74
ме (бұлақ),
соңратын, сымарыш ету, теңі
түгіл-ді, сатқын
сияқты сөздер мен
бізім, менім, жүрерлер, не білейім, келе
жата тәрізді грамматикалық тұлғалар ноғай тілінікі екені –
сөзсіз. Ал қалған
ерекшеліктердің көнелігін, «қазақтығын»
дәлелдеуге әбден болады.
Талданып отырған кезеңдердегі ауызша сақталған әдеби
мұралардың тілін зерттеуде қиындық тудыратын, кейде
тіпті зерттеушіні немесе жалпы
оқырмандарды шатастыра-
тын келеңсіздік бар. Ол – жеке сөздердің қате берілуі. Бұл
мұралардың қай кітапта, қай журналда, қай жылда басыл-
ғанын алсаңыз да, бәрінде де қателерді, әсіресе бейтаныс сөз-
дердің жазылуындағы ала-құлалықты кездестіреміз. Ала-
құлалықтың бірқатары – араб жазуымен жеткен кітаптар мен
қолжазбалардағы сөздерді қазіргі жазуға көшіргенде, контек-
ске қарай түзетіп жазуға байланысты алшақтықтар. Мысалы,
алдыңғы
басылымдарда Асанқайғының «Шабылып жатқан
халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің» деген жолдарындағы
шабылып жатқан тіркесі соңғы басылымдарда
жайылып
жатқан деп өзгертілген.
Сол сияқты Қазтуғанның бұрын «Билер
отты, би соңы»
деген тармағын «Билер
өтті, би соңы» деп дұрыс оқыған-
дықтан, екі басылымда екі түрлілік бар. Шалкиіздің «Дүбір-
дүбір
шу көрген» деп басылып келген жолы «Дүбір-дүбір
жүгірген» деп түзетілген. Сонымен қатар бұрынғы басылым-
дарда дұрыс берілген сөздердің кейінгі кітаптарда не қате
жазылғандары, не өзгертілген түрлері
орын алғаны да бай-
қалады. Мысалы, есімдіктің I жақтағы жіктеулі түрі –
менім
сөзі 1982 жылғы «XV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы»
атты кітапта осы күнгі нормаға сай
менің болып «түзетілген»:
Сөйткен
менің Еділім (72-б.). Сірә, осы жерде
менім тұлғасы
Қазтуған сөзіне жуықтау болар, өйткені «Салп-салпыншақ
анау үш өзен» атты толғаудың бас жағында «Салуалы
менім
ордам қонған жер» деген тармақ бар. Бір жырау бір толғаудың
ішінде екі түрлі тұлғаны
(менің/менім) қолдануы неғайбіл.
Біздіңше, XV-ХVI ғасырлардағы ноғайлы-қазақ жырла-
ры
тілінде бізің, бізім, менім, не білейім деген ноғайлық
тұлғалардың болуы – заңды. Тіпті бұлар қазақтың сол тұстағы
75
сөйлеу тілінде де бар болуы ықтимал, себебі
менің, біздің деген
осы күнгі қазақтық нормалардың бірден қалыптасуы мүмкін
емес.
Сондай-ақ 1982 жылғы жариялауда
кесе сөзі
десе болып (11-
б.),
тік жар сөзі
тек жар (15-б.),
садақтың сөзі
сандықтың
(19-б.),
кілең сөзі –
кілік (85-б.),
ал шымылдық тіркесі ақ
Достарыңызбен бөлісу: