ный губернатор, самородный сары алтын, уголовный іс, Ени-
сейский губерне т.б. (біз бұларды осы жерде орысша жазып
беріп отырмыз, ал олар араб жазуымен түскен текстерде дәл
түпнұсқадағыдай болмағандығы мәлім).
6) Орыс тілінен тұтас штамп ретінде алынған тіркестер де
мүмкіндігінше түпнұсқаға жақындатылып тұлғаланған: под-
вижной элемент, притягательная однородного, впечатли-
тельность сердца (бәрі де Абай «Қара сөздерінде») деген-
326
дер араб жазуының мүмкіндігінше орысшаға жуықтатылып
берілген.
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ лексикасында сөз
мағынасының кеңею, тарылу және айқындалып, бір ұғымда
тұрақталу процесі әлдеқайда жандана түсті. Бұған жазба
әдебиеттің, әсіресе публицистика, ғылыми-көпшілік, ресми
іс- қағаздары сияқты «қатаң» стильдердің өріс алуы зор ықпа-
лын тигізді. Мысалы, бұрыннан қолданылып келген халық
сөзінің мағынасы нақтыланып, көбінесе енді «народ» мағы-
насындағы терминдік сөз ретінде жиі қолданыла бастай-
ды, бұл ұғымдағы жұрт сөзінің мағынасы тарылып, «жал-
пы көпшілік» («публика», «масса») және «көшкен ауылдың
орны» ұғымын беретін болады. Қауым сөзінің де семантикасы
айқындала түседі, ол енді көбіне көп «общество» деген мәнде
жұмсалады. Сол сияқты білім сөзінің мағынасы тарылып,
оқу-ағартуға қатысты термиңдік мәнді білдіруге бейімделе
түседі, қарашы сөзінің ертеректегі «ханның кеңесшісі» ұғымы
жоғалып, енді ол «тәуелді, бағынышты адам» («подвластный,
подданный») деген мағынада жұмсалады (сөздіктерде осы
ұғымда көрсетіледі) т.т.
Әдетте нормаға тірелетін мәселенің бірі – жарыспалылық
(варианттылық) жайы. Ұлттық жазба тіл қалыптасып, дамуы-
ның алғашқы кезендерінде бұл – өте-мөте күшті сезілетін
құбылыс. Тіл тәжірибесі бір мағынадағы екі-үш параллель-
дерді біреуін бірте-бірте таңдайды да қалғандары не басқа
мағына беретін болады, не қосымша семантикалық реңк
үстеп, синонимдер қатарына көшеді, я болмаса ауызекі сөйлеу
қорында қалады.
Бұрын болмаған жаңа ұғымды атау үшін де, ғылым, техни-
ка, әлеумет өмірі т.б. салаларға қатысты терминдерді беру үшін
де, кейде тіпті бұрыннан бар ұғымдарды нақты атау үшін де
бір сөз бірден қалыптаспай, екі-үш, кейде төрт сөз қатарынан
қолданылып келгені жоғарыда айтылды. Мысалы, терминдік
сипаттағы еңбек сөзімен бірге осы ұғымда бейнет сөзі де жиі
жұмсалады. Сол сияқты «торговец» ұғымын сатушы, саудагер
деген екі сөз білдіреді, «станция» ұғымын қызыл үй, бекет,
ыстанса деген үш түрлі атаумен береді.
327
Мұндай параллельдер орысша-қазақша, қазақша-арабша
(немесе парсыша), кейде қазақша-қазақша, арабша-парсыша,
арабша-арабша қатарлардан түзіледі. Мысалы, школ ~ мек-
теп, шенеунік ~ төре, дворян ~ ақсүйек, начальник ~ ұлық,
әкім ~ бастық, расписке ~ тілхат, пропуске ~ жолхат, уезд
~ дуан, жалованье ~ ақы ~ хақы варианттары алма-кезек
қолданыла береді. «Тәрбиелеу» деген бір мағынада асы-
рау және тәрбие сөздерінің, «дәрігер» мағынасында тәуіп
және дәрігер сөздерінің, «искусство» ұғымында еп және өнер
параллельдерінің, «кеңесу» мағынасында кеңес және мәслихат
варианттарының қатар жұмсалуы араб-парсы сөздері мен қазақ
сөздерінің жарыспалылығын көрсетеді.
Бұл кезеңдегі варианттылықтың тағы бір себебі – ғылым
мен техниканың әр алуан салаларына қатысты терминология
жасауда жүйелі принциптердің жоқтығында. Дегенмен бұл
ретте жалпы бағыт-бағдарлар нышаны бар екені байқалады.
Олар, негізінен, мынадай: жаңа ұғымды түсіндіріп беру ама-
лы басым, сондықтан жеке сөз-терминнен гөрі суреттеме
тіркестер орын алады. Мысалы, «ботаника» ұғымы ағаш-су
Достарыңызбен бөлісу: |