Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


ҚАЗАҚ ЕЛІ: ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСПЕН, КӨШПЕНДІ



Pdf көрінісі
бет107/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ҚАЗАҚ ЕЛІ: ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫСПЕН, КӨШПЕНДІ 
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН ҮНДЕСТІК 
Тұран, яғни Сыр және Аму-дария және Жетісу аймақтары бағзы 
замандардан көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы өмір сал-
ты да қалыптасқан, егін шаруашылы үшін қолайлы, жасанды су 
жүйелері өмірге келген мекен еді. Ен даланы еркін жайлаған ата-
бабаларымыз туралы деректер там-тұм болса да, археологиялық 
қазба жұмыстарының мәліметтеріне қарағанда, қазақ жұртының 
Шығыспен байланысы ежелгі заманнан қалыптасқан. Мысалы: 
ирандық (Ахеменидтер дәуірі, б.д.д. VI– V ғғ.), соғдалық (қазіргі 
Самарханд) мәдениет сайын даладан өз көрінісін табады. Жетісу, 
Шу өңірлері, Сырдария бойында жер суландыру жүйесінің іздері 
сақталған. Мамандар бұл соғдалық елдімекен орындары болғанының 
белгісі деген пікір айтады. Қазақ тілінде шағатай тілінен қосылған 
сөздердің барына парсы тілінен енген «Наурыз» деген сөзді, жыл 
басы, Ұлыстың ұлы күні атауын келтіруге болады. Мысалы Абайдан 
тағлым алған Шәкәрім Шығыс тілдерін де жетік білгенін «Иманым» 
өлеңінде көрсетеді: 
«Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры»...
Өз заманының қыр-сырына ой жүгіртіп, толғанған оған Шығыс 
ойшылдары Қожа Хафиз, Физули, Низами шығармаларының әсері 
мол. 
Өз ерекшеліктерімен дараланған мемлекеті, жазу өнері, 
мәдениеті, ой өрісі, дүниетанымы бар қазақ халқының көшпенді 
қоғамдар дүниетанымымен сабақтастығы терең ғылыми зерт-
теулерге қоса, атүсті ойларға да себеп болғаны белгілі. Еліміз 
тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері жарық көрген зерттеу жұмыстары, 
мақалалар мен айтылған пікірлер арасында объективті түсіндіруді 
керек ететін келелі мәселелер бар. Олар: бірінші, көшпенді қоғам 
табиғатының ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне 
жаттығы туралы ойлар; екінші, қазақ мемлекеттілігінің – бір 
орталыққа бағынған саяси құрылымның болғанына күмән келтіру; 
үшінші, қазақ халқының рухани өмірінің қомақты бөлігі болатын 


310
жазу өнерін жоққа шығарып, тек қиратушы күш деп бағалап, оған 
мәдениет жетістіктерінің жаттығын қуаттаулар. Қазақ халқының 
өз алдына мемлекеті болған ба, ел қорғаған тұрақты жасағы болып 
па, революцияға дейін хат таныған ба, төл баспасөзі болды ма де-
ген күдікті сұраулар әлі күнге бұқаралық ақпарат құралдарының 
беттерінен түспей келеді. Демек, «Октябрьге дейін мешеу, түгел 
сауатсыз, надан, даласы құлазыған меңіреу, құм арасында аюан 
сияқты аш, жалаңаш көшіп жүрген» деген сөздерді айтып өте 
шығатын пікірлер басым болды [148, 107-108 б.б. ].
«Варвар» сөзі ежелгі гректерден бастау 
алып, әлемдік әдебиетте тікелей көшпенділер 
өміріне 
байланысты 
қолданылатыны 
белгілі. Осыдан, көшпенділер мәдениеті 
қоршаған географиялық ортаға салмақ бо-
латыны, жасыл желекке бөленген жайылым, 
шалғындарды құртатыны, және тіршілік 
бастауларының басқыншылық, қырып-жою 
соғыстарымен астасып жататыны, мемлекет 
орнына дүниеге тек соғыс машиналарын жа-
саушылар ретінде бейнеленетіні, өз азығына 
мінген көшпенділердің өнімді экономикаға 
бейімсіздігі тұжырымдалады. 
Тәуелсіздікке қол жеткізген елдің, ұрпақ 
алдындағы жауапкершілікті сезінетін әр адамның атадан балаға 
мұра болған, халқымыздың рухани болмысын байытатын, рухын 
көтеретін құндылықтарын зерттеу маңызды. Ұлттық мәдениетті 
сақтауға, ежелгі жазба деректері және ауыз әдебиеті арқылы жет-
кен мол рухани мұраны дәріптеуге деген көзқарастың төмендігі 
бейқамдық, мәңгүрттікке әкелетінін мойындау керек.
Адамзат қауымдастығының отырықшы шаруашылықпен 
салыстырғанда өзгешелігі бар дамуының ерекше түрі – көшпенді 
мал шаруашылығы туралы Д.К. Кішібеков: «Көшпенді өмір 
жағдайларында өндіргіш күштер баяу дамыды. Сондықтан 
қоғамдық құбылыс, қондырма көшпенді қоғамда отырықшы, егін 
шаруашылығымен айналысатындардікінен өзгеше болды. Көшпенді 
шаруашылықты отырықшы егін шаруашылығымен байланыссыз, 
оқшаулап қарастыруға болмайды. Көшпенді мал шаруашылығымен 
Суретте: әйел
киімі [149]


311
айналысатын халықтар отырықшылармен тығыз байланысты, 
олардың арасында экономикалық, мәдени, сауда-саттық қатынастары 
өмір сүреді»,–деп көрсетеді. [150. 16 б.].
Қарастырылып отырған тақырып бойынша Л. Гумилев пікіріне 
сүйенер болсақ, онда: «Көшпенді қоғамда техникалық прогресс 
болуы мүмкін емес деп ойлаудың өзі қате. Жалпы көшпенділер, 
оның ішінде әсіресе ғұндар мен түріктер, адамның өмір-тірлігінен 
айырғысыз нәрсе ретінде, қазір барша адамзат күнделікті тұрмыста 
қолданатын көптеген бұйымдарды ойлап тапты. Қазіргі еуропалық 
еркек жыныстыларды айтқанда, көз алдыңа келе қалатын киім-
кешектің бір түрі – шалбарды көшпенділер тіпті ежелгі заманда-
ақ ойлап тапқан. Үзеңгі... бірінші рет Орта Азияда пайда болған. 
Алғашқы дөңгелекті ағаш арба, үлкен доңғалақты күймеге ауысты... 
бұл көшпенділердің орман-тоғайлы тау қырқаларынан қиналмай 
асып түсулеріне жағдай жасады. Ауыр да түзу семсердің орнын 
басқан қайқы қылышты көшпенділер шығарған, аңыратып 700 м 
жерге жеткізетін, сала-құлаш құранды садақты ойлап тапқан да 
солар. Ақыр соңында айтарымыз, ол заманда тұрғын жайдың ең 
жетілген түрі киіз үй боп есептелетін.
Көшпенділер тек материалдық мәдениетте ғана емес, сол сияқты 
рухани мәдениетте де (олардың әдебиеті ауызша айтылған болса да) 
өздерінің отырықшы көршілерінен артта қалып көрген емес. Әрине, 
ғұндардан ғылыми теория іздеу есуастық болар еді: тіпті гректердің 
өзі оларды ежелгі мысырлықтар мен вавилондықтардан алған ғой. 
Көшпенділер жыр-аңыздардың екі жанрын: батырлар жыры мен 
жын-пері хикаяларын жасаған. Біздің түсінігімізше, мұның екеуі 
де әдебиеттен гөрі мифологияға 
жақын, бірақ олар ақиқат өмірді 
осындай жолмен қабылдап, 
өздерінің 
сезім 
түйсіктерін 
білдірген. Басқаша айтсақ, біздегі 
әдебиет атқаратын қызметті олар-
да мифология атқарған...
Біздің бұл тақырыпқа ег- 
жей-тегжейлі тоқтау себебіміз 
Орта Азияның көшпенді халық- 
тарының атышулы құнсыздығы 
Суретте: Қожа Ахмет Яссауи 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет