313
қызметі объективті дүние танымының алғы шарты болады. Қоршаған
орта мен табиғатқа қарым-қатынас еркін шығармашылық пайым-
даулармен жүзеге асады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастарын
нығайтуға, жетілдіруге, өмір жалғастығына, әлеуметтік өрбуге
себебін тигізеді.
Еңбек үдерісіндегі адамдар-
дың әлеуметтік тең қарым-
қатынасы бір-бірімен ымырагер-
шілікте өмір сүру дағдысын ту-
ындатты. Ол қандас туыстық
негізде құрылған көшпенді қоғам-
ның саяси ұзақ өмір сүруінің
негізін қалады. Көшпенді тірлік
ауыртпалықтары ру, тайпа мү-
шелерінің қалыптасқан әдет-ғұ-
рыптардан ауытқуына жол бер-
меді. Қайта олардан салт-дәстүрлерді сақтауды, жалғастыруды та-
лап етті. Міне, осыдан адамның мақсатты қызметі тайпа, ру мүддесін
қорғау ретінде өз көрінісін табады. Дегенмен, материалдық өндіріс,
еңбек өнімдерін қорландыру, оны айырбастау, мүлік теңсіздігі, жеке
отбасыларының бөлініп шығуы меншік айырмашылығына, адам-
дар арасындағы үстемдік пен бағыныштылыққа негіз болып, өз
мәніндегі саяси қатынастарға сүйенген қоғамдық катынастардың
орнығуына ұласады.
Деректік құжаттар ежелден Ұлы Дала кеңістігінде ірі ру, тай-
палар бірлестігінің көшпенді мемлекет негізі болғанын көрсетеді.
Зерттеу жұмыстары оның саяси құрлым түзілісін байыптап, қазақ
мемлекеттілігі пен мемлекеті ұғымдарының ара жігін ашып,
мемлекеттілік ұғымының ауқымдылығына тоқталады. Алғашқы
ұлттық мемлекеттің пайда болуын қазақ хандығының құрылуымен
байланыстырады.
Қазақ елінің Шығыспен байланысы дала данышпандары пікір-
лерінің қоғам өмірінде айрықша орнын алуынан және оның мынадай
даму бағыттарынан көрінеді:
– Дала данышпандарының толғауларындағы ой-түсініктерде
тұрмыс, тіршілік тауқыметтері жаратылыс себептерімен байланы-
стырылып, табиғат, қоршаған орта (өзен, көл, шұрайлы шалғындық
Суретте: қымыз ішетін
Достарыңызбен бөлісу: