71
2-тарау
•
Карл Маркс
үшін бұл қатынастарға қатысты маңыздысы олардың таптық қақтығыстарға
бейім ділігі болды, бірақ оған қоса өндірістік қатынастардың отбасылық және
жеке қарым-қатынастарға әсерін көруге болады. «Жақсы» еркек қызметкерді
қалып тастыруға қажетті әлеуметтендіру сондай-ақ күйеудің белгілі бір түрі-
нің пайда болуына себепкер болады. Сол сияқты, капитализмнің күнделікті
жұмысты уақытынан ерте бастау жөніндегі қатаң тәртібінің нәтижесінде ана
баланың негізгі тәрбиелеушісіне айналды. Демек, өндіріс күштерінің өзгеруі
отбасы құрылымындағы терең өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер де өн-
дірістік қатынас тұрғысында қарастырылуы мүмкін.
Маркс өндірістік қарым-қатынастардың қай жерде тоқтайтыны және су-
пер құрылымның қайдан бастау алатыны туралы ешқашан нақты айтпайды.
Деген мен ол «әлеуметтік сананың» кейбір қатынастары мен формалары ма-
териалдық күштердің дамуында екінші дәрежелі рөл ғана атқаратынын және
ай тарлықтай ықпал ете қоймайтынын сезді. Маркс бұл құрылыстың жоға-
рыда аталған элемент тері тікелей қатыспаса да, олар өндіріс қатынастарын
қолдайтын форманы қабылдауға бейім екенін болжады.
Маркстің тарихқа қатысты көзқарасы айқын болды, сондықтан ол өндіріс
күштерінің материалдық қажеттіліктерді жақсарту үшін өзгеретініне сен-
ді. Мысалы, капитализмнің пайда болуы арқылы технологиялық өзгерістер
зауыт тарды құруы мүмкін. Алайда капитализмнің пайда болуына дейін өзге-
рістер қоғамда, өндіріс қатынастарында болуы керек еді. Өйткені зауыттар,
капита листер және жалдамалы жұмысшылар феодалдық қатынастармен үй-
леспейді. Жер иелену арқылы мал-мүлік жинаған және басыбайлы шаруа-
лардың күнкөрісі үшін өзінің моральдық жауапкершілігін сезінген феодал-
дардың орнын капиталдан байып, жұмысшылардың жалақысына қатысты
мойнына ешқандай моральдық міндеттеме алмайтын капиталистер басты.
Сол сияқты басыбайлы шаруалардың «мырзаға» деген адалдық сезімінің ор-
нын пролетарийлердің өз еңбегін ақша төлейтін кез келген адамға сату ниеті
басты. Сөйтіп ескі өндірістік қатынастар мен жаңа өндірістік күштер арасын-
да қақтығыс туындады.
Өндірістік қарым-қатынасты өзгерту үшін революция жиі болып тұруы
қажет. Революцияның басты көзі – өндіріс күштері мен өндіріс қатынаста-
ры ара сындағы материалдық қайшылық. Алайда революция басқа да қайшы-
лық тардан туындайды: қанаушылар мен қаналушылар арасындағы қайшы-
лықтан, т.б. Маркстің пікірінше, бұл тұрақты қайшылық қаналушылардың
өндірістік қаты настағы өзгерістерге қолдау көрсетуі нәтижесінде револю-
циялық бет бұ рыстарға әкеледі. Ал ол, өз кезегінде, өнім өндірісінде орын
алатын өзгерістерге жол береді.
Маркс барлық жұмысшылар көтерілісінің тиімді болатынына, бірақ өн -
ді ріс күштерінің өзгеруін қолдайтынына сенбеді. Маркстің пікірінше, тиімді
ре волюция жаңа қарым-қатынастарды тиянақтау үшін өзара қарым-қатынас-
тарды, институттарды және кеңінен таралған идеяларды өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: