Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 30 жылдық соғыстың себептері қандай ? 
2. Католиктік Лиганың мақсаты қандай болды ? 
3. Протестанттық Унияның мақсаты қандай ? 
4. Вестфаль бітімі қай жерде болды, нәтижелері қандай еді ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Поршнев Б.Ф. Тридцатилетняя война и вступление в нее Швеции и Московского 
государства. М., 1976. 


13-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: АЗИЯ ЖƏНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНДЕГІ ФЕОДАЛДЫҚ 
ҚАТЫНАСТАР ГЕНЕЗИСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 
Азия жəне Африка елдеріндегі феодалдық қатынастар генезисінің Батыс еуропамен 
салыстырғанда ерекшеліктерін көрсету. Бұл жерде феодалдық жер меншігі, жер иеленудің 
түрлері мен формалары əртүрлі болды.
Ибн-аль-Асир, Ибн Халдун, Бируни, Рашид ад-дин 
Сұрақтары: 
1. Азия жəне Африка елдеріндегі географиялық жəне климаттық ерекшелік. 
2. Феодалдық қатынастарындағы аймақтық ерекшелік. 
3. Феодалдық жер меншігі мен жер иелену формалары. 
4. Қауым жəне оның сипаты. 
Орта ғасырлардағы шет елдік Шығыстың тарихы Қытай, Жапон, Корея, Монғолия, 
Үндістан, Иран, Закавказье, араб елдері, Түркия тарихын қамтиды. Шет елдік Шығыс тарихы 
бұрынғы Кеңес одағында, оның ішінде Қазақстанда нашар зерттелген. Орта ғасырлық 
Шығыс халықтарының өзіне тəн ерекшеліктері болды. Мысалы, Азияның табиғи жағдайы 
ерте замандарда жасанды суғару жүйесін салу қажеттілігін туғызды. Егіншілікпен 
айналысатын отырықшы халықтар өте үлкен суғару жүйесін салып, оны күтуге көп күш 
салды. Шығыс елдерінде феодалдық қоғамның орнауында да ерекшеліктер болды. Қайсібір 
елдерде феодализм алғашқы қауымдық қоғамнан кейін өмірге келсе, енді бір елде құлдық 
қоғам негізінде қалыптасты. Үндістанда феодалдық қоғамның қалыптасуы өте баяу 
қарқынмен жүрді. Жапонияда құлдық қоғам болған жоқ. Шығыстағы феодалдық
қатынастардың дамуындағы тағы бір ерекшелік – үстем таптың жерге жеке емес
мемлекеттік меншік орнатуы болды. Қытай, Корея, Жапонияда, Иранда жер жəне суғару 
жүйелері негізінен мемлекет меншігі болды. Ал Үндістанда жер князьдар мен ұсақ 
патшалардың меншігі болды. Жерге мемлекеттік меншік жекеленген феодалдардың
монастырлар мен қауымдардың меншігін жоққа шығарған шығарған жоқ. Қауым мүшелері 
мемлекеттен жерді иелене отырып, үкіметтің кіріптар жұмыс күші болды. Қиыр Шығыста 
шаруалар мемлекет жерін уақытша ұстанушылар болып саналса, Ирак, Сирия, Египет жəне 
басқа мемлекеттен алған жерлері мұраға қалдырылып отыратын меншік болды. Жекеленген 
феодалдардан, монастырлардан үлес алған шаруалар солардың басыбайлы адамы болды.
Азия жəне Африка елдеріндегі феодалдық қатынастар генезисінің Батыс еуропамен 
салыстырғанда ерекшеліктері мол. Бұл жерде феодалдық жер меншігі, жер иеленудің түрлері 
мен формалары əртүрлі болды. Таяу Шығыс пен Қытайда феодалдық қатынастар ҮІІІ ғ. 
екінші жартысында үстемдік құрса, Жапонияда ІХ-Х ғасырларда феодалдық қатынастар 
толық орнықты. Бұл өндіргіш күштердің дамуымен, қолөнердің ауыл шаруашылығынан 
бөлінуімен сипатталады. Бұл кезеңде Қиыр Шығыс, Орта Азия, Таяу Шығыс елдері арасында 
құрғақта да, теңізде де байланыс қатынастары орнады. ХІ-ХІІ ғасырларда Азияның 
көшпелілер мекендеген жерінде алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, феодалдық қатынастар 
орнай бастады. Мысалы, Ауғаныстан, Күрдістан, Иранның біраз аудандарының ХҮ-ХҮІ 
ғасырлардағы ұлы географиялық ашулардың барысында Шығыстың Батыспен қатынасы 
нығайды. Бұл қатынас Шығысқа да, Батысқа да пайдалы болды. 
Шығыста негізгі үш діннің екеуі – буддизм мен ислам кең өріс алды. Құлдық 
қоғамнан феодалдық қоғамға өту, əрине алға жылжушылық болды. Жаңа өндірістік 
қатынастар өндіргіш күштердің сипаты мен оның даму деңгейіне сай келіп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет