Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 2. XIX ғасырдың ІІ жартысында бұрынғы қазақ



Pdf көрінісі
бет104/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 2. XIX ғасырдың ІІ жартысында бұрынғы қазақ
поэзиясы тілінің одан әрі дамуы
Сөз болып отырған кезенде қазақ әдебиетінің жанрла-
ры көбейіп, түрлене түскеніне, соған орай жазба тілдің жаңа 
стильдері пайда болғанына қарамастан, әдебиеттің поэзия 
жанры қазақ тілінің даму барысында басым (доминант) сала 
болып қала берді. Бұған, бір жағынан, сан ғасыр бойы күшті 
дамып келген бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрінің әрі қарай 
ұласа бергендігі негіз болса, екінші жағынан, осы кезенде жаңа 
реалистік әдебиет туып, оның да негізгі жанры болып поэзия, 
яғни ұлы Абай шығармашылығы тұрғандығы себепкер болды.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ поэзиясы негізінен 
ақындық мектепке көшкендігі жоғарыда айтылды. Оның 
өкілдері кең даланың барша түкпірінен көптеп көріне баста-
ды. Олар әлеуметтік үні, жырлау мәнері, тақырып ауқымы
таралу шегі, мұра байлығы жағынан, сөз жоқ, бір қатарда 
тұрмады. Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабайлардан
164
 
164
Дулат, Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабайлардың творчествосын XIX 
ғасырдың I жартысы мен орта тұсындағы қазақ әдебиеті тарихына жанастыра да 
қарастырып жүргеніміз мәлім. Сол сияқты Шәңгерей, Ақан серілердің өмір сүрген 
дәуірі XX ғасырдың бас кезіне өтіп кететініне қарамастан, оларды да негізінен өткен 
ғасырдың екінші жартысының өкілдері ретінде танимыз. 


232
бастап, Сүйінбай, Мұсабай, Орынбай, Шөже, Кемпірбай, 
Ақтан, Бала Ораз, Арыстан, Сары, Базар, Біржан, Жаяу 
Мұса, Майлықожа, Мәделіқожа сияқты байырғы дәстүрді 
әрі қарай жалғастырған, туындыларын көбінесе ауызша 
таратқан ақындар мен жырау-жыршы типіндегі сөзгерлерден 
(Нұрым, Ақтан т.б.) басқа байырғы поэзия дәстүрін жазба 
әдебиетке жалғастырған Ыбырай Алтынсарин, Шәңгерей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет