246
құжат айналымын ұйымдастыру, әртүрлі ақпарат түрлерімен алмасу
бизнесті ұйымдастырудың қолданыстағы моделін көзбен шолуға
мүмкіндік береді. Бұл ұйымды басқару міндеттерін шешу үшін алдыңғы
қатарлы инженерлік технологияларды пайдалану мүмкіндігін береді.
BPwin функционалдық модельдеуді, жұмыс ағындарын және
деректер ағындарын модельдеуді қолдайды. Тиісті диаграммалар IDEF0,
IDEF3 және DFD стандарттарының негізінде іске асырылған.
Функционалдық
модельдеу, жүйелі түрде орындалатын міндеттерге
(функцияларға)
назар
аудара
отырып,
бизнес
процестердің
жүйелендірілген талдауын жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Жұмыс
ағынын модельдеу процесті орындаудың логикасын талдауды
қамтамасыз етеді. Дерекқорды модельдеу әртүрлі міндеттердің
арасында деректерді алмасуға назар аударуға мүмкіндік береді. Мұнан
басқа, BPwin жекелеген модельдер құрылатын болғандықтан, сондай-ақ
аралас модельдер де құрыла алады.
Ұйымның жұмысын кешенді түрде талдау, және үлкен модельдерді
құру үшін, BPwin-де талдап-тексеру қарастырылған. Модельдер
топтарға бөлінеді. Әрбір модель талдап-тексерудің
төменгі деңгейінде
беріледі. Сонымен бірге, модельдер мен олардың элементтері
арасындағы өзара байланыстылық сақталады. BPwin көмегімен
модельді құрамдас бөліктерге бөлуге, олардың әрқайсысымен жұмыс
жасауға болады, содан кейін қайтадан бірыңғай
модельге біріктіруге
болады.
BPwin модельдердің келесі түрлерін құруға мүмкіндік береді:
■
IDEF0
стандартының
негізінде
құрылған
функционалдық
диаграммалар;
■
IDEF3
стандартының
негізінде
құрылған
жұмыс
ағыны
диаграммалары. Бұл диаграммалар, тапсырмаларды белгілі бір
жүйелілікте беру арқылы процестің логикасын көрсетуге мүмкіндік
береді. Кейінірек бұл модельдерді динамикалық модельдерді құруға
арналған негіз ретінде пайдалануға болады;
■
деректер ағынының диаграммалары;
■
бағалық талдау модельдері. Бұл модельдер бағалық талдау ережелері
бойынша тұрғызылады (Activity Base Costing - талдау). Модель, егер
толығымен аяқталған және кереғар емес функционалдық модель бар
болған жағдайда ғана тұрғызылауы мүмкін. Функционалдық
модельдердің осы тапсырмаларының
әрқайсысына шығындарды
таныстыратын метрикалар тағайындалады. Модель үшін шығын
орталықтары анықталады. Нәтижесінде бағалық талдау моделі пайда
болады;
■
динамикалық
модельдер.
Бұл
модельдер
жұмыс
ағыны
247
диаграммасының негізінде тұрғызылуы мүмкін. BPwin процесі
тапсырмалары жағдайларының дикретті өзгеруінің барысында
әсерді зерттеуге мүмкіндік береді. Ол үшін процесс қылығының
әртүрлі сценарийлері берілуі мүмкін.
BPwin-нің модельдер мен жобаларды құжаттау құралдарының кең
жиынтығын бар екендігін айта кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: