С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕ ӚЗДІГІНЕН



Pdf көрінісі
бет36/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕ ӚЗДІГІНЕН 
БІЛІМ АЛУЫ МЕН ӚЗІН-ӚЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ 
Әр адамның бірегейлігі еш кҥмəн тудырмайды. Дегенмен 
өзіңді əлемге таныту, өзіңнің бірегейлігіңді көрсету— көп 
адамдар ҥшін ҥлкен мəселе. Жаратушы, не болмаса зияткер 
болып тумайтыны белгілі. Қоршаған орта тҧлғалық қабілетті 
жҥзеге асыруға қандай мҥмкіндіктер береді, көп нəрсе соған 
байланысты. В.И.Журавлевтің айтуынша, XX ғ. 90-шы 
жылдарында педагогикалық ғылымда студенттерді мектепте 
жəне басқа да білім мекемелеріне дайындаудың тҧлғалық 
бағдарланған технологиялары жасалды. 

Сабиров В.Ш. Білім философиясының пəні // Сібір мҧғалімі . — 2004. — № 6. 

Жоғары кəсіптік білім мекемелерінде студенттермен сабақтан тыс жҧмыстарды 
ҧйымдастыру бойынша ҧсынымдар : Ресей Федерациясы білім Министрлігінің 2002 ж.20 
наурыз.хаты № 30-55- 181/16 (Д). 


Студенттер өзінің кəсіптік бет-бейнесінің моделін еркін таңдап, оны 
тҥрлі авторлық бағдарламалар арқылы жҥзеге асыра алады. 
Мектептегі қамқоршылықтан тыс қалған студент кəсіптік білім 
беретін оқу орнында өздігінен білім алу мен өзін-өзі тəрбиелеу 
сияқты дағдыланбаған жҧмыс қалпымен бетпе-бет келеді. 
Ӛздігінен білім алу — болашақ маманның өсу негізі. Ю.П.Фатнева 
жҥргізген əдебиет сараптамасы көрсеткендей, өздігінен білім алу 
белгілі бір жеке тҧлғалық жəне қоғамдық маңызды білім беру 
мақсаттарына жетуге бағытталған, арнайы ҧйымдастырылған, 
өзіндік, жҥйелі танымдық қызмет; ҥздіксіз жалпы жəне кəсіптік 
білімнің арқасында адамның рухани дамуы белсендіріледі, кеңейеді 
жəне олқылықтардың орны толады. 
Тҧлғалық жəне кəсіби өсім өздігінен білім алу мен өздігінен 
жетілу процестеріне тікелей байланысты, ол болашақ педагогқа оның 
дамуы мен өзін дамытуында қолға алған ісіне

шығармашылықпен 
қадам басудағы қызметінде танылуға ықпал етеді. 
Академик Д.С. Лихачев жастарға былай деп жазып кеткен: 
«Ҥнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар өмірінің соңына дейін 
оқытып қана қойған жоқ, өздері де оқыған. Өзің оқуды тоқтатсаң — 
оқыта да алмайсың. Өйткені барлық білім өседі жəне кҥрделенеді»
3

Тəрбие мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеу—тҧлғаны қалыптастырудың қос 
тарапының біртҧтас процесі
4

Отандық психологтар мен педагогтар А.А.Арет, А.Г.Ковалев, 
А.И.Кочетов, Л.И.Рувинский жəне басқалар жҥргізген зерттеулер 
тҧлға қоршаған ортаны тҥрлендіретін белсенді кҥш қана емес, оны 
қҧрушы да болып табылатынын сендіре дəлелдеген. 
Л. Н. Толстой өзін-өзі тəрбиелеудің мынадай міндеттерін 
белгіледі: «Мен ҥшін өмірдегі ҥш кемістіктен: мінезсіздіктен, 
ашуланшақтықтан жəне жалқаулықтан қҧтылған маңызды»
5

Адамның тҧлғасы— Төл жəне қоғамдық, сыртқы жəне ішкі, 
адамдардың санасы мен еркіне тəуелсіз жəне тəуелді, стихиялық 
немесе белгілі бір мақсаттарға қатысты əрекет ететін факторлардың 
əсерінен қалыптасады жəне дамиды. 

