38
табиғи кешен үшін маңызын; эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын;
сұрыптау
әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; тірі
ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адам іс-әрекетінің қоршаған
ортаға әсерін; географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді;
географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін,
таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің
жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын; географиялық қабық пен
географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын,
дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін,
жіктелуін және
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің
және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген
өңірлер, елдер және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және
салалық құрылымын, даму жағдайлары мен факторларын; халықаралық
экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің
түрлерін, құрылымын, функцияларын, орналасу факторлары мен даму серпінін;
ғаламдық және өңірлік демографиялық проблемаларды; жекелеген аймақтардың,
елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси
географиялық
жағдайын,
аумақтық-әкімшілік
бөлінуін;
Қазақстан
аймақтарының
табиғи-ресурстық
әлеуетін;
елдердің
типологиясын;
экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың
түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі;
2) шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм,
оптика, атом физикасы, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;
биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың
адам өміріндегі
маңыздылығын; химиялық реакциялардың жүру жағдайларын; тотығу және
қалпына келу процесін; органикалық және бейорганикалық заттар кластарының
арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК Теориялық және қолданбалы
химияның халықаралық одағы халықаралық номенклатурасын; химиялық
өндірістің технологияларын және ғылыми қағидаттарын; микробиологияның
медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын;
жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің
функцияларын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу
қағидаттарын; метаболизм процестерін; жаһандық және жергілікті экологиялық
проблемаларды; жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін;
табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің,
құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің,
аумақтық
кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен
құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық
ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси
процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара
әрекеттестігін; «Байқоңыр» ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық
маңыздылығын түсінеді; [2]
39
3) тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды
сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық
ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; қолданбалы және оқу тапсырмаларын
шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика,
химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді
ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың
жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; ағзалардың әртүрлі топтарын
сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны; географиялық қабық пен
географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын
анықтау әдістерін; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және
навигациялық дағдыларды қолданады;
4) ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді;
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің
сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; заттардың
қасиеті мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты; адам
ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін
микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; биологиялық процестер
мен құбылыстардың заңдылықтарын; тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің
құрылысы мен функциясын; трансгендік технологияларды қолдануға
байланысты
проблемаларды;
биогеоценоздағы
заттар
айналымының
процестерін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен
құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары
саласындағы жетістіктер мен ғылыми
жаңалықтарды қолдану аясын;
географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің
ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның
географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен
орнын талдайды;
5) кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету
үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және
түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды,
қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі
табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;
6) жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды
жүргізу кезіндегі тәуекелдерді, түрлі биологиялық, физикалық және химиялық
процестердің адамның тыныс-тіршілігі
мен қоршаған ортаға әсерін; табиғи
биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; өнеркәсіптің технологиялық
қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға
әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың
маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық
объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану
дәрежесін бағалайды.[2]