42
Есептің шығарылу жолдарын жан - жақты талдау, оны басқа есептер
шығаруға қолдану жақтары да аз қарастырылады. білім
алушы белгілі бір есепті
шығару нәтижесінде алынған жаңа белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына
дейін жеткізілмейді. Яғни фактілер пайдалануда шығарылған есеп білім
алушылардың білімдері мен іскерліктерінің арасындағы байланысты жеткілікті
мөлшерде анықтай алмайды. Мұндай жағдайда есеп шығару процессінде білім
алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жөнінде айту қиынырақ
болады. Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, графиктік,
арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен
қолданылатын – арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар
аударылады.
Мазмұнды есептерді шығарудың арифметикалық
және алгебралық
тәсілдері өзара байланысты, өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен
шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс
істелудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есепті шығарудың арифметикалық
тәсілінен алгебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі деген сөз.
Физикалық мазмұнды есептер шығару кезінде білім алушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы
тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды. Ол үшін есепті
талдаудың мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:
1. Есептің мәнін оқып талдау. Бұл кезеңнің мақсаты – есепте баяндалған
жағдаймен танысу және оны терең ұғыну, оның нысанды жақтары мен
объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.
2. Есептің мәтінін физикалық тілге көшіру. Бұл кезеңде есептің объектілері
үшін шартты белгілер алынып, олардың арасындағы байланыстарға
математикалық, графикалық интерпретация беру – шешу моделін құру.
3. Модельмен жұмыс істеу. Физиканың есептерін шығару кезінде білім
алушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру білім
алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Білім алушылармен жұмысты оқу тәрбие
процесіне қойылған жаңа
талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, білім
алушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып
құрастырылу қажет. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді
қолдануға болады. Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже
береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.
Физика сабағында үлгерімі төмен білім алушыларды педагогикалық, оқу-
әдістемелік сүйемелдеу кезінде әр өтілген сабаққа ерекше назар аудару қажет.
Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау төмендегілерді
айқындайды:
1)
сабақтың
өзектілік сапасы, өздігінен орындайтын жұмыс
қаншалықты табысты орындалды, білім алушылар қандай физикалық
ұғымдарды тереңдетті, қандай жаңа ұғымдарды меңгерді, қандай дағдыларды
игерді, бұрынғы білімнің қаншалықты
көлемін қайталады, білім алушылардың
жауаптарының толықтығы қандай, білім алушылардың сабақты айтып беруі,
материалдың көлемі білім алушылардың мұғалімге қоятын сабақтарының
43
мазмұндылығы және қайталана беретін қателерді талдау үшін жағдай жасалды
ма, білім алушылардың ойлау жұмыс белсенді болды ма, т.б;
2)
білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмысына арналған уақыт
жеткілікті ме, мұғалім түсіндіргенде ұғымдар толық ашылды ма, жаңа
материалдың бұрын оқып үйренген материалмен байланысы болды ма, білім
алушылардың ішінен кім және қаншалықты ілгері басты, кім материалды әлсіз
меңгерді және келесі сабақта кім көмекті қажет етеді;
3)
білік пен дағдыларды қалыптастыру – білім алушылардың өздігінен
орындайтын жұмысының сапасы, кімде қандай табыстар, сәтсіздіктер болды,
білім алушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме, т.б;
4)
сабақтың қандай элементтері білім алушыларға неғұрлым көп
тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты
материалдар келтіру керек, тағы басқалар.[31]
Достарыңызбен бөлісу: