Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет22/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары 
1. Тұлғаның дамуындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның 
ықпалы.
2. Эрос, танатос ұғымдарының мəні.
3. Тұлға құрылымы мен қорғаныс механизмдеріне сипаттама. 
Мысалдар арқылы түсіндіру.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. З. Фрейд бойынша тұлғаның негізгі үш тұжырымдамалы 
жүйесі.
2. З. Фрейдтің мотивация теориясы бойынша инстинктер адам 
мінез-құлқының қайнар көзі ретінде.
3. Қорғаныс механизмдерінің адам өміріндегі мəні.
4. З. Фрейдтің адам жəне қоғам жайлы пікірлері.
5. З. Фрейдтің еңбектеріне аннотация жасау.


50
Реферат тақырыптары
1. З. Фрейдтің психодинамикалық теориясының мəні.
2. Психикалық дамудың факторлары: қоғамдық-тарихи 
тəжірибенің ықпалы.
3. Тəрбие мен оқыту қоғамдық-тарихи тəжірибені жеткізудегі 
арнайы ұйымдастырылған тəсіл ретінде.


51
3.2 Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайында
Жоспары:
1. Негізгі заңдылықтары
2. Ойлау дамуының кезеңдері
3. Эгоцентрлік ойлау мен сөйлеу мəселесі
1. Негізгі заңдылықтары
Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған 
тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа əдісін 
– ойлау дамуының заңдылықтарын жəне қызмет етуін зерттеуге 
бағытталған клиникалық əңгімелесу əдісін ұсынады. Психологтың 
ойынша əңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді, 
өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары 
зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша 
əңгімелесу əдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

ересектің сұрақтары баланың тəжірибесінен бөлек болуы 
тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды 
қоюға болмайды;

əңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс. 
Зерттеуші балаға сұрақ қойғанда ойлаудың факторларымен
себептері жайында қайсыбір болжамын тексереді, ал жауабын 
алғанда ол сол болжамды дəлелдейді не жоққа шығарады. Сол 
себепті клиникалық əңгімелесу əдісінде сұрақ қоюдың қатаң, стан-
дартты реті болмайды. Олар баланың жауаптарына байланысты 
жəне зерттеушімен верификацияланатын болжамның түрленуіне 
сəйкес икемді өзгеріп отырады. 
Ж. Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы – бұл эгоцен-
тризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы. 
Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді:
1) субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін жəне қоршаған 
əлемді ажырата алмаушылық;
2) эгоцентризм – дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге 
қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық;
Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да 
ықтималды көзқарастармен реттеу.


52
Пиаженің бала ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді 
ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм – бұл
құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында 
қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің 
ерекше танымдық ұстанымы. 
Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге 
асады. Біріншісі – əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау 
түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының 
шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге 
дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың да-
муын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыс-
тарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды. 
Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы 
жəне оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында 
тұтас дəуірді құрайды. Олардың тарихи мəні өте зор.
Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойла-
уын клиникалық зерттеу əдісінің көмегімен балалар логикасының 
ерекшеліктерін əдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен жəне 
кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта 
жүргізді.
Баланың ойлау мəселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені 
бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тен-
денциясына қарама-қарсылыққа алып келеді деп айтуға болады. 
Дəстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын 
кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз 
сипатта қарастырады. Ж. Пиаже бала ойлауының сапалық 
өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын 
үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі 
туралы білгілері келді жəне бала ойлауының ерекшеліктері 
оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құрауға, мағыналарды 
біріктіруге, т.б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды.
Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың 
ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен 
қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мəселелерге 
аударылады.
Бала ойлауының əртүрлі ерекшеліктерін біріктіріп тұратын 
орталық тізбектің мəні неде? Ол Ж. Пиаже теориясының негізгі 
көзқарасы тұрғысынан, бала ойлауының эгоцентризмінен тұрады. 


53
Бұл – оның барлық жүйесінің негізгі жүйкесі, бұл – оның барлық 
құрылысының басты бөлігі. Ж. Пиаже бала логикасына тəн 
белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. 
Барлық белгілер жиынтықты құрады, ал ол өз кезегінде баланың 
логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлау мен 
баланың іс-əрекетінің эгоцентрлік сипаты жатыр. Бала ойлауының 
басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктерінен туындап 
отырады жəне оның дəлелдеуіне немесе жоққа шығарылуына 
байланысты бала логикасының əркелкі белгілерін біртұтас етіп 
біріктіріп, ұғындырып, мағыналап, тұруға ұмтылатын теориялық 
жалпылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки 
түседі. Мəселен, автор синкретизмді бала эгоцентризмнің тікелей 
нəтижесі дейді. (Ж. Пиаже, 1932, 370-бет)
Л. С. Выготский ересек адам ойымен салыстырғанда, 
бала ойлауының сапалы өзінділігінің жинағын құрастырып, 
тұратын басқа ерекшеліктерімен байланыстағы бала ойлауының
эгоцентристік сипатына көңіл бөлген. Ж. Пиаже эгоцентрлік ой-
лауды генетикалық, функционалдық жəне құрылымдық көзқарас 
тұрғысынан аутистикалық ой мен бағытталған ақылды ойлаудың 
арасынан орын алған өтпелі, аралық ойлаудың даму тарихындағы 
аралық құрылым.
Ойлаудың бірінші түрі – əлеуметтік. Ол дами отырып, 
тəжірибе мен таза логика заңдарына бағынады. Аты көрсеткендей, 
аутистік ойлау индивидуалды жəне арнайы заңдар жинағына 
бағынады.
Осы аралық түрлердің ішіндегі ең бастысын эгоцентрлік ой-
лау, яғни ол – балалардың ойлауы сияқты, шынайы ақиқат дүниеге 
бейімделуге тырысатын ойлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет