Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет22/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

 
Оқу мақсаттарымен жұмыс 
5-сыныпта білім алушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша 
әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. 
Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын 
образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті 
дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы білім алушыда мәтіннің мәнін түсіну, 
мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу білім алушылардың 
тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі 
(тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен 
қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-
жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. білім алушының көркем 
мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны 
өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, 
дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады.
білім алушылар әдеби шығарманың құрылысын, композициялық жасалу 
тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) 
салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгере отырып, 
талдау жасау және интерпретациялау дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық 
шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік 
шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын 
жүргізу арқылы білім алушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және 
сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау 
үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану зертханасына 
талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, 
өлең жазады.
6-сыныпта білім алушылар түсіну және жауап беру дағдысы бойынша 
әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. 
Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын 
образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті 
дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы мәнерлеп оқу дағдылары дамиды. білім 
алушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі 
нәрсені (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) салыстыра суреттеу мен қарама-
қарсы суреттеу тәсілдерін меңгеру арқылы анализ және интерпретация 
дағдыларын қалыптастырады. 


58 
7-сыныпта білім алушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша 
әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. 
Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын 
образын ашады. Көлемі орташа үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті 
дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы білім алушыда мәтіннің мәнін түсіну, 
мәнерлеп оқу дағдылары дамиды. Көркем мәтінді оқу білім алушылардың 
тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі 
(тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен 
қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-
жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. білім алушының көркем 
мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны 
өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, 
дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады. 
8-9-сыныптарда білім алушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы 
бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын, 
фабуласын, сюжетін анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда 
тура және жанама мінездеулерді жіктейді, көркем шығарманың идеясына сай 
кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы білім алушы 
мәтіннің мәнін түсініп, көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын 
дәлелдеу үшін орынды қолданады, көркем шығармалардан алған үзінділерді 
шығармашылық жұмыстарда қолданады. Көркем мәтінді оқу білім 
алушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің 
төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық 
әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері 
компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, білім 
алушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін 
белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс білім алушылардың 
эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын 
қалыптастырады. 
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері білім алушыларды өздігінен білім 
алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне 
сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай 
алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Тиімді мұғалімдер өз шәкірттерін біледі. Интервенция басталғанға дейін 
де тиімді мұғалімдер жекелеген білім алушылардың когнитивті, әлеуметтік және 
эмоционалдық бастапқы нүктелерін біледі және түсінеді. Олар тереңірек білім 
алуға не ынталандыратынын және ынталандыратынын біледі. Уильям Пауэлл 
және Очан Кусума-Пауэлл (2011) мұғалімдер белгілі бір нәтижелерге қол 
жеткізу үшін әрбір білім алушының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін білуі 
керек екенін түсінеді. Сонымен қатар, ең тиімді мұғалімдер студентті 
«көпшіліктің басқа бет-бейнесі» ретінде емес, әртүрлі қажеттіліктері, күшті 
жақтары және жақсарту мүмкіндіктері бар жеке және бірегей тұлғалар ретінде 
көреді. 


59 
Сол сияқты, жеке білім алушылар өз мұғалімінің оларға қамқорлық 
жасайтынын және жақсы көретінін білгенде, олар мұғалімге студентке 
көрсетілетін қолдаудың дұрыс деңгейі туралы нақты түсінік беретін шынайы 
күш салуға бейім. Бұл қолдау, сайып келгенде, білім алушылар топтың ортақ 
мақсаттарына қарай өзара тәуелді жұмыс істей алатын өз бетінше сенімді, сыни 
тұрғыдан ойлайтын тұлға болуға ынталандырады. 
Білім алушылардың қызығушылығы үшін оқу материалының барлық 
мүмкіндіктерін пайдалану қажет: 
- проблемалық жағдайларды тудыру; 
- өз бетінше ойлауды белсендіру; 
- сабақта білім алушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру; 
- топқа деген оң көзқарасты қалыптастыру; 
- Балалардың жетістігіне шынайы қызығушылық таныту. 
Сондықтан мектептегі және сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие 
үрдісі мен өмірін білім алушылардың оқу әрекетіне ішкі мотивациясын, оқуға 
тұрақты танымдық қызығушылықты және алға ұмтылу сезімін оятып, 
дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. . Сәттілігі төмен білім алушыларға 
қолдау көрсету үшін саралау әдісі қолайлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет