экспрессивті одағай. Қазақ тілінде «
шіркін, қайран дүние, қап, әттең» тәрізді ұғымдарда
қолданылады [4].
Сайтан! Сайтан алғыр! – Gosh! Jeepers creepers! Jeez! Rats!
Сайтан [Saıtan] діни ұғым бойынша, адамзатқа қас жын-пері. Сайтан алғыр [Saıtan
alǵyr] Сайтан алып кеткір деген мағынадағы жеңіл қарғыс.
Астапыралла – Алла сақтай гөр! Құдай сақтасын! Алла кешірсін! – Oh dear! Oh my!
Good grief! Goodness!
Япырым-ай! Апыр-ай, апырым-ау, ойпыр-ай, япыр-ау, япырым-ау – Begarrah! Dear!
Good grief! Goodness!
Қайран, шіркін, әттең, дариға, айхай – Alas! Alack!
Армандау, бір нәрсені аңсау, құмарту мағынасындағы, өкініш, опық жеуді білдіретін
көңіл-күй одағайы [Бизақов С., 2007].
«Айхай ақын өмірi, Абыржып қалса көңілі, Ақырын шығар неге үні».
Қорыта айтқанда, эмоцияның тілдегі көрінісінің мәселелері қазақ, ағылшын тілдерінде
зерттелген және әлі де зерттелуді қажет етеді. Эмотивті сөздер әмбебап сөйлеу құралы
болғандығына қарамастан, әр елдің лингвомәдени кодына, ұлттық ерекшеліктеріне
байланысты мән-мағынасы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Бұл тек қарым-қатынас үшін
ғана емес, адамның өзге тілде ойлау үдерісін, жалпы танымдық үрдісі үшін маңыздылығын
елеусіз қалдыруға болмайды. Мәдениаралық қарым-қатынас тиімділігін арттыру мақсатында
эмоционалды құзыреттілікті игеру қажеттілігі туындайды. Әйтсе де, мәдениаралық қарым-
қатынас кезінде, аударма жұмыстары барысында эмотивті лексиканың түпкі мағынасының
жоғалуы сөзсіз екендігін атап өткен жөн.
Әдебиеттер:
1 Степанов, Ю.С. Концепты [Текст] /Ю.С. Степанов. – М.: Языки славянских культур, 2007. –
248с.
2 Шаховский В. И. Лингвистическая теория эмоций: монография. М.: Гнозис, 2008. 416 с.
3 Чернышов С. В. Эмоционально-концептный подход в обучении иностранным языкам
(лингвопсихологические основы): монография. Н. Новгород: НГЛУ им. Н. А. Добролюбова, 2014.
с.334
4 Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова,
Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
МРНТИ 16.31.51
Достарыңызбен бөлісу: