Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет52/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

III ТАРАУ
________________________
ХV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ЖАЗБА ТІЛІНІҢ КӨРІНІСІ
Кіріспе тарауда, қазақ топырағында қызмет еткен әдеби 
дәстүр жайында сөз болған тұста, XVI-ХVII ғасырлардан ба-
стап қазақ қоғамында да жазба дәстүр болғандығын, оның 
шағатай тіліне иек артқанын айтқанбыз.
Қазақ ру-тайпалары дербес хандық құрып, өмір сүре бастаған 
XV-ХVI ғасырларда жазба дүниелерді қажет ету фактісі болған. 
Ол қажеттік, ең алдымен, қазақтың хан-сұлтандарының өзге- 
лермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетті
111
. XVI 
ғасырдың II жартысынан бастап қазақтың Кіші жүзі мен Орта 
жүзіндегі хандар мен Ресей империясының сыртқы істер кол-
легиясы арасында әр алуан дипломатиялық, саясаттық және 
шаруашылық жайларына қатысты жазба қарым-қатынас күшті 
жүре бастады
112
. Содан соң жеке адамдардың (әулеттердің) 
кейінгі ұрпақтарына ата-бабаларын тарататын шежірелер жазу 
дәстүрі болған, сондай-ақ жақсы атаның кейінгілерге ақыл-
өсиет сөздерін жазба түрде қалдыру сияқты дәстүр болғаны да 
айтылады.
«Ел арасында орта ғасыр шамасынан бергі жерде шежі- 
релер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, рубасы 
үйлерінде сақталған»
113
. Тарихшы М.Қойгелдиев қазақ хан-
дары мен сұлтандары сарайларында шежірелер жазылып, 
оқылып отыратындығының занды құбылыс екендігін дәлелдей 
келіп: «Сонымен бірге (қазақтың) хан-сұлтандарының, дала 
ақсүйектерінің белгілі дәрежеде сауаттылықты бағалауы, өз ба-
лаларына уақыт талабына сай білім беруі... шағын кітапханалар 
ұстауы – дамыған феодалдық қоғамға тән құбылыс»,
114
– деп 
жазады.
111
Казахстан в XV-XVIII вв. - Алма-Ата, 1969.
112
Казахско-русские отношения в XVІ-XVIII вв. - Алма-Ата, 1961.
113
Сүлейменов Б., Өсеров Н. Шежіре – халық мұрасы //Қазақ әдебиеті. - 1974, 15 
февраль
114
Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар 
жинағы. - Алматы, 1991. - 32-33 б. 


118
Демек, бұл фактілер XVI-ХVII ғасырларда қазақ қауымында 
жазба дәстүрдің болғандығын, оны қазақтардың өздерінің 
пайдаланғандығын жақсы көрсетеді. Сондай-ақ жазу сал-
ты жеке адамдардың бір-бірімен хат-хабар алысуында да 
орын алған. Оған бірден-бір мысал ретінде қазақ сұлтаны – 
Оразмұхаметтің XVI ғасырдың соңғы ширегінде қазақ дала-
сын билеп тұрған немере ағасы – Тәуекел ханмен жазысқан 
хаттарын келтіруге болады. 1595 жылы Мәскеуде, орыс пат-
шасы сарайында отырған Оразмұхамет ағасына хат жазып, 
қазақтың халық жырлары мен шежірелерін жіберуді сұрайды. 
Тәуекел хан да сұлтан інісіне жауап хаттар жазып, сұраған 
қолжазбаларын жібереді. Бұл хаттар кезінде Оразмұхаметтің 
қолында болған «Күміс сандықта» сақталады, алайда орны тол-
мас өкінішке орай, патша архивіндегі 38-нөмірмен сақталып 
келген осы сандық 1736 жылы Ресей Ғылым академиясына 
сыйға тартылып, Академияның Азия музейіне тапсырылады 
да кейін жоғалып кетеді. 
Бұл жайында кеңінен акад. Ә.Марғұлан жазып, көпшілік на-
зарына ұсынды.
115
Ал ол «Күміс сандықтың» ішінде «ақылды, білімді, текті» 
Оразмұхаметтің кітапханасы сақталғанын ол сандықты көрген 
атақты шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры, 
Азия музейінің директоры акад. X.Д.Френ (1782-1851) мен 
сандықтан хабары болған В.В. Вельяминов-Зерновтар жа-
зып кеткен болатын. Осы кісілердің жазғандарына қарағанда, 
бұл кітапханада (сандықта) «Насапнаме», «Дастан Едіге би», 
«Дастан Айса ұлы Әмет», «Дастан Ақсақ Темір», «Сиыр-
шы», «Дастан Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Тарих-и Рашиди» 
(Дулатидікі) деген кітаптар мен қолжазбалар және бірқатар 
қазақ шежірелері, атап айтқанда, «Қиян Домбауыл мерген 
шежіресі», «Алаш мыңы», «Үйсін Майқы би шежіресі», «Едіге 
би шежіресі» т.б. болған.
Оразмұхамет пен Тәуекел хан, сөз жоқ, бір-біріне хатты 
орыс, не өзбек, не татар тілдерінде жазыспағандары кәміл. 
Заманының мұсылманша сауатты адамдары – хан мен сұлтан 
115
Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 419-6.; Кидайш-Покровская Н.В., 
НурмағамбетоваО. А. Героическая поэма «Кобланды батыр» //Кобланды батыр. - М., 
1975. - С.11.


119
сол кезеңнің тәртібін сақтап, жалпыға ортақ түркі жазба тілінің 
нормаларын ұстап, өздерінше ана тілдерінде – қазақ тілінде 
жазысты. Ол жазба дәстүр, әрине, шағатай тіліне негізделді.
Бұл хаттардың түпнұсқалары да жоғалып кеткен. Ораз- 
мұхаметтің 1595 жылы март айында Тәуекелге жазған хатының 
сол кезде жасалған орысша аудармасы сақталған (ЦГАДА.
- 122 қор. 41-42-п.)
116
.
Сол сияқты XVI ғасырдың II жартысынан бастап қазақ 
хандары (мысалы, Тәуекел) мен Ресейдің Сыртқы істер кол-
легиясы арасында жүрген ресми қағаздардың да түпнұсқасы 
сақталмаған, ал ондай қатынастың болғаны және даусыз. Осы 
себептерден, әрине, XVI ғасырдың соң кезіндегі қазақтың хан- 
сұлтандары (немесе қазақ хандары кеңсесі) қолданған жазба 
тілді нақты талдап көрсете алмаймыз, бірақ мұндай тілдің 
тәжірибеде болғанын толық айта аламыз.
Сөз болып отырған кезеңде ресми қағаздар мен эпистолярлық 
хат-хабарлардан басқа жазба дүниенің аса маңызды түрі – 
шежірелер болған. Ол шежірелер құрылысы, баяндау стилі, 
көлемі жағынан әртүрлі болып келген. Ата-бабалардың ат-
тарын хронологиялық тәртіппен түзген схема іспеттес қысқа 
түрлері де, тарихи шығарма түрінде келетін күрделі туындылар 
да болса керек. Алдыңғы топтағылардан өз кезінде жазылған 
түпнұсқалардың сақталғандары тағы да жоқ. Ал тарихи жылна-
ма түрінде жазылғандардан, бақытымызға қарай, бізге жеткені 
– қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руынан шыққан Қадырғали 
бидің шежіресі. Бірқатар ғалымдар (Б.Сүлейменов, Н.Өсеров 
т.б.) қазақ шежірелерінің қатарына Әбілғазының «Шежіре-и 
түркі» (XVII ғ.) атты тарихи шығармасын да қосады
117
. Ал 
қазақ тіл мамандары қазақ жазба әдеби тілі тарихын зерттеуде 
Әбілғазы шежіресінің орны бар екенін айтады. Б.Әбілқасымов 
ескерткіш тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін зерттей келе, 
олардың басым көпшілігінің қазіргі қазақ тілінде аса көп 
өзгеріссіз сақталғанын көрсетеді және олардың көркемдік 
құрал (теңеу, бейнелеу т. б.) ретінде қолданылғанда, қазақтың 
ұлттық таным-түсінігіне сай келетіндігін айтады
118
.
116
Смирнова Н.С Особенности развития казахского эпоса, его поэтика//История 
казахской литературы. В 3-х томах. - Алма- Ата, 1968. - Т. I. - С. 241.
117
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. - Алматы, 1979. - 95, 124, 163, 166-б.
118
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғғ. қазақ..., 140-141-б.; МұхаметхановҚ. Бұхар жырау//
Қазақ әдебиеті. -1982, 30 июль - 6август.


120
Әбілғазы хан (қазақ кітаптарында бұл есімді Абылғазы деп 
те жазу қалпы бар) өзі билікке келгенге дейін Түркістандағы 
қазақ ханы – Есім ханның үйінде қонақта болған, мұнда ол 
қазақ хандарының шежіресімен танысқан деген мәліметтер 
бар. Мүмкін, оның тіліндегі «қазақтық» белгілерге бұл фактілер 
де себебін тигізген болу керек. Зерттеуші Н.Келімбетов 
Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» атты кітабының 
қазақ халқының тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей 
қатысты жазба ескерткіштердің бірі екендігін айта келіп, оның 
қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орны бар дейді, демек, 
оның тілін де қазақ әдеби тіліне жанастыра зерттеу қажеттігіне 
меңзейді
119
.
Бұлардың ішінде жалайыр Қадырғали бидің «Жами’ат-
тауарих» атты шығармасы – қазақтың ескі жазба әдеби тілін 
танытатын бірден-бір құнды ескерткіш. Оның тіліне қарап 
XVI ғасырдың соң кезіндегі қазақ жазба дәстүрін бірқыдыру 
сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет