таныс емес сөздерді конекст арқылы я сол сөздің синонимдері арқылы түсіндірген дұрыс деп
есептесе, 7,7% бұл оймен келіспеген. Ал 73,1%-ы белгілі бір жаңа ақпаратты меңгеріп
жатқан тілде үйренген тиімді және 26,9%-ы тиімсіз деп есептейді. Сонымен қатар 46,2%-ы
шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушіге меңгеріп жатқан тілде үйреткен тиімді
екенін айтса, 53,8%-ы жоққа шығаган. 53,8%-ы шет тілі сабағында сол шетел тіліндегі
субтитрсыз видео, кинофильмдерді осы тілді терең меңгерту үшін пайдаланатынын айтса,
46,2%-ы пайдаланбайды екен. Шет тілін меңгеру барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік
ойындар пайдаланған тиімді екенімен 96,2%-ы келіссе, 3,8% келіспеген. Респонденттердің
100%-ы шет тілін оқытуды бастағанда жаңа сөздерді аудармасымен жаттату арқылы
үйрететінін, сонымен қатар қазақ я орыс тілдерінің көмегіне жүгініп: жаңа сөздерді түсіндіру
үшін осы тілдерге аударатынын, шетел тіліндегі мәтін мазмұнын осы көмекші тілдерге
аудару арқылы түсіндіретінін, шет тілі сабағында мәтін бойынша бос орынды толыру, дұрыс
- жалған, тест жаттығулары арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы меңгертуге болады деп
есептейді екен. 92,2%-ы грамматикалық ережелерін тіл үйренушінің ана тілінде я орыс
тілінде түсіндірген ыңғайлы деп ойласа, 3,8%-ы бұл оймен келіспеген. 88,5%-ы мәтінге
аударма жасату арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы меңгертуге болатынымен келіссе,
11,5%-ы келіспеген.
Кесте.2 мұғалімдердің сауалнама нәтижелері
№
Сауалнама сұрақтары
Жауабы Пайыздық
көрсеткіш
1
Тіл үйренушіге шетел тіліндегі таныс емес сөздерді конекст арқылы
я сол сөздің синонимдері арқылы түсіндірген дұрыс.
Иә
Жоқ
92,3%
7,7%
2
Шет тілі сабағын тек қана сол шетел тілінде өтемін: белгілі бір жаңа
ақпаратты меңгеріп жатқан тілде үйренген тиімді.
Иә
Жоқ
73,1%
26,9%
3
Шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушіге меңгеріп
жатқан тілде үйреткен тиімді.
Иә
Жоқ
46,2%
53,8%
4
Шет тілі сабағында сол шетел тіліндегі субтитрсыз видео,
кинофильмдерді осы тілді терең меңгерту үшін пайдаланамын.
Иә
Жоқ
53,8%
46,2%
5
Шет тілін меңгеру барысында диалогтық жаттығулар, рөлдік
ойындар пайдаланған тиімді.
Иә
Жоқ
96,2%
3,8%
6
Шет тілін оқытуды бастағанда жаңа сөздерді аудармасымен жаттату
арқылы үйреткен тиімді.
Иә
Жоқ
100%
0%
7
Шетел тілі сабағында қазақ я орыс тілдерінің көмегіне жүгінемін:
жаңа сөздерді түсіндіру үшін осы тілдерге аударамын, шетел тіліндегі
мәтін мазмұнын осы көмекші тілдерге аудару арқылы түсіндіремін.
Иә
Жоқ
100%
0%
8
Шет тілінің грамматикалық ережелерін тіл үйренушінің ана тілінде
я орыс тілінде түсіндірген ыңғайлы.
Иә
Жоқ
92,2%
3,8%
9
Шет тілі сабағында мәтінге аударма жасату арқылы грамматиканы,
лексиканы жақсы меңгертуге болады.
Иә
Жоқ
88,5%
11,5%
10
Шет тілі сабағында мәтін бойынша бос орынды толыру, дұрыс -
жалған, тест жаттығулары арқылы грамматиканы, лексиканы жақсы
меңгертуге болады.
Иә
Жоқ
100%
0%
Нәтижелерді талқылау:
Жүргізілген сауалнамада респонденттердің 96,14 %-ы грамматикалық аударма әдісіне
байланысты сұрақтарға «иә» жауабын таңдаса, тек 3,86 %-ы «жоқ» жауабын таңдаған. Тура
әдіске байланысты 72,2%-ы «иә» жауабын таңдаса, тек 27,8 %-ы «жоқ» жауабын тағдаған.
Келтірілген талқылауда мұғалімдер арасында грамматикалық аударма әдісі кең таралғанын
және тура әдісті грамматикалық аударма әдісімен үйлестіре отырып пайдаланатынын көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: