Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет78/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Сын-пікірлер
Маркс теориясындағы бес мәселе талқылауды қажет етеді. Біріншісі – ком-
му низм мәселесі. Коммунистік қоғамның сәтсіздікке ұшырауы және олардың 
капитализмге бағдарланған экономикаға деген көзқарасы әлеуметтанудағы 
марксизм теориясының рөлі туралы сауал тудырады (Antonio, 2011; Aronson, 
1995; Hudelson, 1993; Manuel, 1992). Маркстің идеялары сынға ұшырап, сәт-
сіздікке тап болды. Бір уақытта әлем халқының үштен бір бөлігі Маркстің 


79
2-тарау

Карл Маркс
идеяларымен рухтанған мемлекеттерде өмір сүрді. Бұрынғы марксистік мем-
лекеттердің көпшілігі капитализмге айналды, әлі марксистік мемлекет деп са-
налатындар (Кубадан басқа) капитализмнің жоғары бюрократиялық форма-
сын ғана бейнелейді.
Бұл сынға қарсы мемлекеттер марксистік ұстанымдарына шын мәнінде көп-
шіліктің ермегенін алға тартып, Маркс теориясын сыншылардың теріс бұрма-
лағанына наразылық айтады. Алайда сынға ұшырағандар, Маркстің өзі марк-
систік теорияның іс жүзінде қолданылып жүрген практикасынан бөлінбеуін 
талап етті. Алвин Гоулднер (1970:3) былай деп жазған: «Марксистік теория 
түпкілікті тарих ауқымында өлшенуі керек».
Екінші мәселе кемшін эмансипациялық субъект деп аталады. Сыншылардың 
пікірінше, Маркс теориясы пролетариатты коммунизмге әкелетін әлеуметтік 
өзгерістердің бірден-бір қозғаушы күші деп бағалағанмен, пролетариат осы же-
текші позицияға сирек ие болды және көбінесе коммунизмге қарсы пиғылдағы 
топтар арасынан табылды. Зиялы қауымның, мысалы, академиялық әлеумет-
танушылардың, пролетариат қазған ордан тығырыққа тіреліп, интел лек туал-
дық қызметті таптық күреске ауыстырғаны бұл мәселені одан әрі ушық тырады. 
Сонымен қатар зиялылардың пролетариаттың консервативті кертартпалығына 
көңілдерінің қалуы, Маркспен салыстырғанда, идеологияның рөлін әлдеқайда 
күшейтетін және болашақ революцияның «қаһармандарын» айла-шарғыға кө-
нетін аңғал ретінде көруге ұмтылатын теорияға айналды.
Үшінші мәселе – гендердің жетіспейтін өлшемі. Маркс теориясының ең 
негізгі тармақтарының бірі – капитализм тұсында еңбек тауарға айналады, 
алай да бұл еңбектің тауарлығы ерлерге қарағанда, әйелдер үшін аз болғаны 
тарихи факт. Ерлердің ақылы еңбек етуі әлі де әйелдердің төленбейтін еңбе-
гіне, әсіресе маңызды болатын жұмысшылардың келесі ұрпағын тәрбиелеуге 
бай ланысты. Сайер (1991) гендердің жетіспейтін өлшемі Маркстің талдауын-
да тек үлкен бос кеңістік қалдырып қана қоймай, сондай-ақ оның капитализм 
өсіп жатқан жалдамалы еңбекке тәуелді деген бастапқы дәлеліне әсер етеді, 
өйткені жалдамалы еңбектің өсуі әйелдердің ақысыз еңбегіне тәуелді болады. 
Патриархат капитализмнің пайда болуының негізі болуы мүмкін, бірақ Маркс 
мұны елемейді.
Төртінші мәселе, Маркс экономика тек өндіріспен басқарылды деп санады 
және ол тұтынудың рөлін елемеді. Өндіріске басты назар аудару тиімділік-
ті жоғарылату және шығындарды қысқарту пролетарландыруға, оқшау лауға 
және таптық қақтығыстарды тереңдетуге әкеледі деп болжауға мүмкіндік берді. 
Дегенмен қазіргі заманғы экономикадағы тұтыну саласының өсуі кейбір креа-
тивтілік пен кәсіпкерлікті ынталандырады және ол еңбекақы тө ленетін, жат-
сынбайтын жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Жаңа 
видеоойындар ұйымдастыратын немесе фильмдерге режис серлік ететін, бол-
маса танымал музыканы орындайтын адамдар капиталистік жүйеде қалыпта-
суына қарамастан, өздерінің жұмысынан сирек оқшауланады. Мұндай жұмыс 
орындарының аз болса да, бар болуы қоғамнан оқшауланған бұқараның көңі-
ліне өздері болмаса да, балалары бір кезде осындай қызықты шығармашылық 
жұмыспен айналыса алады деген үміт ұялатары сөзсіз.
Ақыр соңында, кейбіреулер Маркстің Батыс прогресіне қатысты тұжырым-
дамасын мәселе ретінде қабылдамады. Маркс тарихтың қозғалтқышы – мате-
риалдық қажеттілік үшін адамзат табиғатының ұдайы жетілдіріліп оты руы деп


80
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
санады. Сонымен қатар Маркс адам болмысының мәні – өз табиғатын мақсатына 
бейімдей білу қабілеті деп ойлады. Бәлкім, бұл болжамдар қазір гі және келешек-
тегі көптеген экологиялық дағдарыстардың түбегейлі себебі болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет