С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет10/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ 
ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Адам білімнің арқасында еңбек пен шығармашылықтың белгілі 
саласында жасампаз қызметке қабілетті болады. Білім беру тек дҥниені 
тану ғана емес, сонымен бірге тҧлғаны оның қайталанбас өзгешелігін 
дамытуды қамтамасыз ету. 
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жəне іске асыру туралы 
айта отырып, ең алдымен мынаны анықтап алу маңызды: біріншіден, 
білім берудің мазмҧнында бір нені тҥсінеміз жəне, екіншіден, білім 
берудің қойылуы қалай тҥсінеді. Ең алдымен біз «не береміз» жəне «не 
ҥшін береміз», ал сосын «қалай береміз» анықтап алуымыз қажет. 
Алдыңғы екі сҧраққа жауапты білмей отырып, ҥшінші сҧраққа жауап 
берудің қажеті жоқ, ал сосын білім берудің мазмҧнынан бастайық. 
Білім беру мазмұны проблемасы бойынша педагогика 
классиктерінде көзқарастардың толық біртҧтастығы бар. Олар мектепте 
(университетте, гимназияда, яғни, жалпы білім беру жҥйесінің ресми 
саласында) берілетін білім ешқайда жарамайды. Неліктен? Ең басты екі 
дəлел келітірледі: 1) бҧл өмірге қажет емес, схоластикалық білім, 2) бҧл 
тҧтас білім емес. 
Шын мəнінде, адами білім (барлық адами білім) барлығы бəрімен 
байланысты, барлығы бəріне тəуелді, бҥкіл ағза өмір сҥре алмайтын 
басты бір нəрсесі жəне онсыз өмір сҥре алатын қосалқы бір нəрсесі бар 
бірегей жҥйені, бірегей ағзаны білдіреді. 
М.Монтень айтқандай, нағыз дҧрыс оқыту біздің ақылымызды да, 
біздің əдеп-ғҧрпымызды да өзгертеді. 
В.А.Сластениннің пікірі бойынша, шебер, жаңартушы, жасампаз 
болу ҥшін педагогикалық ҥдерістің заңдылықтары мен механизмдерін 
игеру қажет. Бҧл ойлауға жəне əрекет етуге, өз бетінше педагогикалық 
қҧбылыстарды талдауға, оларды қҧрамдас элементтерге бөлуге, əрбір 
бөлікті тҧтасымен байланыста тҥсінуге, оқыту жəне тəрбиелеу 
теориясында қарастырылатын қҧбылыстың логикасына теңбе-тең 
идеяларды, қағидаларды табуға; оларды 
дҧрыс диагностикалауға - 


оның 
психологиялық-педагогикалық 
ҧғымдардың 
қандай 
категориясына жататынын анықтауға; негізгі педагогикалық 
міндетті (проблеманы) жəне оны тиімді шешу əдістерін табуға 
мҥмкіндік береді
1

Орта жəне жоғарғы кəсіби мекемелер оқушыны (студентті) ең 
алдымен оқыту процесі барысында дайындықтың жоғары деңгейіне 
қол жеткізуге бағыттайды. Білім қорын жинақтау жəне оны игеру – 
бҧл субъективті тҥрде əркімге маңызды болатын тҧлғалық 
шеберлікті қалыптастыруға алғашқы қадам. Педагогикалық 
шеберлікті 
дамыту 
психологиялық-педагогикалық 
пəндерді 
ҥйренуден басталады. 
В.А.Сластениннің айтуы бойынша, кəсіби шеберлік өз 
қызметінде ғылыми теорияға сҥйенетін тҧлғаға келеді. Әрине, бҧл 
ретте адам қиындықтарға кездеседі. Біріншіден, ғылыми теория – бҧл 
жалпы заңдардың, қағидалар мен ережелердің реттелген жиынтығы, 
ал тəжірибе əр уақытта нақты жəне жағдайға байланысты болады. 
Теорияны тəжірибе барысында пайдалану мҧғалімде жиі болмайтын 
теориялық ойлаудың бірқатар дағдыларын талап етеді. Екіншіден, 
педагогикалық қызмет – бҧл білімдердің синтезіне сҥйенетін 
біртҧтас ҥдеріс (философия, педагогика, психология, əдістеме жəне 
т.б. бойынша), ал мҧғалімнің білімі көбіне сөрелерге бөлініп 
қойылғандай болады, яғни, педагогикалық ҥдерісті басқаруға қажетті 
жалпыланған біліктіліктердің деңгейіне жеткізілмеген. Бҧл 
мҧғалімдердің жиі педагогикалық біліктіліктерді теорияның 
ықпалымен емес, оған қарамастан, педагогикалық қызмет туралы 
əдеттегі тҧрмыстық көріністердің негізінде игеруіне алып келеді
2

«Педагогикалық 
шеберліктің 
негіздері» 
пəнін 
ҥйрену 
студенттерді 
тəжірибеге 
дайындайды, 
қызметінің 
бірінші 
кезеңдерінен бастап кəсіби міндеттерін сəтті шешуге мҥмкіндік 
беретін қағидасын дамытады. 
Келесі қағидаларға сҥйенген жағдайда аталған пəнді ҥйрену 
табысты болады. 
Оқытуға біртұтас тәсіл қағидасы білім бастан өткен тəжірибе 
секілді игерілуіне сҥйенеді. Сабақ тақырыптың теориялық 
жағдайлары пікірталас ҥдерісінде, сызбаларды, конспектілерді жасау 
немесе басқа жҥйелендірілген тҥрде тҥсінетіндей етіп қҧрылған; 
сосын алынған білімді педагогикалық қабілеттіктерді дамытатын 
жаттығулар барысында тҥсінеді; ең соңында проблеманың 
маңыздылығын əрбір сабақтың міндетті бөлігі болып табылатын 
тренинг барысында тҥсінеді, онда білімді біліктілікке аударуға 
мҥмкіндік беретін жағдаяттар жасалады. 

Педагогика: оқу қҧралы / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, А. И. Мищенко, 
Е.Н.Шиянов. — М., 1998. 

Сонда. 


Белсенді коммуникация қағидасы топтағы оқушылардың 
(студенттердің) 
белсенділігін 
ынталандыруға 
бағытталған 
тапсырмалар жҥйесін əзірлеуден тҧрады: рөлдік ойындар, жарыстар 
өткізу, қызметтің көрсетілетін фрагменттерін талдау, студенттерді 
сабақ барысын ҧйымдастыруға қосу. 
Педагогикалық әрекеттердің бӛліну қағидасы психофизикалық 
жəне педагогикалық тренинг ҥдерісі барысында жеке тəсілдерді 
бірізді игеруді білдіреді. Әрбір студенттің оқытудың осы немесе 
келесі жылы игеруге тиісті ҧғымдар, біліктіліктер көлемін білуі 
маңызды. Бірінші курс студенті өз сөзін игеруі, педагогикалық 
қатынас жəне ҧйымдастыру техникасының мəдениет элементтерін 
игеруі тиіс. 
Жаттығулар 
мен 
міндеттердің 
түйіндесу 
қағидасы 
педагогикалық 
техниканы 
дамытуға 
жəне 
біліктіліктерді 
шығармашылық тҧрғыда пайдалануға бағытталған. 
Аспектілік тәсіл қағидасы, яғни педагогикалық шеберлік 
бойынша сабақтарды мамандандыруды ескеру. 
Білім мен біліктіліктің практикалық сабақтармен байланыс 
қағидасы базалық мекемелерде (кәсіпорындарда) тәжірибеде ӛтеді, 
онда студенттер оқытушылардың жетекшілігімен оқушылардың 
əрекетін ҧйымдастыруға кезеңімен: бақылаудан бастап сабақ 
фрагменттеріне қосылу арқылы оқу жəне тəрбие жҧмысын өз 
бетінше əзірлеу жəне өткізуге дейін қосылады. 
Кəсіби шеберліктің қалыптасуы колледждің бҥкіл өмірін 
барынша педагогикаландыру жағдайында ғана сəтті жҥреді. Әсіресе 
студенттердің жҧмысы ҥйірмелерде, клубтарда, студияларда 
пайдалы. Тек оқытушылар жəне студенттер ҧжымдарын қарым- 
қатынасы деңгейінде ғана болашақ маманның педагогикалық 
шеберліктің шыңына шығуы мҥмкін, себебі оқыту – қарсы 
белсенділікті талап ететін қосбірлікті ҥдеріс
1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет