51
Түркия топырағындағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра
екендігі анықталып отыр. Ол ескерткіштер: Рабғузидың
«Қысас ул- анбия», Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан
ал-атрак» атты шығармасы, «Ортаазиялық тефсир», Саиф
Сараидың «Гүлистаны», Қутбтың «Хосрау уа Ширины»,
Хорезмидың «Мухаббат-наме» атты поэмалары. Бұлар – араб
әрпімен жазылып сақталған жәдігерліктер. Бұдан да ілге-
ріректе, IX-Х ғасырларда дүниеге келген ескерткіштер де бар.
Солардың бірі –
«Оғұзнаме» эпосын қазақ зерттеушілері, оның
ішінде Қ.Өмірәлиев жан-жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып,
мынадай түйінге келеді:
«Оғұз қаған» эпосы – әуелде ауызша
туған дүние, өте көне дәуірде жасалған, XIII ғасырдың аяғында
ғана хатқа түскен. VIII-XI ғасыр түркілерінде эпостық жыр
туғызатын қоғамдық-әлеуметтік жағдай және эпосты жасай
алатын рухани мәдениет пен әдеби мектеп болған», – дей келіп,
бұл эпостың жанрлық-стильдік сипатын талдайды: ондағы
эпостық формула деп атаған ерекшеліктердің мысалы, бастау
формуласын (бастау сөздерді:
болсунғыл деп деділер, күнлерден
бір күн, тақы мундан соң, кене андан соң, кене бу чақда т.т.),
қосар түрде қайталап отыратын тұрақты формулаларды
(ошул
оғулның өңлүгі, чырағы көк ерді, көп, телім алтун-күмүш
тартыб т.т.), бірыңғай құбылыстарды (бірыңғай мүшелерді),
көркемдегіш формулаларды әдейі талдайды
58
. Бірақ талданған
материалдарға қарап, бұл эпостың тілін бүгінгі пәлен түркі
тіліне телімейді. Ал Н.Келімбетов «Оғұзнаме» тілінде оғыз-
қыпшақ диалектілері басым деген пікір айтады.
Достарыңызбен бөлісу: