Майкөт, Бақтыбай, Күдері, Кемпірбай, Шөже, Түбек,
Нұрым, Арыстан, Бала Ораз, Базар, Нысанбай, Досқожа,
Майлықожа, Мәделіқожа, Біржан, Жаяу Мұса, Мұрат,
Жамбыл т.б. Зерттеуші М.Жолдасбеков Жамбылдың ұстаздары
деп (демек, XIX ғасыр ақындары) Сүйінбай, Қабандардан ба-
стап, 10 шақты ақынды, 4-5 шешенді атайды, шәкірттері деп
15 шақты есімді көрсетеді
163
. Бұл тек бір өңірдің – Жетісу
алқабының ғана ақындарының саны, ал қазақтың кең даласын
түгел алғанда, XIX ғасырдың өн бойында жырлап өткен сөз
шеберлерінің саны өте көп екені байқалады.
Бұлардың ішінде Майлықожа, Мұрат, Жаяу Мұса сияқты
мұсылманша сауатты ақындардың шығармалары бұрынғы
көркем әдебиет үлгілерімен қатар жаңа жазба әдебиеттің ны-
шандарын да танытады.
3. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы
Абай мен Ыбырай шығармалары. Сонымен қатар Шәңгерей
Бөкеев, Әбубәкір Кердері, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұржан
Наушабаев, Ақылбай, Мағауия сияқты жазба ақындардың
туындылары өз кезеңіндегі қазақтың ұлттық әдеби тілін таны-
татын үлгілерден саналады.
4. Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз болып саналатын жер-
гілікті әкімшілік органдары – «Түркістан уалаятының газеті»,
«Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті «, «Ауыл шаруашы-
лық листогы» атты газеттер.
163
Жолдасбеков М. Асыл арналар. - Алматы, 1990. - 142- 144-б.
230
5. Патша үкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті
әкімдердің қазақ тілінде жазысқан ресми-кеңсе қағаздары
(бұйрықтары, шағымдары т.б.).
6. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін ау-
дармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жыр-
лаған туындылар: «Шаһнама», «Лейлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зы-
лиха», «Фархад-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық», «Сей-
фүлмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.
7. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбары мен әулиелерін
дәріптейтін таза діни тақырыпта «кітаби тілде» жазылған
қиссалар («Салсал», «Зарқұм», «Жұмжұма», «Кербаланың
шөлінде» т.б.) мен ислам діні канондарының аудармасы: Әбу-
бәкір «Исламның бес парызы», Нұржан Наушабаев «Қырық
қадис» т.б.
8. Өткен ғасырдың II жартысында тұңғыш пайда болған
қазақ тілінің алғашқы грамматикалары мен хрестоматиялары,
оқулықтар және екі тілді сөздіктер: Н.И.Ильминский «Ма-
териалы к изучению киргизского наречия». -Казань, 1861;
А.Е.Алекторов «К мудрости ступенька». Азбука для учеников
начальных русско-киргизских школ. - М., 1891 және «Кир-
гизская хрестоматия». - Оренбург, 1898. - Ч.І; И.Алтынсарин
«Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку. -
Оренбург, 1871; «Жазуға үйрететін кінеге». - Қазан, 1892, 1894;
Л. Будагов «Сравнительный словарь турецко-татарских наре-
чий». - СПб., 1869-1871; И.Букин «Русско-киргизский и кир-
гизско-русский словарь». Ташкент, 1883 т.б.
9. Көпшілікке арналып, медицина, ветеринария т.б. қатысты
тақырыптарға жазылған кітапшалар: «Трахома деген жаман
көз ауру». - Қазан, 1898; «Егіншінің қызмет аты жайында». -
Орынбор, 1899 т.б.
10. Миссионерлік мақсатпен жазылған, христиан дінінің
канондарын қазақ тілінде түсіндіріп уағыздайтын кітаптар:
«Евангелие». - Қазан, 1899; «Езги Иосиф». - Қазан, 1892 т.б.
Бұл аталған әдебиет үлгілері мазмұны мен көздеген мақ-
саттары (оқырмандары) жағынан бірнеше топқа бөлінгенімен,
тілі жағынан екі топқа жинақталады: 1) қазақтың ауызша
тараған байырғы төл әдеби тілі мен ұлттық әдеби тіліне негіз-
делген үлгілер; 2) қазақтың ескі жазба дәстүрінде, яғни сол
231
кезеңде қазақ топырағында «кітаби» деп аталған тілде жа-
зылған үлгілер. Алғашқы топқа ауыз әдебиеті нұсқаларынан
бастап, жоғарыда аты аталған ақындардың көпшілігінің
өлең-жырлары; Абай мен Ыбырайдың әдеби, педагогикалық,
философиялық шығармалары, яғни өлеңдері, Ыбырайдың
оқулық-хрестоматиясы, Абайдың «Қара сөздері»; екі тілдік
сөздіктің қазақша материалдары; көпшілікқолды жартылай
ғылыми кітапшалар, ішінара алғашқы баспасөз және... христи-
ан дінін уағыздайтын миссионерлік діни әдебиет үлгілерінің
тілі жатады. Соңғысына діни тақырыптағы кейбір қиссалар,
ислам дінін уағыздайтын аудармалар, ресми-кеңсе қағаздары
және эпистолярлық үлгілердің тілі жатады. Алғашқы топ-
тағылардың өзін екіге бөліп қарау керек болады: бірі – ауыз-
ша тараған көркем поэзия дәстүрін сақтаған әдеби тіл үлгілері,
екіншісі – соның жазба түрге көшкен жаңа сипатты жалғасын
танытатын нұсқалар тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |