239
үшін таңдаған термині (сірә, мұңдағы
қара сөзін ғалым
халық
дегеннің баламасы ретінде алғанға ұқсайды: народные изрече-
ния – қара сөз).
Демек,
өткен ғасырда қисса сөзі – «кітап өлеңдер», жал-
пы «кітап болып басылған дүниелер» дегенді білдірген, бұл
кезде аталған әдебиет жанры, мазмұны, идеологиясы, автор-
лы, авторсызы, тілі, пайда болған уақыты, адресаты жағынан
ажыратылмаған. Сондықтан «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер
Тарғын» сияқты ежелгі батырлар жырлары да, «Қыз Жібек»,
«Айман-Шолпан» тәрізді лиро-эпостар да,
қазақтың профес-
сионал ақындарының өлеңдері де, жыр-дастан болып келетін
жаңа туындылар да – баршасы « Қисса-и» атымен басылды. Ал
бізге бұларды ажырату керек. Оларды ғылыми тұрғыдан талда-
уда, әсіресе тілдік-стильдік сипатын тануда атына қарамай, за-
тына қарасақ, қисса атаулы әдебиет жанрына араб, парсы, үнді
және өзге түркі тілдеріндегі, оның ішінде «шағатай тіліндегі
жазба әдеби мұралардың сюжетіне құрылып жырланған,
оқиғалы, көлемді дастан-жырларды жатқызу керек болады.
Қазақтың төл эпостары да оқиғалы, көлемді жырлар, бірақ ай-
ырмасы – соңғылар авторсыз, көбі ұрпақтан ұрпаққа ауызша
таралып келе жатқан ескерткіштер, ал қиссалар – жаңа құбы-
лыс. Қисса-дастандардың өзін мазмұны мен мақсатына
қарай екіге бөліп қараған жөн: бір тобы – шығыстың клас-
сикалық әдебиеті үлгілерін қазақша жырлаған туындылар.
Олар: «Шаһнама», «Жүсіп-Зылиқа», «Мұңлық-Зарлық», «Сей-
фүлмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.
Бұлардың
тақырыбы азаматтық, көбінесе махаббат, адам-
гершілік жайы. Екінші тобын ислам дінін уағыздап, оның са-
хабаларын дәріптейтін дастандар («Салсал», «Жұмжұма»,
«Кербаланың шөлінде» т.б.) құрайды.
Белгілі бір жанрда жаңа туған жазба дүниелердің қазақ-
тың өзге туындыларынан айырмасы тек «кітаптан оқыла-
тындығында» ғана емес, тілі мен стилінде де болды. Олар жаз-
ба үлгілер болғандықтан, түркі жазба тіл дәстүріне біртабан
жақындау келуге тырысты. Сірә, түркі
халықтары өмірінде
жазба тіл дәстүрінің бар екендігін, оны жазба дүниеге келген-
де берік сақтау керектігін сезіну қазақ топырағында мықтап
орын тепкен сияқты. Жалғыз қиссаларда емес, әйтеуір қолға
240
қалам ұстаған сәтте, егер жазба проза жанрында болса,
«шағатайшылап» жіберуден қазақтың
қай-қайсысы да тарты-
на алмаған. Мысалы, Абайдың өзі інісі – Халиоллаға қазақша
жазып келе жатқан хатын:
һәрдайым, тауфиклы, абыройлы,
умрыңызды тілеп хат жазғучы ағаңыз Ибраһим Құнанбай ұғлы
деп білесіз деп «шағатайшылап» бітіреді. Немесе Қарамола
съезінде Абайдың қатысуымен қазақтың әдет-ғұрып заңының
жобасы түзілгенде де, көп тұстарда автор мен аудармашылар
«кітапшылап» кетеді
(-ған жұрнақты есімшенің орнына -
мыш
тұлғасын қолдануы; етістіктің
предикаттық көрсеткішін -дүр
арқылы білдіруі;
бірлән, илән, лекин шылауларын жұмсауы
және мәтін емлесінің түркі жазба дәстүріне бағындырылуы
т.т.). Тіпті аталған мәтін бұлайша Абайдың өзі тұрғызбаса да,
қол қойғанына қарағанда, мақұлдағаны хақ, өйткені бұл – жаз-
ба құжат, ал сол тұстағы қазақша жазба дүние бұрыннан келе
жатқан «түркілік» жазба дәстүрден қол үзбеуі керек болған
сияқты
171
.
Қиссалардың «шағатайшылап» берілуіне, біздіңше, бірнеше
фактор себеп болды. Бірі – өлең-жырды жазба түрде
ұсыну-
дың сонылығы; бұрын қазақтың ақын-жыраулары өз туынды-
ларын ауызша жырлап, құлақпен тыңдауға арнайтын, енді өлең-
ді тасқа басып, оқитын етіп ұсыну тәрізді жаңа акт – оның
тіліне де өзгеше қарауға мәжбүр етті. Жаңа жазба дүниенің
авторлары өз туындыларын бұрынғы оқылып келе жатқан-
дардан (шағатайша әдеби үлгілерден) тіл жағынан көп алшақ-
тамайтын, кәнігі болуы керек деп ұғынды. Бұл – бір. Екіншіден,
қиссалардың тақырыбы мен сюжеті шығыс әдебиетінен, көбі-
не-көп «түркі» тіліндегі ескерткіштерден алынды. «Түркіше»
өте сауатты, көзі ашық, мұсылманша жақсы хат таныған қисса
авторларының тіліне сол «түркінің» сөз саптауы мен тіл
машығы оңай оралып тұруы да себеп болды. Үшіншіден, кейбір
зерттеушілердің айтуына қарағанда, «кітаби тіл» ту бастан-ақ
діни уағыздамалардың жаны болды, «діни қисса өлеңдерді
халық санасына жеткізуді «кітаби тіл» өз мойнына алды.
172
171
Бұл жөнінде талдауды мына кітаптан көруге болады:
Әбілқасымов Б. XIX
ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілі.
- Алматы, 1982. - 102-107-б.
172
Құрышжанов Ә. Кітаби тіл материалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен
диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1960. - 2-шығуы. - 73-б.
241
Сөйтіп, қиссалардың тілі емлесінен бастап, сөз таңдау,
морфологиялық тұлға-тәсілдерді қолдану саласына дейін
«кітаби тіл» сипатын алды. Бірақ бұл сипат барлық қиссаларда
бірдей
дәрежеде, қатаң түрде сақталған жоқ. «Шағатай»
элементтері бірінде аз, бірінде көп кездесіп отырды. Мы-
салы, діни мазмұнды қиссалар мүлде «кітапшылап» кетсе,
классикалық шығыс әдебиеті сюжетіне жазылған дастандарда
қазақ тілі элементтері басымдау болды
173
.
Қисса мәтіндеріндегі шағатай элементтерінің көп-аздығы
авторына да байланысты болды. Автордың қазақша ақындық
дарыны неғұрлым күштірек болса (мысалы, XX ғасырдың
басындағы қиссашыл Ақылбай Сабалұлы сияқты), соғұрлым
оның кітапшылауға құмарлығы да кемдеу болғанға ұқсайды.
Қиссалардың «кітаби тілдік» белгілері топтастырып талда-
ғанда мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: