Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 3. Көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі



Pdf көрінісі
бет107/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 3. Көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде «қисса» аталатын көркем 
әдебиет жанры туып, дамыды. XIX ғасырдың II жартысындағы 
қазақ әдеби тілін зерттеген арнайы жұмысында Б. Әбілқасымов 
бұл жанрдың туу дәуірі, негіздері, белгілері жайында кеңінен 
сөз қозғайды
168
. Зерттеуші қисса (бұл – арабша «әңгіме», «та-
рих» деген мағынадағы сөз) деп алғашқы кезде шығыс (араб- 
парсы) әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған, оқиғалы поэти- 
калық шығармалар аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, 
өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне телінген деп дұрыс 
көрсетеді. Бірақ, солай тани тұра, осы еңбегінде зерттеушінің 
өзі Шортанбай сияқты ақындардың жарық көрген туындыла-
рын да, «Ер Тарғын» сияқты фольклорлық мұраны да осы жанр 
аясында қарастырып, баспа бетін көрген дүниелердің барша-
сын қисса деп жаңылысқандардың шылауында кетеді.
Біз бұл күндегі зерттеулерімізде қазақ тілінде кітап шығару 
тәжірибесі енді-енді басталып келе жатқан кезінде кітаптар- 
дың қандай грифпен ұсынылғандығы, оларға қандай ат 
қойылып, айдар тағылғандығы, тіпті оқырман жұртшылықтың 
қай әдебиетті қалайша танығандығы тұрғысынан келмей, 
әдебиет түрлерін жанрларға ажыратуда ғылыми негіздерге 
сүйенуіміз керек. Сондықтан «қисса-и» деген гриф тұр ма, жоқ 
па, әйтеуір жазба дүние ме, жоқ па, әйтеуір сюжетті ме, жоқ па 
деген межелерді нысанаға алмай, әр жанрдың өзіне хас бел- 
гілерін тану принципімен талдасақ, сөз етіп отырған кезен- 
дегі қазақша баспа бетін көрген дүниеліктер үш топқа 
бөлінетіндігін бірқатар ғалымдар дұрыс көрсетеді. Олар:
1) ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқалары; 2) қазақтың (төл) жаз-
ба әдебиеті нұсқалары; 3) кітаби тілде жазылған үлгілер
169
.
Біз де осы топтастыруды қолдаймыз. Сондықтан әдеби-
тілдік ізденістерде «Қисса-и Шортанбай» деген атпен жария- 
ланғанмен, бұл кітап ішіндегі материалды қисса ретінде 
қарамай, қазақтың төл көркем поэзиясы үлгісі қатарында тал-
168
Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 
1982.
169
Досқараев Ж., Сарыбаев Ш. Октябрь революциясынан бұрын басылып шыққан 
кейбір нұсқалардың тілі жайында //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының 
мәселелері. - Алматы, 1960. - 3-шығуы. - 45-б.


238
дау қажет, сол сияқты «Ер Тарғын қиссасы», «Қисса-и Алпа-
мыш», «Қисса-и Қыз Жібек» деген тұмаршаларды есепке ал-
май, бұларды қазақтың фольклорлық дүниелерінің жанрында 
зерттеу керек деп табамыз.
Ал енді бірқатар «Қисса-и»-мен басылған және «қисса» 
айдары тағылмаған «Ақуал» сияқты кітапшалар не әдеби, не 
идеологиялық құны жоқ, «жай тұрғанча бір қисса болсұн деп 
йаза салған» әдебиеттің ешбір жанрына жатпайтын дүниелер 
ретінде танылуға тиіс және солай танылып жүр. Мысалы, 
Б.Әбілқасымов «Қисса-и әдеблі бала» (Қазан, 1897), «Қисса-и 
Ғажам екеуі жолдас болған» (Қазан, 1898), «Мақулат» (Қазан, 
1897), «Берің зекет кітабы» (Қазан, 1898) сияқты Кашафуддин 
Шахмардановтың «қаламынан» туған кітапшаларға осындай 
баға береді.
Ал шын мәніндегі қиссаларға келсек, бұл – XIX ғасырдың 
ІІ жартысында, дәлірек айтсақ, соңғы ширегінде туған көркем 
әдебиет жанры, оның ішінде де поэзия дүниесіне қол артқан 
үлгілер. Олардың өзге жанрлардан ерекшеленетін негізгі 
белгілері, біріншіден, сюжетті, оқиғалы, көлемді шығарма 
болулары, екіншіден, тақырыбы мен сюжеті араб, парсы, 
түркі тілдерінде жарияланған үлгілерден алынғандықтары, 
үшіншіден, тілдерінде, әсіресе грамматикалық түлға-тәсіл- 
дерінде шағатайлық, ескі қазақтың жазба дәстүр элементтерінің 
қатысуы болып табылады. Төртінші белгісі ретінде қисса 
жанрының жазба дүниелер екендігін атауға болады. Соңғы 
белгісіне байланысты «кітаби тіл» деген терминнің қазақ топы- 
рағында жасалу, таралу тарихының сыры ашылады. Атақты 
шығыстанушы В.В.Радловтың кітап өлең, кітаби ақындар 
деген терминдерді өзі де байқамастан ғылыми айналымға 
түсіргені филология әлеміне жақсы таныс. Ол өз тұсындағы 
қазақ әдеби үлгілерін халықтың өзі екіге бөліп: народные из-
речения (қара сөз) и книжные песни (кітап өлең) деп атайды 
деген-ді
170
. Бұл жердегі «қара сөз» – проза дегеннің баламасы 
емес, ауызша тарап келген қазақтың төл көркемсөзін (фоль-
клоры болсын, авторлы әдебиеті болсын) баспа арқылы та-
райтын «кітап өлеңдердің» қарама-қарсысына қойып атау 
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет