8 - сабақ
ЖАНЖАЛДАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШУ
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы :
жанжалдардың себептері мен
ерекшеліктерін
тҥсіну;
адам
қарым-қатынасындағы
тҥрлі
жанжалдармен таныс болу; жанжал жағдаяттарының алдын алу жəне
оларға талдама жасау.
ТАПСЫРМАЛАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
1-тапсырма. «Жанжал кезінде реакция əдістерін бағалау»
(К.Н.Томас). Әдістеме.
Әдістеме жанжал жағдаяттарына адам реакциясының ҥлгілік
əдістерін, кҥрделі жағдайларда оның қарым-қатынасының
беталысын анықтайды.
Бҧл əдістеме адамның қызметкерлер ҧжымында, мектеп
сыныбында немесе студенттер тобында бəсекелестік пен
ынтымақтастыққа қаншалықты бейім екендігін, ол ымыраға келуге
тырыса ма, жанжалдардан қашқақтай ма, жоқ əлде
керісінше,
оларды өршітуге тырыса ма – осының бəрін анықтауға мҥмкіндік
береді.
Сонымен қатар осы əдістеменің көмегімен қандай да бір
ҧжымның əрбір мҥшесінің бірлескен қызметке бейімделу дəрежесін
бағалауға болады.
Педагогикалық қызмет тҧрғысында əдістеменің көмегімен
сыналатын тҧлғаның оқушылар, ата-аналармен, əріптестері немесе
əкімшілікпен жанжалдасу жағдаяттарында оның таңдайтын
əлеуметтік мінез-қҧлқының басым тҥрлерін анықтауға болады.
Әрбір тармақ бойынша өзіңізге ҧнайтын тек бір жауапты таңдау
қажет. Жауап нҧсқасы — «а» немесе «б».
1. а) Кейде мен даулы сҧрақтың шешу жауапкершілігін
басқалардың да өз
мойнына алуына мҥмкіншілік беремін;
б) көзқарасымыз екі жақты сҧрақты талқылағаннан гөрі, екеуміздің
ойымыз бір жерде тҥйіскен нəрсеге көңіл аударуға тырысамын.
2. а) Мен ымыраға
келу жолын табуға тырысамын;
б) мен оны екінші адамның жəне өзімнің барша мҥдделерімді назарға
ала отырып шешуге тырысамын.
3. а) Әдетте мен өз дегеніме табанды тҥрде жетуге тырысамын;
б) мен кейде басқа адамның мҥддесі ҥшін өзімнің жеке мҥдделерімді
қҧрбан етемін.
4. а) Мен ымыраға келу жолын табуға тырысамын;
б) мен басқа адамның сезімдеріне тиіспеуге тырысамын.
5. а) жанжал сҧрағын шеше отырып, мен əр уақытта басқалардың
қолдауын табуға тырысамын;
б) мен пайдасы жоқ жанжалдан басымды аулақ əкету ҥшін, барлығын
жасауға тырысамын.
6. а) мен тек өзім ҥшін жағымсыз нəрселерден қҧтылуға тырысамын;
б) мен өз дегеніме жетуге тырысамын.
7. а) Мен даулы сҧрақты тҥпкілікті шешу мақсатында, оны кейінге
қалдыруға тырысамын;
б) маңыздырақ мақсаттарға жету ҥшін, бірнəрседен бас
тартуға болады деп
санаймын.
8. а) əдетте мен өз дегеніме жету ҥшін, табанды тҥрде талпынамын;
б) мен бірінші кезекте даудың мəнін анықтап алуға тырысамын.
9. а) Қандай да бір орын алған алауыздық ҥшін əр уақытта алаңдамаған
жөн деп ойлаймын;
б) мен өз мақсатыма жету ҥшін кҥш саламын.
10.а) Мен өз мақсатыма жетуге табанды тҥрде талпынамын;
б) мен ымыраға келу шешімін табуға тырысамын.
11. а) Ең алдымен мен дау мəнінің неде екендігін анықтауға
талпынамын;
б) мен басқаларды сабырлыққа шақырып, ең бастысы ортақ қарым-
қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.
12. а) Мен көбінесе дау-дамайды қоздыратын ҧстанымда болудан
қашқақтаймын;
б) егер басқалар мен сияқты жағдайды тҥсінетін болса, онда мен айналамдағы
адамдарға бір нəрсеге деген көзқарасын сақтап қалуға мҥмкіндік беремін;
13.а) Мен аралық ҧстанымды ҧсынамын;
б) мен айтқанымдай жасауға көндіремін.
14.а) Мен өз көзқарасымды басқаларға баяндаймын жəне
олардың
көзқарасын сҧраймын;
б) мен басқаларға логикам мен өз көзқарасымның артықшылықтарын
дəлелдеуге тырысамын.
15.а) Мен басқаларды тыныштандырып, біздің қарым-қатынасымызды
сақтап қалуға тырысамын;
б) мен жанжалдан қҧтылу мақсатында, қолдан келгеннің барлығын
жасауға тырысамын.
16.а) Мен басқалардың сезімдеріне тимеуге тырысамын;
б) мен əдетте өз ҧстанымымның артықшылықтарына айналамдағы
адамдардың көзін жеткізуге талаптанамын.
17.а) Әдетте мен өз мақсатыма табанды тҥрде жетуге талаптанамын;
б) мен пайдасы жоқ жанжалдан басымды аулақ əкету ҥшін, барлығын
жасауға тырысамын.
18. а) Егер бҧл айналамдағыларға бақыт сыйлайтын болса, мен
олардың көздеген мақсаттарына жетуге мҥмкіндік беремін;
б) əріптесім менің жағдайымды тҥсінетін болса, мен оның өз
көзқарасын өзгертпеуіне мҥмкіндік беремін.
19. а) Мен бірінші кезекте даудың мəнін
анықтап алуға тырысамын;
б) мен даулы сҧрақты тҥпкілікті шешу мақсатында, оны кейінге
қалдыруға тырысамын.
20. а) Я пытаюсь немедленно преодолеть наши разногласия;
20. а) Мен көзқарасымыздағы қайшылықтарды бірден
еңсеруге тырысамын.
б) мен ортақ пайданың жəне екеміз ҥшін де бос уақыт өткізудің ең
жақсы ҥйлесімін табуға тырысамын;
21. а) Келіссөз жҥргізе отырып, мен əріптесіме
зейінді болуға
тырысамын; б) мен əрдайым мəселені тікелей талдауға тырысамын.
22. а) Мен əрдайым өзім мен əріптесімнің көңілінен шығатын ҧстанымды
табуға тырысамын;
б) мен өз ҧстанымымды қорғаймын.
23. а) Әдетте мен баршаның көңілі толғанына кҥш саламын;
б) кей кездері даулы сҧрақты шешудің жауапкершілігін басқалардың өз
мойындарына жҥктеуіне жол беремін.
24. а) Егер басқа адам өз ҧстанымын маңызды деп санайтын болса, мен
оны қолдауға тырысамын;
б) мен басқа адамды ымыраға келуге ҥгіттеуге тырысамын.
25. а) Мен басқа адамды өз ісімнің тура екендігіне көзін жеткізуге
тырысамын;
б) келіссөз жҥргізе отырып, мен басқалардың дəлелдеріне зейін қоюға
тырысамын.
26. а) Әдетте мен орташа ҧстанымды ҧсынамын;
б) мен əрдайым əрқайсымыздың мҥдделерімізді қанағаттандыруға
тырысамын.
27. а) Мен көбінесе даулардан қашқақтауға тырысамын;
б) егер бҧл басқа адамға ҥлкен қуаныш сыйлайтын болса немесе осы
жағдаятта оның көшбасшы болып көрінуі қажет болса, онда мен оған өз
айтқанын істетуге мҥмкіндік беремін.
28. а) Әдетте мен өз айтқаныма қол жеткізуге талпынамын;
б) жағдаятты ретке келтіре отырып, мен əдетте басқалардың қолдауын
табуға талпынамын.
29. а) Әдетте мен орташа ҧстанымды ҧсынамын;
б) орын алған келіспеушіліктер ҥшін əрдайым
алаңдай бермеу керек де
ойлаймын.
30. а) Мен басқаның сезіміне тимеуге тырысамын;
б) Мен дауда біз бірге табысқа жететін позицияны əрқашан ҧстанамын.
Нəтижелерін өңдеу. Сауалнаманың бес бөлімінің əрқайсысы бойынша
сіздің кілтке сəйкес келетін жауаптарыңыздың санын санаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: