140
мен ретсіз қозғалыстарды жүзеге асыра бастайды, əлдебір дыбы-
старды айтуға əрекеттенеді. Осындай
психикалық көріністердің
барлығы аффективті ортадан бастау алады. Күлімсіреу – өзгеге
бағытталған ым. Барлық экспрессивті құралдар баланың ересек-
пен қарым-қатынасынан туындап, қарым-қатынастың мақсаттары
үшін дамиды. Күлімсіреудің алдында бала ересектің бет əлпетіне
бірнеше секундқа тоқталып, көзбен түйісуге тырысады. Ол жиі
бала өмірінің үшінші аптасында орын алады. Кейін 1-2 апта өткен
соң, бала алғаш рет күлімсірейді.
Осылайша, баланың психикалық өмірінің бастауы дифферен-
циация, даралану сəтіне байланысты болады. Ересек əрекеттері
мен бала реакцияларының алмасуы оның индикаторы ретінде
көрініс береді: ересектің күлімдегеніне баланың реакциясы жəне
керісінше. Бұл баланың ересек іс-əрекетіне немесе қоршаған
ортаның өзге де ықпалдарына қатысты əрекеттерінің реттелуін
дəлелдейді.
Дағдарыс орыналған жас шамасы негізгі төрт ерекшеліктері-
мен айқындалады. Дағдарыстың алғашқы үш ерекшелігі үш
жастағы дағдарыстың классикалық
сипаттамасын қамтитын
Келердің
еңбектерінен
бастап,
психологияда
ертеректе
қарастырылған болатын. Төртіншісі алғаш рет Л. С. Выготскийдің
еңбектерінде көрсетіледі.
Дағдарыстың ерекше динамикалық құрылымы. Біріншіден,
дағдарыстың шекарасы нақты белгіленбеген. Балалардың
тəрбиесінде дағдарыстың қай уақытта басталып, аяқталғанын
байқамай да қаласың. Екіншіден, кез келген дағдарыс
дағдарыс
алды, шарықтау шегіндегі дағдарыс жəне
дағдарыстан кейінгі
деп үш кезеңді қамтиды. Дамудың жағымсыз белгілері дағдарыс
алды немесе жағымсыз кезеңде біртіндеп, кейін жылдамдықпен
жəне шарықтау шегіне жеткенде апатты артуымен сипатталды.
Жағымсыз кезең баланың қоғамдағы орынының мүмкіндіктеріне
сəйкессіздігін анықтауымен ерекшелінеді. Ондай сəйкессіздік
тəрбиенің қиындықтарында, бұрынғы қызығушылықтары мен
жетістіктерінде көрініс береді. Дағдарыстың шарықтау шегі –
баланың əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнының, дамуының
бұрынғы əлеуметтік жағдаятының баланың жаңа мүмкіндіктерімен
арасындағы қарама-қайшылықтың күрт ушығуы жəне дамудың
əлеуметтік жағдайының қайта құрылуы.
Дағдарыстан кейінгі
141
немесе жағымды кезең дамудың сипатын жағымды өзгерістер
мен дағдарыстың жаңа құрылымдарының қалыптасуына қарай
өзгертеді. Бұл кезеңде баланың мінез-құлқындағы жағымсыз
көріністер біртіндеп реттеле бастайды.
Тəрбиелеудің салыстырмалы қиындығы. Дағдарыстың
аталмыш
ерекшелігі
баланы
тəрбиелеуде
туындайтын
қиыншылықтардың бастапқы деңгейіне қатысты салыстырмалы
болып табылады. Тəрбиешілерге қиындық тудырмайтын тіл алғыш
балалар болады, тəрбие үдерісіне оңайлықпен көндікпейтін қиын
балар да кездеседі, ерекше назарды талап ететін шығармашылық
тұлғалар да бар. Əрбір категория тəрбиелеу қиындықтарының
өз деңгейімен ерекшелінеді. Тəрбиенің
қиындығы салыстырма-
лы түрде бастапқы деңгейдің өзінен арта бастайды. Дағдарыс
кезеңінде тəрбие əсерінің бұрынғы əдістерінің тиімділігі бол-
майды. Мəселен, мақтау мен жазалаудың сан мəрте сыналған
əдістері əсер етуден қалады, бұрын еліктеген эталондар, идеал-
дар жəне үлгілер өз құндылығын жоғалтады. Құнсызданудың
психологиялық мəні мен қажеттігіне сəйкес мінез-құлықтың жаңа
үлгілеріне құндылықтардың өзге эталондары мен идеалдарына
бағдарлану қажет.
Дамудың жағымсыз сипаты. Біріншіден, дағдарыстың
бұл ерекшелігі қызығушылықтардың жоғалуынан туындай-
ды. Бұрынғы мотивтер əсер етпей, іс-əрекеттің, əуестіктер мен
істердің алдыңғы түрлерінің мəні жоғалады. Мəселен, 6-7 жастағы
дағдарыс кезеңінде бала алғаш рет «зеріктім» деген сөз пайда бо-
лады. Ересектерде де 27-30 жастағы дағдарыс кезеңінде өмірге,
серігіне, отбасына, мамандығына деген қызығушылығының
жоғалуы сияқты феноменнің орын алатыны қызық жəйт.
Екіншіден, баланың танымдық қабілеттерінің деңгейі төмендейді
немесе біршама жойылады. Жасөспірімдік кезеңде өмір мəнді де
маңызды оқиғалар мен күйзелістерге қанық болғандықтан, оған
дəл ненің орын алғанын еске түсіру қиынға соғады. Сонымен бірге
бұрынғы қабілеттердің «жоғалуынан» кейін жаңа психологиялық
құрылымдар мен қабілеттер туындап, дамиды.
Дағдарыс кезеңінде жаңа құрылымдардың пайда болуы. Он-
дай жаңа құрылымдардың
ерекшелігі ескісінің жойылып, ор-
нына дамудың жаңа əлеуметтік жағдайының қалыптасуында.
Сондықтан дағдарыс кезеңіндегі жаңа құрылымдар шынайы
жағдайлардан өзгеше мүмкін. Мəселен, автономдығы қалыптаса
142
бастаған кезеңде жасөспірім тəуелісіздігі, дербестілігі, ересектігі
үшін күреседі. Жасөспірімнің ондай мінез-құлқының астарында
оның өзін-өзі жаңаша сезінуіне сəйкес келетін, бірақ дағдарыс
кезеңінде мөлшерден тыс көрініс беретін теңдік пен сыйластықты
талап етуіне байланысты «мен – ересек» атты əлеуметтік
санасезімі жасырынған.
Л. С. Выготский бойынша дəл ескісінің жойылуып, орнына
жаңа құрылымдардың қалыптасуы жас ерекшелік дағдарыстардың
негізгі мəнін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: