76
I бөлім
•
Классикалық
әлеуметтану теориясы
Марксистік экономика үшін бастапқы нүкте – бұрын қарастырылған тұ-
тыну құндылығы мен айырбас құндылығы туралы тұжырымдамалар. Адамдар
үнемі тұтыну құндылықтарын, яғни әрдайым өз қалауын қанағаттандыратын
нәрселерді жасаған.
Тұтыну құндылығы сапа тұрғысынан анықталады, бір зат
пайдалы немесе пайдасыз деген сияқты. Алайда
айырбас құны сапалық емес,
сандық сипатта анықталады. Ол пайдалы қасиеттерді иемдену үшін қажетті
еңбек көлемімен нақтыланады. Тұтыну құндылығы өз қажеттіліктерін қана-
ғаттандыру үшін жасалады, ал айырбас құны басқа пайдалану құндылықтары-
мен алмастыру үшін шығарылады. Тұтыну құндылықтарын өндіру – адамға
тән
табиғи құ былыс, айырбас құнының туындауы адамзатты бұрмаланған те-
ріс үдеріске итермелейді. Капитализмнің бүкіл құрылымы, оның ішінде тауар,
нарық, ақша және т.б. айырбас құны негізінде түзілген.
Маркске кез келген құндылықтың негізгі көзі – өндірістің қалыпты жағ-
дайында шеберлік қабілеті орташа дәрежедегі адамның затты өндіру үшін
қажетті әлеуметтік еңбек уақытының мөлшері. Бұл –
құндылықтың белгілі
еңбек теориясы. Еңбек құндылықтар негізінде іске асатыны анық, бірақ құн -
дылықтарға, тауарларға, нарыққа және капитализмге ауысқан кезде бұл факт
біртіндеп әлсірей береді. Басқаша айтқанда, «еңбек уақытының шамасын
анықтау – тауарлардың салыстырмалы құндылықтарындағы нақты ауытқу-
лардың негізінде жүзеге асады» (Marx, [1867] 1967:75). Еңбек мәні –
барлық
құндылықтың көзі ретінде капиталистерге жұмысшыларды қанауға мүмкіндік
беретін құпия.
Питер Уорслидің айтуынша, Маркс басқа ешқандай әлеуметтанудың
тісі батпаған эксплуатация тақырыбын өзінің «әлеуметтануының жүрегіне»
жеткізді (1982:115). Капиталистер жұмысшыларға өздері өндіретін құнды-
лық тардан аз төлейді, қалғанын өздері қымқырып қалады. Жұмысшылар,
тіпті көбінесе капиталистердің өздері де, бұл эксплуатациядан бейхабар.
Капиталистер бұл қосымша құндылық өздерінің ақылдылықтарынан, олар-
дың капиталдық салымдарынан, нарықтық манипуляцияларынан және т.б.
туындайды деп ой лайды. Маркс: «Сауда жақсарғанша капиталист қайтсем
ақшамды
көбейтем деп жанталасады, ақысыз еңбек сыйлығына мән берер-
ліктей оның уақыты жоқ», – деп мәлімдеді (1967: 207). Маркс қорытынды-
лай келе былай деді:
«Капиталист еңбектің қалыпты бағасына ақы төленбейтін еңбектің бел-
гілі бір мөлшері де кіретінін және осы өтеусіз еңбек оның пайдасының
тұрақты көзі екенін білмейді. Санат, артық еңбек уақыты ол үшін мүлде
жоқ, өйткені бұл қалыпты жұмыс күніне кіреді, оның ойынша, күнделік-
ті жалақы арқылы бәрі төленген деп есептейді».
(Marx, [1867] 1967:550)
Бұл бізді Маркстің
қосымша құн тұжырымдамасына әкеледі. Ол өнім са-
тылған сәттегі құн мен өнімнің қалыптасуы кезінде пайдаланылатын элемент-
тердің мәні арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Өндіріс құрал-
дары (шикізат пен құрал-жабдықтар, олардың
құндылығы оларды шығаруға
немесе өндіруге жұмсалған еңбектен туындайды) өндіріс процесінде тұтыны-
латын болса да, бұл еңбек – артық құнның нақты көзі.
Бұл үдерістен алынған пайда капиталистерге жер иелеріне жалға беру және
77
2-тарау
•
Карл Маркс
банктерге пайыздар сияқты ақы төлеу үшін қолданылады. Бірақ оның ең ма-
ңызды туындысы – пайда. Капиталистер бұл пайданы жеке тұтыну үшін пай-
далана алады, бірақ ол капитализмнің кеңеюіне әкелмейді. Керісінше, олар өз
кәсіпорнын кеңейте отырып, оны одан әрі қосымша құнды көбейтудің көзіне
айналдырады.
Мол пайда мен артық қосымша құнға деген ұмтылыс – капитализмді Маркс
капиталистік қорланудың жалпы заңы деп атаған құбылысқа алып келеді. Ка-
питалистер жұмысшыларды барынша пайдалануға тырысады: «Капиталдың
ұдайы беталыс үрдісі еңбек құнының ...нөлге ұмтылуын талап етеді» (Marx,
1967:600). Негізінен, капитализмнің құрылымы мен рухы капиталистерді одан
әрі байи түсуге құлшындырады. Мұны істеу үшін Маркстің «еңбек – құнды-
лықтың көзі» деген ойын ескере отырып, капиталистер пролетариатты қанау-
ды күшейтеді. Дегенмен ақырында эксплуатацияның күшеюі пайданың төмен-
деуіне алып келеді, сөйтіп, эксплуатация өзінің шарықтау шегіне жетеді.
Сонымен қатар бұл шекке жақындаған кезде мемлекет жұмысшылардың
ықпалымен капиталистердің әрекеттеріне шектеу қоюға мәжбүр болады
(мысалы, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеу заңдары). Бұл шектеулердің
нәтижесінде капиталистер басқа амалдарды іздейді, ал ең бастысы – адам-
дарды машиналарға ауыстыру. Бұл ауыстыру салыстырмалы түрде
жеңіл бо-
лады, себебі капиталистер қарапайым операциялар сериясын машиналарға
жүктеу арқылы жұмысшыларды әлдеқайда азайтты. Капиталдың қарқынды
өндіріске көшуі парадокс болады, себебі пайданың түпкі көзі – еңбек (маши-
налар емес).
Механикаландыру жүріп жатқанда көп адам жұмысынан босатылып, про-
летариаттан «өнеркәсіптік резервтік армияның» сапына қосылады. Сондай-ақ
бәсекелестіктің артуы және технологияның күрделі шығындары капиталистер
санының біртіндеп азаюына әкеледі. Ақыр соңында Маркс жағдайды былай
болжады: «Ол кезде қоғам көптеген қанаушы капиталистермен, сондай-ақ
про летариаттың және өнеркәсіптік резервтік армияның қалың бұқарасымен
сипат талады». Мұндай төтенше жағдайларда капитализм революцияға төтеп
бере алмайды. Маркс айтқандай, капиталистердің
бұқара топты экспроприа-
циялауы – «бұқара топтың бірнеше басып алушыны экспроприациялауына»
ауысты рылады ([1867] 1967:764). Әрине, капиталистер өз құлдырауының ал-
дын алуға ұмтылады. Мысалы, олар қанау ауыртпалығының ең болмағанда
жартысын үйдегі майданнан колонияларға көшіру мақсатында отаршылдық
саяхаттарға демеушілік етті. Алайда, Маркстің пікірінше, бұл күш-жігер сәт-
сіздікке ұшы райды, сөйтіп капиталистер өз елінде де, шетте де бүліншілікке
тап болмақ.
Капиталистік қорланудың жалпы заңындағы негізгі мәселе – акторлардың
әрекет етуіне (мейлі, ол капиталист, мейлі, пролетар болсын) капитализмнің
құрылымы мен идеясының түрткі болу деңгейі.
Маркс әдетте жеке капита-
листерді өз іс-әрекеттері үшін айыптаған жоқ, ол бұл әрекеттерді көбінесе
капиталистік жүйенің логикасы арқылы анықтаған. Бұл оның капитализм-
дегі акторлардың шығармашылық тәуелсіздігінің жоқ тығы туралы пікіріне
сәйкес келеді. Алайда капитализмге тән даму үдерісі осын дай шығармашы-
лық әрекеттің түпкілікті қайта жаңғыруын және капиталистік жүйені құла-
ту үшін қажетті алғышарттарды қамтамасыз етеді.