Байланысты: Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық
Бейнелілік, тҧлғаның психикалық жағдайын тҥсінуді дамытуға арналған жаттығулар 5-Жаттығу. Ишарат қылығы ҥлгісінің көмегімен адамның
эмоционалдық қалпын анықтау.Фотосуреттерде көрсетілген
қылық эталонының көмегімен қуаныш, қорқыныш жəне т.б.
көңіл-кҥйлерді анықтауға болады.
Бағдарлау оңай болу ҥшін, жағдайды көзге елестетіп, оның
сипатын сөзбен беріп, оған қатысушылардың қылықтарын
сипаттау керек. Танымдық белгілерін жіктеу керек.
6-Жаттығу. Бейнелеу арқылы эмоционалдық көңіл-кҥйді
анықтау. Фотосуреттер беріледі (немесе слайдтар). Адамның
эмоционалдық көңіл-кҥйін сипаттап, алға тартылған жағдайға
өзіңді қойып көріп, оның мазмҧнын анықтап, аталған істің мəн-
жайы қандай сезімге жетелейтінін анықтау.
Іс-əрекет логикасын ишарат арқылы еске тҥсіру ҥшін
фильмдердің кадрларын (дауысын өшіріп) жəне жеке
кадрларды, фотосуреттерді пайдалануға болады.
7-Жаттығу. «Бҧл кім?». Топтағы бір студенттің ишарат
қылықтарына алдын ала сипаттама беру. Сабақта оны
адресатты айтпай оқып шығу. Топ оның кімге қатысты екенін
анықтайды.
8-Жаттығу. «Айна». Оның қылықтарының сыртқы бейнесін
өзіңізге көшіру арқылы өзге адамды тҥсіне білуге ҥйренуді
дамытуға бағытталған.
Студенттер жҧптасып жҧмыс істейді. Бірі жҥргізуші. Оның
міндеті — таңдап алынған жағдайды ойша саралау. Екіншісі
оның кескіні болады, яғни алдында тҧрған адамның барлық
қимылдарын қайталайды. Айна тек қолдың, аяқтың, дененің,
адамның басындағы өзгерістерді ғана көрсетпейді,оның
сезімдерін, көңіл-кҥйіндегі ҧсақ өзгерістерді де көрсетед. Аз
əрекетті жасау ҥшін, студент сол кісінің көңіл-кҥйі қандай
екенін,ол неге белгілі бір əрекетті жасап жатқанын тҥсінуі тиіс.
Бҧл адамның рухани əлеміне енуге ықпал етіп, қылықтарының
сыртқы бейнесін нақты беруге ықпал етеді.