Журавлев В.И. 
Университет студенттерінің субьективті-бағдарланған кəсіби 
қалыптасуы // «XXI ғасырға арналған педагогикалық білім» халықаралық ғылыми - 
тəжірибелік конференциясының материалдары— 1994, М. 

Фатнева Ю.П. ЖОО-да болашақ маманның кəсіби өсуінің шарты ретінде өздігінен білім 
алуға дайындығы // Білімді жетілдірудің мақсаты ретінде мамандардың кəсіптік біліктілігін 
қалыптастыру: Жалпыресейлік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары. — 
Орынбор, 2005. 

Лихачев Д. С. Игі іс пен əдемілік туралы хаттар —1956, М.,. — 74 б. 

Педагогика: оқу қҧралы / Ю.К.Бабанскийдің ред.. — 1983, М. 

Толстой Л.Н. Тол.шығ.жин. — 46 Т. —1934, М.; Л.,. 


Мҧндайда адамның өзі сылбыр жаратылыс ретінде емес, өзінше 
қалыптасқан жəне дамыған субьект ретінде алға шығады
1

Тҧлғалық қасиеттерді қалыптастыру тҧлғаның оқуға деген 
ҧмтылысынсыз, 
оның 
оқу-танымдық 
белсенділігінсіз 
қалыптаспайды. Өзін-өзі тəрбиелеу мен табанды жҧмыстың 
арқасында адам өз бойында мықты тҧлғалық қасиеттерді 
дамытады. Белгілі француз философы Ж. П. Сартр тҧлға ретінде 
дамуда өзін-өзі тəрбиелеудің ролін ерекшелей отырып, адам өзінен 
өзі не жасайды, сол болады деген. Осының бəрі тҧлғаны 
қалыптастырудағы 
өзін-өзі 
тəрбиелеудің 
маңызды 
роль 
атқаратынын білдіреді. Өзін-өзі тəрбиелеудің психология мен 
педагогикадағы теориялық жəне əдістемелік негіздері А. Г. 
Ковалев, Д.М.Гришин, А. И. Кочетов, Л.И.Рувинский жəне тағы 
басқа

ғалымдармен жасалған. 
Өзін қалыптастыру— бҧл өз əрекетінің қалаулы мотивін, 
обьективті мақсатты субьективті деп сезінуден жəне қабылдаудан 
басталатын өзін-өзі тəрбиелеу. Адамның өз іс- əрекетінің немесе 
қызметінің белгілі бір мақсатын субьективті қҧру саналы 
еркіндікті тудырады, ертеңгі кҥнге деген əрекет жоспарын 
анықтауға итермелейді. Осы мақсатқа жету жолында объективті 
де, субъективті де кедергілердің қатар жҥруі сөзсіз.Соған орай, 
тҧлғаны дамытудың, оның зияткерлік қабілеті мен қоғамдық сана- 
сезімнің белгілі бір деңгейінде адамның тек сыртқы мақсаттар 
туралы ғана емес, өзінің жеке тəрбиесі туралы да тҥсінігі 
қалыптасады. Ол өзіне өзі тəрбие субьектісі ретінде қарай 
бастайды. Осындай жаңа, жаратылысы бөлек тҧлға факторын 
қалыптастыруда адам тəрбиешіге айналады. К. Д. Ушинский өзін 
тəрбиелеуге мыналар көмектесті деп есептейді: «... сабырлылық, 
тым болмағанда, сыртқы; сөз бен істің туралығы; əрекетті ойланып 
жасау; табандылық; қажет болмаса, өзі жайлы əңгіме қозғамау; 
уақытты санасыз өткізбеу; қолға тҥскен емес, өзіңе ҧнаған іспен 
айналысу; қҧмарлыққа шығындалмай, қажеттіге немесе ҧнамдыға 
шығындалу; əр кҥні кешке жасаған істеріңе риясыз есеп беру; 
болған жағдайға да, бар нəрсеге де, болатын дҥниеге де 
мақтанбау»
3


Педагогика: оқу қҧралы / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, А. И. Мищенко, Е.Н.Шиянов. 
—1998, М. 

Харламов И. Ф. Педагогика: оқу қҧралы. — 4-ші бас., өңд. жəне қос. —1999, М. 
Ушинский К.Д. Шығ.жинағ.-11.Т.-М.,1952. 

Ушинский К.Д. Собр.соч. — Т. 11. — М., 1952. 


— 
тҧрақтылық (кездейсоқ, оқиға, тҧрақты); 
— 
жеке тҧлғаны қалыптастыру тиімділігі (басты жəне 
көмекші қызметті атқарады). 
Өзін тəрбиелеудің белгісі ретінде өзіндік сана-сезім, 
қызығушылық, бағыттылық,өзін басқара білу жəне т.б. айтуға 
болады. 
КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
САНА-СЕЗІМ 
Педагогтың тҧлғалық сипаттамасында 
кәсіби педагогикалық 
сана-сезім, 
маңызды роль атқарады, оның қҧрылымына мыналар 
енеді: 
— 
педагогикалық мамандықта педагогтық нормалар, 
ережелер, моделін сезіну, кəсіби кредоны, педагогикалық 
еңбектің концепциясын қалыптастыру; 
— 
кейбір кəсіби эталонмен байланыстыру, сəйкестендіру; 
— 
өзіңді кəсіби референттік адамдарға қарап бағалау; 
— 
өзіңді бағалауда ерекшеленетіндері: а) когнитивтік 
аспект, өзіңді, өз қызметіңді ҧғыну; б) эмоциялық аспект ( 7 
сур.)
1

Ғалымдар 
В.А.Мижериков 
пен 
Т.А.Юзефавичустің 
пайымдауынша, болашақ педагог кəсіби қалыптасудың белгілі 
бір сатысында осындай қҧрылымдарды өз бойынан таба білуі 
тиіс. 
7 сур. Кəсіби педагогикалық сана-сезімнің қҧрылымы 
1
Маркова А.К. Мҧғалім еңбегінің психологиясы. —1993, М. 


оң қасиеттердің жолдары мен қҧралдарын табу жəне 
терістерін бейтараптандыру мен ығыстыру. 
Педагог деген жоғары атаққа сəйкес болу ҥшін, осы 
мамандыққа өзін арнаймын деген студент қоғамның игілігі 
ҥшін кҥрделі де сан қырлы қызметке дайындалу жолында өзін 
дамытуға ҧмтылуы керек, өзінің таңдауымен немесе өзге де 
жағдайларға қатысты осы іске өзін сарқа жҧмсауға шешім 
қабылдағаннан кейін оны артығырақ жасауы тиіс. Қазіргі 
сəттегідей болып қалу жеткіліксіз. 
Ол ҥшін одан сайын жақсы болуға, бойыңдағы 
кемшіліктерді жойып, өмірде ғана емес, кəсіби-педагогикалық 
қызметте

аса қажет жаңа қабілеттерді қалыптастыруға ҧмтылу 
керек. 
*** 
Өздігінен білім алу мен өзін-өзі тəрбиелеу — тҧлғада 
болатын педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен 
болашақ маманның кəсіби қалыптасуына қажет ішкі 
процесс. 
Өзіңнің кемшіліктеріңді тҥсіну аса маңызды. Неміс 
жазушысы Т.Манның есептеуінше, өзін танығаннан 
кейін ешкім де бҧрынғыдай болмайды. 
Академик Д.С.Лихачевтің айтуынша, бҥгін адамның 
міндеті — зиялы болу, ал бҧл өз халқына қалтқысыз 
қызмет ету дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет