
еңбегі қосымша құнға айналатын адамдардың арасында мүдделердің бітіспес 
жанжалы бар. Дәл осы бітіспес жанжал – тап тардың пайда болуына себепкер 
(Ollman, 1976).
Тап конфликт әлеуетімен анықталғандықтан, бұл – теориялық және тарихи 
нұсқа тұжырымдамасы. Тапты анықтамас бұрын қоғамда бар әлеуетті жанжал 
туралы теория қажет.
4
Ричард Миллер (1991:99) бізге, «бір жағынан, экономи-
калық процестер арасындағы және, екінші жағынан, саяси әрі мәдени процес-
тер арасындағы нақты өзара әрекеттестікті зерттемей жатып, қоғамдағы адам-
дарды тапқа бөлу үшін қолдануға болатын ешқандай ереже, түптеп келгенде, 
жоқ» екенін айтады.
Маркстің пайымынша, тап, шынымен де, адамдар өздерінің басқа таптар-
ға деген қарама-қайшы қатынасын саналы түрде ұғынған кезде ғана болады. 
Мұны ұғынбайынша, олар тек Маркстің өзіндік тап деп атаған нәрсені ғана 
білдіреді. Олар конфликтіні саналы түрде түсінгенде шынайы тапқа айналады, 
өзіндік шынайы таптық мәнге ие болады.
Капитализмде Маркстің талдауы екі негізгі тапты ашты: буржуазия мен 
пролетариат.

Буржуазия дегеніміз – Маркстің қазіргі экономикадағы капи-
талистерге берген есімі. Буржуазия өндіріс құралдарына иелік етеді және 
жалдамалы еңбекті пайдаланады. Буржуазия мен пролетариат арасындағы 
кон фликт – шынайы материалдық қайшылықтың тағы бір мысалы. Бұл қай-
шылық осының алдында айтылған еңбек пен капитализм арасындағы кере-
ғарлықтан шығады. Осы қарама-қайшылықтардың ешқайсысы капиталистік 
құрылымды өзгертуден басқа жолмен шешіле алмайды. Іс жүзінде бұл өзге-
ріс болмайынша, қайшылық тек ушыға береді. Қоғам осы екі ірі қарсылас 
тапқа толық жіктеледі. Мегасторлармен және франчайзингтік желілермен 
бә секелесу көптеген шағын, тәуелсіз компаниялардың жабылуына әкеп со-
ғады; механикаландыру білікті мамандардың орнын басады; тіпті монопо-
лияларды құру әрекеттері арқылы, мысалы бірігу арқылы, кейбір капита-
листер де ығыс тырылады. Барлық босаған адамдар пролетариат қатарына 
қосылуға мәжбүр болады. Маркс пролетариаттағы бұл шарасыз ұлғаюды 
пролетарландыру деп атады.
Сонымен қатар қарапайым операцияларды жүзеге асыру арқылы капита- 
листер жұмыскерлерді жұмыс машиналарына дейін қысқартқандықтан, меха-
никаландыру одан да оңайға соғады. Механикаландырудың қарқынды жал-
ға суына орай, көп адам жұмыстарынан айырылып, пролетариаттан өнеркә-
сіптік-резервтік армия қатарына өтеді.
Сонымен, Маркс бұл жағдайды алдын ала болжады, онда қоғам эксплуа-
тативті капиталистердің аздығымен, сондай-ақ пролетариаттың және өнер-
кәсіптік резервтік армия мүшелерінің көптігімен сипатталады. Көп адам ды 


68
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
осындай әлеуметтік тығырыққа тірей отырып, капитализм түптің түбінде 
өзін құлатып тынатын бұқараны қалыптастырады. Зауыт жұмысының орта лық-
тандырылуы, сондай-ақ ортақ қиындық капитализмге ұйымдасқан түрде қарсы ла-
су мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар фабрикалар мен нарықтың халық аралық 
ауқымда қызметкерлерді өздерінің жергілікті мүдделерінен де тыс нәрсе лерді білу-
ге ұмтылдырады. Бұл түсінік революцияға әкелуі мүмкін.
Капиталистер, әрине, бұл революцияның алдын алуға ұмтылады. Мысалы, 
олар пайдалану ауыртпалығының ең болмағанда жартысын үй майданынан 
колонияларға көшіру мақсатымен отаршылдық саяхаттарға демеушілік етті. 
Алайда, Маркстің пікірінше, бұл талпыныстар сәтсіздікке ұшырайды (1867) 
1967:10), өйткені капиталистер де жұмысшылар секілді капи та листік экономи-
каның заңдары бойынша бақыланады. Капиталистер бір-бірінен бәсекелестік 
қысымға ұшырап, әрқайсысы еңбек шығындарын азай туға және қанауды кү-
шейтуге мәжбүр болады, бірақ бұл қарқынды қанау ре волюцияның болу ық-
тималдығын арттырады және капиталистің құлдырауына ықпал етеді. Тіпті 
ақжүрек капиталистер де бәсекелесу үшін өз жұ мыс шыларын одан әрі қанауға 
мәжбүр болады: «Экономистер мен табиғаттың жасанды заңына айналған ка-
питалистік қорлану заңы, шын мәнінде, эксплуатация деңгейінің әрбір бәсең-
деуін жоққа шығаратынын пайымдайды» (Marx, [1867] 1967:582).
Маркс буржуазияның жеке мүшелерін олардың іс-әрекеттері үшін айыпта-
ған емес, ол бұл әрекеттерді көбінесе капиталистік жүйенің логикасы арқылы 
анықтаған. Бұл оның капитализмдегі акторлардың креативтік тәуелсіздіктен 
айырылғаны жайлы көзқарасына сәйкес келеді.

Алайда капитализмге тән 
даму үдерісі мұндай шығармашылық әрекеттің түпкілікті қайта жаңғыруына
және капиталистік жүйенің құлауына қажетті жағдайларды жасайды. Капи-
талистік жүйенің логикасы капиталистерді пайдаланылатын пролетарийлерді 
көптеп шығаруға мәжбүрлейді. Дәл осы адамдар – көтеріліс арқылы ка пита-
лизмнің түбіне жететіндер. «Сонымен, буржуазияның, ең алдымен, өнді ретіні – 
өзінің көрін қазушылары» (Marx and Engels, [1848] 1948).
Бұл тек капитализмнің қайшылықтарынан туындайтын, сондай-ақ зама- 
науи қоғамға тән көптеген жеке және әлеуметтік дағдарыстың салдарынан 
туындайтын соңғы пролетариат революциясы ғана емес. Біз, жекелей алғанда, 
Маркстің пайымдауынша, көп адамның өмірінде мағынасыздық сезімінің түп 
тамырында жатқан оқшауланудың кейбір қырларын қарастырдық. Экономи-
калық деңгейде Маркс капиталистер өздерінің пайдасын көбейтуге талпынып, 
жұмысшыларды жұмыстан шығару немесе артық өнім өндіру тұсында бірқатар 
өркендеу мен құлдырау кезеңдерін болжады. Саяси деңгейде Маркс азаматтық 
қоғамның әлеуметтік мәселелерін талқылап, оны шешуге қабілетсіздігі тура-
лы болжам жасады. Оның есесіне біз негізгі мақсатты – капиталистердің жеке 
меншігін қорғау және капиталистердің экономикалық мәжбүрлеу әрекеті сәт-
сіздікке ұшыраған жағдайда тікелей батыл араласатын мемлекеттің өсіп шық-
қанын көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет