Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет149/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

VII ТАРАУ
______________________________
XIX ҒАСЫРДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЗУЫ МЕН
ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР
§ 1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы
қазақ лексикографиясы
Кейбір тілдердің сөз байлығы өзін зерттеп танудан бұрын 
хатқа түседі. Сондай тілдердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілінің
фонетикасы мен грамматикалық құрылысының ғылыми тұрғы- 
дан алғаш зерттеліп, ол жайындағы еңбектердің жарық көруі 
XIX ғасырдың соң тұсынан басталады. Ал қазақ тілінің лекси-
кографиясы, яғни сөздіктері, өз тарихын бұдан көп бұрыннан 
бастайды. Түркі тілдерінің әйгілі сөздіктері – Махмұд Қашғари 
құрастырған «Диван лұғат ат-түрк» (XI ғ.), XIV ғасыр ескерткіші 
– «Кодекс Куманикустер» мен орта ғасырларда жазылған әр 
алуан арабша-түркіше, түркіше-арабша-монғолша, парсыша-
түркіше сөздіктерді былай қойғанда, одан кейінгі кезеңдерде 
де қазақ лексикасы әрдайым хатқа түсіп отырды.
Әрине, лексикографияны құрайтын тек екі тілдік сөздіктер 
емес, дегенмен сөздік жасаудың бір мақсаты – екі тілді табы-
стыру болғандықтан, лексикографияның тағдыры мен дамуы 
көбінесе бір халықтың өзге халықтармен қарым-қатынас та-
рихына ұштасып жатады. Егер түркі тілдеріне, оның ішінде 
қазақ тіліне қатысты алғашқы сөздіктер араб, парсы, монғол 
тілдерімен жанасып жатса, соңғы екі ғасыр ішіндегі қазақ лек-
сикографиясы орыс тілімен тікелей байланысты болып келеді.
Қазақ тіліне қатысты лексикографиялық жұмыстардың 
қауырт қолға алынып, дами бастаған тұсы – ХIX ғасырдың 
II жартысы. Екі тілдік сөздіктер мен салыстырма түрдегі 
сөздіктерді қоса есептегенде және кейбіреулерінің қайта басы-
лымдарын санағанда, Қазан революциясына дейін қазақ лек-
сикасына қатысты 40-қа жуық сөздік жарық көрген екен. Олар 
мыналар:


332


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет