К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет157/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195
Байланысты:
foreign 745

ЗАМАНАУИ CASE-ҚҰРАЛДАРҒА 
ШОЛУ 
 
Oracle Desinger 
 
Oracle фирмасының Oracle Designer CASE-құралдары, Oracle 
Developer және Oracle қосымшаларының құралдарымен бірігіп 
қамтамасыз ететін біріктірілген CASE-құрал болып табылады. 
Oracle 
компаниясының аталмыш өнімі, деректерді өңдеу 
қосымшасын құрудың барлық кезеңдерін толық қолдауы мүмкін. 
Дегенмен, басқа құралдардан айырмашылығы, ол тәжірибе жүзінде бір 
мақсаттық ДББҚ - Oracle Server қолдайды. 
Қүрылымы және қызметі. Oracle Designer әдістер мен оларды 
қолдайтын бағдарламалық өнімдердің тұқымдасын білдіреді.
Oracle 
Designer 
пәндік 
саланың 
әртүрлі 
модельдерін 
(диаграммаларды) әзірлеу кезінде графикалық интерфейсті қамтамасыз 
етеді. Модельдерді құру барысында олар туралы ақпарат репозиторийге 
енгізіледі. Oracle Designer құрамына кеесі компоненттер кіреді: 
■ 
Repository Administrator - репозиторийді басқару құралдары 
(қосымшаларды құру және жою, әртүрлі пайдаланушылар 
тарапынан деректерге рұқсатын басқару, деректердің экспорты және 
импорты); 
■ 
Repository Object Navigator - репозиторийдің барлық элементтеріне 
көп терезелі нысанға бағытталған интерфейсті қамтамасыз ететін, 
репозиторийге рұқсат құралы; 
■ 
Process Modeler - бизнес-процестер реинжинирингі және сапаны 
11.5.
 


242 
басқарудың жаһандық жүйесінің тұжырымдамаларында негізделген 
ұйымның қызметін талдау және ұйымдастыру құралы; 
■ 
Systems 
Modeler 

«болмыс-байланыс» 
диаграммаларын, 
функционалдық иерархиялар диаграммалары, деректер ағын 
диаграммаларын құруға арналған құралдарды және әртүрлі типтегі 
репозиторийлердің байланыс нысандарын талдау және түрлендіру 
құралын қамтитын, жобаланып отырған ақпараттық жүйенің 
функционалдық және ақпараттық моделін құру құралдарының 
жиынтығы; 
■ 
Systems Designer - реляциялық дерекқорын құру құралын (Data 
Diagrammer), сондай-ақ деректермен өзара әрекеттестігін көрсететін 
диаграмманы құру құралдарын, сақталынатын рәсімдермен іске 
асырылатын, қосымшалардың иерархияларын, құрылымын және 
логикасын қамтитын, БҚ жобалау құралдарының жиынтығы; 
■ 
Server Generator - Oracle ДБ нысандарын сипаттау генераторы 
(кестелер, индекстер, кілттер, жүйеліліктер және т.б.). Oracle басқа 
генерация және ДБ реверсті инжинирингі (шектеулерімен) DB2, MS 
SQL Server, Sybase ДББҚ үшін орындала алады, сондай-ақ ANSI SQL 
DDL стандарты және ODBC арқылы рұқсат алынатын деректер 
базасы үшін орындалады; 
■ 
Forms Generator (Oracle Forms арналған қосымшалар генераторы). 
Генерацияланатын қосымшалар өзіне әртүрлі экранды формаларды, 
деректерді бақылау құралдарын, тұтастығын шектеуді тексеру және 
автоматты түрде еске салу құралдарын қамтиды. Қосымшамен 
кейінірек жұмыс істеу Oracle Developer ортасында орындалады; 
■ 
Repository Reports - Oracle Reports біріктірілген және есептерді 
орыстандыруға, сондай-ақ ақпараттың құрылымдық берілуін 
өзгертуге мүмкіндік беретін стандартты есептер генераторы. Oracle 
Designer репозиторийі барлық жобалау деректерінің қоймасын 
білдіреді және бірнеше әзірлеушілермен ақпаратты қатарлас 
жаңаруын қамтамасыз ететін көп пайдаланушылар режимінде 
жұмыс істей алады. Жобалау процесінде сөздіктің нысандары 
арасындағы тоғыспалы сілтемелер автоматты түрде сүйемелденеді 
және модельденетін пәндік сала туралы 70-тен астам стандартты 
есептер генерацияланады. Репозиторийді сақтаудың табиғи ортасы - 
Oracle дерекқоры. 
Oracle Developer басқа қосымшалар генерациясы сондай-ақ Oracle 
Wfeb Application Server, C++ және Visual Basic үшін де орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет