ыдыстар [149]
314
жерлер, т.б.) көшпенді қоғам дүниетанымына арқау болған. Табиғат –
адамның өмір сүру ортасы, халықтың материалдық өмірінің дәйекті
негізі. Асан Қайғының: «Еділ мен Жайықтың бірін қыстасаң, бірін
жайласаң, қолыңды алтын мен күміске маларсың» дегеніндей,
Қазтуған жырау да «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңінде туған жер
табиғатын молшылық тұрмыстың, адам өмірі жетістіктерінің әсерлі
негізі деп қарастырады. Өйткені көшпенділерге тиімді жасыл же-
лекке малынған жерде ғана: «Жарлысы мен байы тең, жабысы
мен тайы тең» [153, 29 б.] болып, адамдар арасындағы әлеуметтік
айырмашылық өз мәнін жояды.
– Елдің мақсат-мүддесін көксеген жыраулар жыр-толғауларында
тарихи дәуір ауыртпалығына, қоғамдық құбылыстар салмағына на-
зар аударады. Өмірдегі қиындықтар мен қайшылықтарды шешу
үшін Жаратқан Иеден қуат, медет сұрауды талап етеді, теңсіздіктер
жоғарғы күш иесі – Тәңірінің еркімен болады деп тұжырым жасай-
ды. «Тәңірінің өзі берген күнінде, хан ұлынан артық еді несібем»
деп, [153, 32 б.] Доспамбет жырласа, жоғарғы билік иесіне мойын
ұсынудың пайда болуын: «Тебінгінің астынан ала балта суырысып,
тебінісіп келгенде тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе Тәңірі
етті» деген Шалкиіз, саяси биліктің діни санадан қолдау тапқанын
көрсетеді [153, 39].
– Көшпенділер өміріндегі күнделікті тұрмыс тауқыметі
мен белгілі бір тарихи дәуірдің өзіндік ерекшелігіне байланы-
сты қоғамдық болмыстың терістелуін немесе жан-жақты өрбу
мүмкіндігін қарастырған ойлар ерте замандарда-ақ қалыптасқан.
Қазақ хандығы жан-жақты қысымға ұшырап, саяси дағдарыс,
әлеуметтік қайшылықтар шиеленіскен дәуірлерде аса маңызды
мәселелердің шешімі іздестіріледі. Ойшылдар қиялында пайда болған
мінсіз әлем өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарсы қойылады.
Тығырықтан шығар жол «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» за-
ман орнату, отандастарын жоқшылықтан құтқарып, бақытты өмірге
жеткізуге ұмтылудан көрініс табады. Асан Қайғының көшпенді бол-
мыс, тұрмыс-салт негізінде пайда болған ойлары кейін уақыт өте
келе, Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай ақындардың шығармаларына
ұласып, халық бұқарасының сұранысы, мақсат-мүддесі, ұмтылысы
аңыздар, әлеуметтік ой-идеялар түрінде жалғасты.
– Жыраулар ру, тайпа арасындағы туыстық байланысты күштің
315
кемелденуі, оның мүшелерінің қауіпсіздігі деп те қарастырады.
Осыған орай Ақтамберді «Атадан алтау туғанның, жүрегінің ба-
стары, алтын менен бу болар» десе [153, 58 б.], Шалкиіз жырау «Бе-
луардан саз кешсең, тобығыңнан келтірмес, қамалаған қалың туған
арқасы»,-деген. Оның пайымдауында жағасына жау қолы тимес
үшін туысың көп болуы керек [153, 46 б.]. Жалғыздық – ру, тайпаның
әлсіздігі, кедейлік, жарлылық деп түсіндіріліп, құйрығы жоқ, жалы
жоқ жылқымен теңдестіріледі. «Атадан жалғыз туғанның, жүрегінің
бастары, сары да жалқын су болар, жалғыздық сені қайтейін» [153,
58 б.]. Өсіп-өнген әулетке айналған ұрпақтың замана тұрғысына
сай өндіргіш күш ретінде қоғам өміріне тигізетін әсері күнделікті
тұрмыс деңгейінен дұрыс тұжырымдалады.
– Жыраулар толғанысында дала демократиясы қандас,
туыстық негізде ұйымдасқан билік жүйесінің өзіндік белгілерімен
ерекшеленеді. Қазақ хандығы және оның тарихи құрылымы жайлы
құнды еңбектер қалдырған орыс тарихшысы В.В. Вельяминов-Зернов
елдегі билікті бөлудің нақты қалыптасқанын: «...билікті бөлу үрдісі
Қазақстанда орта ғасырлардан бастап өзіндік ерекшеліктерімен
көзге түседі»,- деп тұжырымдайды [154, 17 б.]. Ал, А.И. Левшин
хандар мен сұлтандар, ақсақалдар мен ру басылар күздікүні жи-
налып, «халықтың мұң-мұқтажын, елдің қасіреті мен пайда-
сын» талқылағанын жеткізеді [155, 25 б.]. Орыс зерттеушілерінің
деректеріне сүйенсек, көтерілетін мәселелер: жайлау, қыстау, соғыс
және бітім жариялау болғанын көреміз.
– Халық ауыз әдебиеті хандық биліктің түрлі сындар мен
шектеулерге ұшырауы жайлы деректерге де бай. Хан, сұлтанның
жосықсыз шешімі, әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық,
теңсіздікті сынау соған арқау болды. Ежелгі «Хан талапай» дәстүрі
ел билігінде басты тұлға халық екенін көрсетеді. Халықтың тари-
хи естеліктеріне қарағанда, әуел бастан-ақ сұлтандардың заң бой-
ынша әмір ету құқықтары болған. Алайда, олардың үкіміне ру
басыларының кеңесі, қара бұқараның уәкілдері әрқашан да шектеу
қойып, тежеп отырған. Мемлекетіміздің негізін қалаған хандардың
бірі – Жәнібекке Асан Қайғының: «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің»
[153, 24 б.] деп басталатын сыны; ру ақсақалы, би Жиембет жырау
Есім ханға өлсе құнсыз кететін көп құлдардың бірі емесін, соңына
ерген халқының бар екеніне сілтеме жасап [153, 53 б.], ру, тайпа
316
мүдделеріне қайшы келетін әрекетін сынауы соған айғақ бола ала-
ды. Хандардың, билік иелерінің дауды бұқараның мүддесіне сай,
қарапайым халықтың ойынан шығатын әділеттілік тұрғысынан
шешуге тәуелді болғанын деректер көрсетеді. Сондай-ақ, ханның
шиеленіскен қайшылықтарды дұрыс шешпей, руға қысастық жаса-
уы, содан кейін, халық қаһарынан қаймығып, отырған жұртын та-
стай көшуге мәжбүр болуы да тарихтан белгілі.
– Жыраулар көтерген келелі мәселердің бірі – елді әділетті
басқару. Олар оны қоғамның қалыпты дамуының кілті деп бағалаған.
Өйткені әлеуметтік әділеттілік ру, тайпалар арасындағы дау-да-
май, талас-тартыстардың тоқтап, ел ішінде өмір үндестігі, келісім-
шарт орнауының негізі. Көшпенді қоғам болмысын дәріптеген
Ақтамберді жыраудың пікірінше, адам теңдігі, молшылық өмір –
қазақ қоғамының асыл арманы, яғни жетуге талпынатын идеалды
құрылымы. Шөбі шүйгін шалғынды жайылымдарды, төрт түлік
малды, көп халық бас қосқан жиын-тойларды, сол үлкен тойлар-
да: «құлдың да бір ұлдай киінгенін, көркемдігін көргендердің
сүйінгенін» аңсау [153, 62 б.] қазақ қоғамдық ойы дамуындағы
алдыңғы қатарлы озық пікір еді.
Халық мүддесі ертеден-ақ ауыз әдебиетінен орын алды. Оның
алғы шартында ру-тайпа аралық келісім, әділдік, басшының мемле-
кет деңгейіне сай келетін даналығы жататын. Осындай әлеуметтік
және мәдени психологиялық тұтастық аясында қалыптасқан руха-
ни идеяларды терең пайымдаған А.Қасабек: «Тұрақты қоғам болған
жерде тұрақты қатынастар, тұрақты тәрбие, адамгершілік, ізгілік,
ойлау жүйелері қалыптасады»,- деп ой түйеді [151, 14 б.].
Ә. Марғұлан жазу өнеріне байланысты Қазақстан жерінде үш
кезеңдегі эпиграфикалық ескерткіштердің сақталғанын анықтады.
Олардың ең ертедегісі – Түрік қағанаты дәуіріне (ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ.), екіншісі –
қыпшақ, оғыз, қаңлылар уақытына (ҮІІІ-ХІІ ғ.ғ.), үшіншісі –
қыпшақ, қазақ уақытына (ХІІІ-ХІХ ғ.ғ.) жататынын көрсетеді.
Жалпыға бірдей жүйелі білім беру салалары болмауынан Ре-
сей империясы қазақ халқын «бұратана», «надан» атандырды.
Кешегі кеңес дәуірінде де сол саясат қазақ халқының рухани бол-
мысын зерттеуге салқынын тигізді. Теріс ықпалмен, жөнсіз пікір
білдірушілердің бірі – Лондон университетінің Орталық Азия,
Шығыс және Африка зерттеу орталығының директоры Ш. Акинер.
317
Ол: «қазақтардың өз жазба деректері болмауы себепті, олар жайлы
ХІХ ғасырға дейінгі мәліметтердің бәрі отырықшы өмір салтын
ұстаған көршілерінің түрлі құжаттарынан, тарихи келісім шарт-
тар мен саяхатшылар жазбаларынан көрініс тапқан» дейді. [156,
18-19 бб.] Оның тап бір қазақ халқының жазба деректері жоқтығын
тыңғылықты дәлелдеп, ақиқаттың соңғы нүктесін қойғандай айтқан
ұшқары пікірі тек отырықшы елдердің ғана жазба деректері мен
әдебиеті болады деген ойға жетелейді. Ал, Ә. Марғұланның айтуын-
ша, оның бір өзі революцияға дейінгі 800-ге жуық қазақ қолжазбасын
тапқан. Олардың ішіндегі ең ескісі ХVІ ғасырға жатады. Сондықтан
кейбір зерттеуші, ғалымдардың «қазақтар жазу, сызуы кеш дамыған,
жаңадан пайда болған халық» деген тұжырымдары шындыққа жу-
ыспайды. Тәуекел ханның орыс патшасы Феодор Ивановичке қазақ
тілінде жазған бірінші хаты ХVІ ғасырдың аяғында жіберілді»
[158, 33 б.].
Әлеуметтік құрылымды ауыз әдебиетіне сүйеніп қарастыру,
ХV ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі уақыт аралығын-
да оның нақты рулық, қандас-туыстық қатынастарға негізделген
көрсетеді. Қоғамдық өмірді сипаттаған саяси көзқарас халықты
шығу тегіне қарап, үлкен екі топқа бөледі. Ақ сүйектер –
оқшауланған, қоғамдық қатынастар құрылымында үлкен билік
тұтқасына ие болуға құқы бар Шыңғысхан ұрпақтарының жабық
Достарыңызбен бөлісу: |