Олар ағылшын тілінде сөйлесуге бейім емес болды [3].Чанг (Чанг, 2011) эксперименттік
зерттеу жүргізді, онда ол грамматикалық аударма әдісі, Тайваньда шет тілін үйренудің ең
пайдалы әдісі екенін анықтады [4].Мондал мұғалімдерден деректерді жинау үшін сауалнама
әдісін қолданып грамматикалық аударма әдісі Бангладеш студенттері үшін
ең жақсы деген
қорытындыға келді [5]. Валия тілді коммуникативтік оқыту мен грамматикалық аударма
әдісі арасында салыстыру жүргізді. Сауалнаманы Раджхистхан колледжінің оқытушылары
толтырды. Алынған нәтижелер тек бір әдісті қолданудан гөрі екі әдісіті де аралас қолданған
пайдалы екенін көрсетеді [6]Абдул Гафур Аван Д. Г. Хан мектебінде ағылшын тілін үйрену
мен оқытуда тура және аударма әдістерін қолдану бойынша, сауалнама әдісі қолдану арқылы
деректерді жинап, зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқытушылар мен тіл
үйренушілер аударма әдісін таңдады [7]. Сонымен, Елена
Борисовна Шендерук ағылшын
тілін (грамматикалық-аударма және тікелей) оқытудың екі әдісінің де артықшылықтары мен
кемшіліктерін атап. Алынған нәтижелерден ағылшын тілін оқыту үшін қандай оқыту әдісі
қолданылатындығында ешқандай айырмашылық жоқ деген қорытынды жасалады. [8].
Достарыңызбен бөлісу: