Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Гиппербола (грекше: hyperdole–өсіріп айту, «түймедейді түйедей ету») бір 
затты яки құбылысты әшейіндегі бар қалпынан асырып айту. Мысалға: Көп 
түкірсе көл. Қу сүйектен қуырдақтық ет алады. 
Салп–салпыншақ анау үш өзен, 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағалы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 
Жатып қалған бір тоқты 


51 
Жайылып мың қой болған жер, 
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең, 
Жары менен сайы тең, 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай, 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас. 
Қайран менің Еділім, 
Мен салмадым, сен салдың, 
Қайырлы болсын сіздерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт!... 
Литота (грекше: litotes–қарапайымдылық; денег кот наплакал – қалтада 
соқыр(көк) тиын жоқ. Черепашьи темпы–тасбақа жүріс. БСЭ.М.,СЭ, 1973.-562 
c)- гиперболаға керісінше бір затты яки құбылысты әшейіндегі бар қалпынан 
кішірейтіп, қораш көрсетіп айтатын троп түрі. Мысалы: Әліпті таяқ деп білмеу
Тағы «қара өлеңнен» мысал:
Күнде алшы түсірсең де асығыңды (гипербола) 
Көрмейді жат жұрт сені тасы ғұрлы (литота) 
Шеңгел де өз жерінде дүрілдейді, 
Әркімнің өз елінде басы құнды. 
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де, - поэзияда, көсем 
сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда 
қолданылады. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі 
әдебиетімізде көбіне әсірелеу, яғни гротекс (французша – оқыс, оқшау, 
оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн.
Тавтология (грекше: tauto-бірдей, logos–сөз) –анықтауыш сөздің 
анықталушы сөздің мағынасын қайталауы. Мысалы: қараңғы түн деген сияқты. 
Оксюморон (грекше: oxymoron–аңғырт тапқырлық) –бір–біріне қайшы 
ұғымдардан құралып, образды ұғым тудыратын сөз тіркесі (С. Негимов). 
Мысалы: тірі өлік, қорқақ батыр, жақсы өлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет