Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет64/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   244
«Saulem Taisa-Tai!
...Ауылыма келгеніме бүгін сегізінші күн, етжақын туғанда-
рым мен туған даламның мейірімді құшағындамын. Даланың 
қиыр түкпіріндегі Шыбындыкөл табиғи тоспасының жағасын-
дамыз. Жүз шақырым төңіректе ешқандай тау жоқ, шексіз 
сары жон, соның әр жерінде мал бағып отырған ауылдардан өзге 
тірі пенде көрмейсің. Өңкей құмайт, шөлейтті иен жазық... Осы 
өңірде мал баққан біздің қа зақ тар. Әрине, олар үшін бұл қадірлі 
де қымбат әрі жұпыны тірлік. Мен болсам, сығандардың Алекосы 
құсап содан да рахат тауып, сахара қызығына тоймаған құ-
дайдың еркесімін...
Шыбындыкөл – біздің қазақ даласындағы ірі су қоймалары-
ның бірі, айдынының аумағы – 8х10 шаршы шақырым, оны 
қоршаған еңістің көлемі, сірә, 20х30 шаршы шақырымға сөз 
айтпас деймін. Көлдің табаны – майда батпақ, ал жағасы 
құмайт тау жыныстарынан түзілген... Көлдің жа ралу, кеңею 
мен айдыны тарылу тарихы, меніңше, бірнеше кезеңге бөлін-
ген. Тұ 
жы 
рым 
дап айтқанда, мынадай: ең әуелі аса күшті 
қатпарлы, күрделі палеозойды көр ген; үшінші дәуірде пәрменді 
сығымдауға тап болған; соның артынша, бәл кім, сәл кейінірек 
түрлі тұнбалармен тола бастаған; жан-жағы алаңқай жер-
де түзілгендіктен жел айдап келген ұсақ тас, құм және түр лі 
жыныстар еңіс тү біне шөккен; ақы рын да тағы да сығымдалу 
процесі жүріп, ойпаң жаралып, қар суымен осы күнгі шалқар 
көлге айналған. Кө не көз қарттардың айтуынша, бұдан елу жыл 
бұрын көлдің ау ма ғы шағын болыпты, ал жағалай қалың қа мыс 
өскен, су айдыны соң ғы жылдары ересен кеңейіп, ау мағы ат шап-
тырым жерге созыл ған...»
Осы арада Қанекеңнің хатын үзіп, ғалымның тетелес інісі Тәр-
мізи ИМАНТАЕВ ақсақалдың 1966 жылы бізге сыр ғып шерткен 
әңгімесін келтіреміз: 
«Сол жылы Би атам тұ нып тұрған балауса құрағын қимады 
ма, кім білсін, көл жағасынан құдық қаздырды. Өз отауынан 
ұйқысын қандырып, күн арқан бойы көтерілген кезде сыртқа 
шыққан Қаныш ағай ми қайнатқан ыстықта құдық қа 
зып 
жатқан біздің қасымызға келіп, күрекке жұққан қоймалжың саз-
ды тіліне басып көрді де, басын шайқап: «Мына жерден тұ щы су 
шықпайды, жүз құлаш қазсаңдар да бос әуре!» – деді. Рәсім бойын-


157
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ша әр үйден құрт, май, ірімшік алғызып, соның бәрін дастарханға 
үйгізіп қойып, жөн-жоба айтып отырған үлкендердің бірі: «Оқуың 
та сып тұрса, тұщы су тауып бер, ал біз өз білгенімізді істеп жа-
тырмыз...» – деп ре ніш білдірді. Қанекең үндеген жоқ, көлге шо-
мылды да, отауына кетіп қалды. Құ дықтан шыққан су кермек 
татыған соң, ауыз су ды арбамен алыстан әкел дік. Келесі күні 
Қаныш ағай мені, Мұқышты, Нұрланды Сұң қарқия биігінің көлге 
қараған күнбатыс бетіндегі өзекшеге алып келіп: «Тура осы жер-
ді қазыңдар, тұщы су көзі тереңде емес», – деді. Айтқаны дәл 
шықты. Кісі бойы қазғанымызда мол суға кезік тік... Ертеңінде 
ауылды сол жерге көшіріп, көл жағасында не ше күн еру болдық. 
Сол көз әлі де бар, біз дің ауыл көшіп-қонған осы жұртты содан бы-
лай «Қанышқұдық» дей тін болдық...»
Қаныш Имантайұлы Зыряндағы нақсүйеріне хатында осы жа-
йында да сөз еткен:
«...Шыбындыкөлдің батыс жағалауындағы жазғытұрымғы 
су шайған жарқабақтан палеозой жыныстарын көріп, құдықты 
сол жерден қазуға кеңес бердім. Болжауым дұрысқа шығып, ауыз 
суға кенелдік. Осы оқиғадан соң беделім күрт өсіп, ауылдаста-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет