53
оны түрік ғалымы Бесім Аталай араб тілінен түрік тіліне ауда-
рып, 1939, 1940, 1941 жылдары үш кітап етіп жариялады. 1960,
1961, 1963 жылдары өзбек ғалымы – Салих Муталибовтың ау-
дармасымен Қашғари сөздігі өзбек тілінде жарияланды. Қазақ
тіліне өте кеш
аударылды. Бірақ оның сөздігін, грамматика-
сын, көркемдік сипатын т.т. зерттеуге қазақ лингвистері де ат
салысып келеді. Бұл ескерткіш
тек сөздік материалы бойын-
ша емес, ондағы келтірілген әдеби үлгілерге: 300-дей өлеңге,
300-ге тарта (291) мақал-мәтелге, көркем теңеулерге, қанатты
сөздерге қарап, көркем тілдің бұдан он шақты ғасыр бұрынғы,
тіпті одан да арғы кезеңдердегі кейбір белгілерін, ол белгілер-
дің әрі қарайғы ұластығын көруге болады. Өйткені бұл кітап
– «көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестомати-
ясы».
Қ.Өмірәлиев Қашғаридағы:
Алп Ер Тоңа өлді му?
Есіз ажун қалды му?
Өзлек өгін алды му?
Емді жүрек жыртылур.
Ұлышыб ерен бөрлейү,
Жыртып жақа ұрлайу,
Сықрыб үні жүрлеу,
Сықтаб көзі өртүлүр, –
деген өлең жолдарын келтіріп, жоқтау өлең түрінің
VII ға-
сырдан (Тоңа Алп ер – VII ғасырдан арғы жерде өмір сүрген
ұлы қаған) Қашғари дәуіріне – ХI ғасырға – ауызша жеткенін
айта келіп, бұл жырдың XV-XVI ғасырлардағы (және одан
кейінгі) қазақтың жоқтау өлеңдеріне келіп ұласқанын таныта-
ды. Сондай-ақ бұл зерттеуші Кашқаридағы мақал-мәтелдерді
талдай келіп, олардағы тұрақты модель-тұлғалардың, ұйқастық
тәсілдердің әріден сақталып келгеніндей, кейін де,
біздің
заманымызға дейін (әрине, фонетикалық, морфологиялық,
ішінара лексикалық өзгерістерімен)
жеткендігін дәлелдейді
61
.
Және де Кашғаридағы:
Тавар кімнің өкүлсе,
Беглік аңар керкейүр.
61
Өмірәлиев Қ. Көне дәуірдегі сөз үлгілері // Қазақстан мектебі. 1971.- №2.
54
Таварсызын қалып
Бег еренсізін евгейүр, –
деген дидактикалық-шешендік өлең өз моделін Орхон
ескерткішіндегі:
Иуйқа
қалын болар,
Топлағулуқ алп ерміс.
Иінчке жоған болар,
Үзгүлүк алп ерміс, –
деген сияқты жолдардан алған және ол –
ХV-XIX ғасырлар-
дағы қазақ ақын-жырауларының дидактикалық-шешендік сөз-
дерінің жанрлық үлгісі деп табады
62
. Ал зерттеуші Ә.Дер-
бісалиев Қашғари «Диванындағы» жырлар Күлтегін, Тонықұқ,
Білге қаған ескерткіштеріндегі оқиғаларды қайталайды дей
келіп: «Түркілер ел әдебиетінің
ренессанстық дәуірінің бас-
тапқы кезеңіне жататын осы екі классикалық шығарма («Құ-
тадғу білік» пен Қашғари сөздігі) қазіргі қазақ әдеби тілінің
негізін, әдебиеттік ескі арнасының көзін танытады... Құнды
мұра, жазба әдебиетіміздің ең алғашқы тұлғалы шығармасы.
Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған
ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі,
63
– дейді.
Қашғари сөздігінде келтірілген әдеби үлгілердің
тіл және
жанр жағынан қазіргі тілдерге ұластығын нақты деректерді
талдап көрсету – бүгінгі түркологтердің, оның ішінде қазақ тіл
мамандарының алдағы міндеті. Ал әзірге М.Қашғаридың «Ди-
уани лұғат ат-түрк» атты еңбегі қазіргі түркі халықтарының
бәріне ортақ мұра екенін баса айту керек.
Осылайша тұжы-
рымдай тұра, әрбір түркі әдеби тіліне қатысын, яғни көзі бо-
лып саналуын, әдеби тіліне белгілердің ұластығын т.б. нақты
фактілермен анықтау қажет болады. Қазақ тіліне келгенде,
лингвистер тарапынан мұндай нақты зерттеу әлі жүргізілген
жоқ. Дегенмен өлеңдегі тармақ соңындағы сөздердің ұйқасуы
қазақ өлең техникасында да орын алатынын, сондай-ақ
қулан-
Достарыңызбен бөлісу: