ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат қауымдастығының көне замандардағы қалыптасуы мен
дамуы туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары кезінде
табылған ежелгі адамның тұрақтары, еңбек құрал-жабдықтары, қал-
дырған материалдық мәдениет ескерткіштері мен әртүрлі (тасқа,
қыш, металл тақташаларға жазған деректері мен қорымдарға
қойылған дүниелеріне және т.б.) мәдени жәдігерлерге сүйенеді.
Байырғы дәуір бейнесін қалпына келтіру үшін тарихшылар әдетте
әртүрлі білім саласына: ежелгі заман туралы ғылым – археологияға;
тіл білімі туралы ғылым – лингвистикаға; жазба деректерге бай-
ланыстының бәрін зерттейтін ғылым – палеографияға; халықтар
болмысын зерттейтін ғылым – этнографияға; ақша соғу, ақша айна-
лымы туралы ғылым – нумизматикаға; кез келген халықтың тари-
хына негіз болатын бастаулар туралы ғылым – деректануға (источ-
никоведение) және т.б. сүйенеді.
Тарихи мәліметтер заттық және жазба деп екіге бөлінеді. Зат-
тыққа адамның күнделікті тұрмыста қолданған тас, металл құрал-
жабдықтары, саз, күйдірілген қыш ыдыстары, тері, жібек, қағаз және
т.с.с., ал жазбаға ежелгі заман кітапханаларында, мұрағаттарында
сақталған саз кітаптар, шежірелер, жарлықтар, қандай да болса
құжат түрлері жатады.
Нил аңғары – әлемде ең алғашқы қалыптасқан мәдениет орта-
лықтарының бірі. Атап айтқанда, б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші
жартысында онда адамзат тарихының жаңа институты, алғашқы
мемлекеттік белгілер пайда болады. Мысырлықтар Алдыңғы
Азия мен көне грек елдеріне үлкен әсерін тигізген жоғары
дамыған мәдениет үлгісін жасады. Дін жүйелері, бай әдебиет
өзіндік ерекшеліктерімен, шығармашылық жетістіктерімен, терең
мазмұнымен көзге түседі.
Мысыр әлемде тұңғыш рет тас сәулет өнерін жасады, шынайы
мүсіндік портретті, хас шеберлікпен істелген қолөнер бұйымдарын
берді. Сәулетшілер мен мүсіншілер тас өңдеуді шегіне жеткен ше-
бер лікпен меңгерді. Бұған тұрғызылған пирамидалар, үлкен ғиба-
датханалардың ұстын залдары, салмағы жүздеген тонна болатын
алып тұтас тас мүсіндер куә. Сонымен қоса, ұзақ ізденістер, шеберлік
дағдылары арқылы ағаш пен сүйекке ою салу, металл өңдеу, зергерлік
345
алтын, күміс бұйымдар, түрлі-түсті шынылар, жұқа маталар жасау
жоғары деңгейге көтерілді.
Саяси-әлеуметтік алғашқы көзқарастар аңыз негізінде пайда
болып, адамдар қоршаған ортадағы өзінің орны туралы мәселелерді
көтерді. Тарихи дәуір өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштерінің
мешеулігі ғалам, әлем, қоғам заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік
бермеді. Мазмұны аңыздық көзқарастардан тұратын қарапайым ха-
барламалар адамның еркінен тысқары тұратын күштердің барлығына
сенімді және оған бағыныштылықты көрсетті. Әртүрлі қоғамдық
өмір құбылыстары Құдайдың іс, әрекеттерінің нәтижесі деп баға-
ланды. Осыған байланысты тарихи тұлғалардың да қызметтері ал-
дын-ала шешілетін тағдырға сенушілік, жоғарғы билік иелеріне
бағыныштылық ретінде қарастырылады.
Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Мысырмен қатар, Қосөзен аймағы жоғары
дамыған мәдениет жетістіктеріне қол жеткізіп, тарихи дәуірдің ең
дамыған елдеріне айналады. Мұнда көптеген қала-мемлекеттер
пайда болып, күрделі қоғамдық қатынастар қалыптасады, теңдесі
жоқ жоғары дамыған мәдениеттер өмірге келеді. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси жетілу басқа елдер үшін үлгі болады.
Қосөзен өзіне көптеген халықтың назарын аударған құнарлы
аймақ. Оны әртүрлі этникалық топтар – шумерлер, ассириялықтар
және аморейлер алма-кезек жаулап алып қоныстанған. Кейбір
тарихи деректер оларды вавилондықтар немесе халдейлер деп
те атайды. Тигр мен Евфрат сынды үлкен екі өзен көктем сай-
ын арнасынан шығып, аймақты суландырады, құнарландырады.
Су тартылған соң осы өзендер арасындағы кең жазық егін
шаруашылығына тиім ді жерге айналады. Осынау құнарлы жерде
адамзат тарихына бел гілі ең алғашқы мәдениеттер өркендеді. Сол
мәдениеттің негізгі қалаларының бірі – Ур Евфрат өзеніне жақын
орналасты. Осы ежелгі қала орнында қазба жұмыстарын жүргізген
археологтар гүлденген бау-бақшалар, әшекейлі өрнектерге бай са-
райлар, елдің табынған құдайына арналған ғибадатхана орында-
рын тапты. Ол әртүрлі жақын және алыс аймақтардан келген адам-
дар үшін ірі сауда орталығы да болды. Осы қала астрономдары
алғашқылардың бірі боп, жұлдыздар әлемінің құпияларын зерт-
теп, әр түн сайын биік мұнаралардан аспан денелерін бақылағаны
жайлы деректер бар.
346
Ежелгі Шығыстың үлкен мәдени жетістіктерге қол жеткізген
тағы бір елі-үнділерде дүние танымдық пайымдаулардың аңыздық,
діни көзқарастар түрінде қалыптасқанын көруге болады. Бұл ұзақ
ғасырлар бойы елдің әлеуметтік-рухани өмірінде үстемдік жүргізген
брахмандарға тікелей байланысты. Брахмандық ой-пікірлер
б.д.д. 2000 жылдықта пайда болған «Веда» әдебиетінде өз көрінісін
тапты. Ману заңдарының 96-бабында тірі жан иелерінің ішіндегі ең
қасиеттісі – адам болатыны, ал олардың ішінде брахмандар екендігі
дәріптеледі. Варна мүшелері заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен
ережелерге-«дхармаға» бағынуы керек. Құдай білім, дін, құрбандық
шалу, садақа алу, үлестіру ісін жүктеген брахмандар қоғамның
жоғарғы, үстемдік артықшылығына ие болды. Тіпті патшалар
да брахмандарды құрметтеуге, ақыл-кеңестері мен талаптарын
орындауға, олардан «Вед» әдебиеті ілімдерін оқып үйренуге тиісті.
«Ману заңдарында» қоғамның варналарға бөлінуі бекітіліп,
оның әрбір мүшесінің әлеуметтік орны, өзара айырмашылықтары
мен артық шылықтары көрсетіліп, ол теңсіздіктегі құлдардан
қорғалды.
Б.з.д. VІ ғасырда Будда /ағартушы/ есімімен белгілі болған Сид-
дхарта Гаутама «Веда» ілімін сынап, Құдайдың Адам өміріне арала-
суын, оның жердегі орнатқан билігі мен заңдарын жоққа шығарады.
Ағартушының ойынша, адамзат ісі әрбір кісінің белсенді әрекеттеріне
байланысты, ең бастысы, адамның атағы мен шыққан тегінде емес,
адамгершілік қасиеттерінде. Өмірдің мәні байлық пен атақта емес,
әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа
ұмтылу екенін дәріптейді. Будда ілімін жақтаушылар дхарма-
ны табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде көрді. Дхар-
ма түсіндірмесінде бауырмалдық, қайырымдылық, жамандыққа
жақсылықпен жауап беру ғана бұл әлемдегі ізгілікті өмірге қол
жеткізеді. Адамдардың бәрі тең, өйткені олар қандай варнада тұрса
да аурудан, өлімнен құтыла алмайды.
Қоғам өмірінің күрделенуі мен дүниеге келген, алғашқы мем-
лекеттік құрылымға жеткен елдер мәдениеті де қарастырылып
отырған тақырыптан алшақ болған жоқ. Қытай ойшылы Лао-цзының
ойынша, табиғат пен адам өмірі аспанның қалауымен, еркімен
басқарылмай, белгілі бір жаратылыстық-дао жолымен өтеді. Әлемдегі
барлық заттар қозғалыс пен өзгерістерде болады, нәтижесінде,
347
олардың өз қарама-қарсылықтарына өтетін қажеттілік туындайды.
Оқымыстының ойынша, адам дамудың табиғи бағытына арала-
спауы керек. Бұл бағытты өз мақсатына пайдалану үшін өзгертуге
тырысқандар, ерте ме кеш пе сәтсіздікке душар болады.
Осыған орай ежелгі Қытайдың конфуцилік ілімінде
«Қайырымды ерлердің» яғни билік иелерінің қарапайым адаммен
салыстырғандағы артықшылығы-әділетті болуында. Конфуций
пікіріне сүйенсек, бас қару жүйесін нығайтатын әділеттілік, бірыңғай
билікті де сақтайды.
Ежелгі Шығыс халықтары тұрмысында үлкен орын алған, За-
ратустра негізін қалаған парсылардың заростризм дінінде де дүние-
танымдық көзқарастар көрініс тапқан. Дін мазмұны жақсылық
пен жамандық, бір-біріне қарама-қарсы екі күштің өзара қатынасы
ретінде көрсетіледі. Қайшылықты тартыста жауыздықтың уақытша
үстемдігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.
Қайырымдылық пен жақсылық жасаушы жарық дүние патшалығы–
Ормузда, ал, жауыздық пен жамандық туындылары қараңғы дүние
патшалығы – Ариман Құдай құдіреті.
Дін қағидалары бойынша, жердегі жоғары билік иесі Ормузданың
әмірін орындаушы, халықты әлеуметтік теңсіздік келеңсіздіктерінен
қорғаушы, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуші,
қайырымдылық нәрін себуші Қызметкер. Сонымен қатар, әрбір қоғам
мүшесінің қандай кәсіппен шұғылдануды еркін таңдауы арқылы
әлеуметтік құрылым қалыптасады. Осының нәтижесінде белсенді,
беделді кісілер дүниеге келген саяси күштердің жетекшісі болады.
Дін бұларды өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа, кешірімділікке
және бітімге шақырады.
Теңізші саудагерлер, өнерлі құрылысшылар ретінде таны-
мал бол ған Финикия халқы қолөнерде шеберлік танытып, шы-
ныдан, метал дан нәзік өнімдер дайындап, матаны әдемі түстерге
бояй білді. Хирамом патша кезінде Жерорта теңізі жағасында
орналасқан Финикияның Тире қаласында әдемі қара-қошқыл бояу
жасаудың құпиясы ашылып, ежелгі әлемге танымал болады. Фини-
кия көптеген елдерге, соның ішінде, Мысыр мен Қосөзен елдеріне
өздерінің сәулетшілерін жібереді. Ержүрек теңізшілер талай-талай
алыс елдерге барып, көптеген сауда орталықтарын ашады. Мы-
сыр және Қосөзен елдеріне баратын сауда жолдарын пайдалануға
348
мұқтаж финикиялықтар өз бұйымдарын жолай еврейлердің қымбат
темірлері мен мыстарына айырбастайды.
Елдің дамып, болашақ өркениет жетістіктеріне қол жеткізуі
қажеттігін түсінген Давид, еврейлердің финикиялықтардан құрылыс
ісінің өзіндік ерекшеліктерін, қолөнер мен сауда-саттықтың қыр-
сырын үйренуіне қарсы болмайды. Тарихи дәуірде еврейлер егін
және мал шаруашылықтарымен айналысады, жан-жақтан сауда
керуендері келіп, мәдени дамудың алғышарттары қалыптасады.
Ежелгі Шығыс мәдениетінің таңғажайып ерекшеліктері мен
қайта ланбас құндылықтарының пайда болу себептері беймәлім. Ру-
хани мұра болатын жылнамалық мәліметтер сыры әлі күнге ашыл-
май отыр. Оның дәстүрлерімен танысу ғажайып бейнелер әлеміне
енуге, адам мен оның қабілеті туралы терең толғанысты көруге
мүмкіндік береді.
Зерттеушілер ортасында бұл елдердің әртүрлі этно-мәдени
аймақтарында пайда болған дамудың осы мәдениеттер қалыптасуына
тигізген әсері туралы пікірталастар әлі тоқтаған жоқ. Соңғы
архео логиялық қазба жұмыстары мен лингвистердің зерттеулері
жалпышығыстық дәстүрлер қалыптасуының алғашқы сатыларына
арийлерге дейінгі халықтардың үлкен ықпалы болғанын көрсетеді.
Адамзат дамуының әрбір сатысында өзіндік орны бар мәде-
ниеттің, соның ішінде көшпенділер мәдениеті дамуының әлі де болса
ашылмаған сырлары көп. Еуразия кеңістігінде орналасқан Ұлы Дала
сан ғасырға созылған күрделі тарихымен, өзіндік ерекшелігімен
қалыптасқан көшпенді және отырықшы мәдениетімен көзге түседі.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Қазақ даласынан, ата
жұрттан материалдық және рухани мәдениет жәдігерлері көптеп
табылуда. Бұларға ежелгі сақтар дәуіріне жататын елді мекендер,
құрылыстар, тұрмыстық құрал-жабдықтар, саз ыдыс-аяқтар, қару-
жарақтар (жебе, найза ұштары, шоқпар, пышақ, шот, балта, балға
және т.б.), алтын, күміс, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар, тари-
хи дәуір тұрғындарының аулаған және қолда ұстаған жануарларының
сүйектері жатады.
Қазақ даласын мекендеген ежелгі көшпенділердің таңқаларлық
өнері ғылымда «аң стилі» деп аталады. Мамандар пікірі негізінен жа-
байы аңдар, құстар мен үй жануарлары бейнеленген осы өнердің Орта
Азия, Қазақстан жерінде б.д.д. VІІ-VІ ғғ. қалыптасқанын көрсетеді.
349
Табылған «Алтын адамдардың» киімдері мен әшекей бұйымдары
ежелгі сақтар қолөнері мен ұсталарының жоғары шығармашылық
мүмкіндіктерінен мәлімет береді.
Сақтар, ежелгі түркілер замандарынан жеткен өнер туынды-
лары Шығыс елдерімен, тек аң стилі өнері арқылы ахемениттік
Иранмен байланысып қоймай, зороастризм негізгі идеялары
да бұл халықтардың өзіндік ерекшеліктері сақталған рухани
байланыстарының да дәлелі болады.
Халқымыздың тұтас тағдыры, өмір қайшылығы, келешек тура-
лы болжамдары әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген ғұламалар
шығармалары мен ауыз әдебиетінен кең орын алды. Туған халқының
өмір, тіршілігі туралы соңына деректер қалдырған, заманының
келеңсіздіктерін көрсеткен ойшылдар, аттары аңызға айналған жы-
раулар, би-шешендер халық санасынан үлкен орын алып, аттары
бүгінге жетті. Халқының тұрмыс тауқыметінің жүгін жеңілдетуге
тырысқан перзенттері – елбасшылары, қолбасшылары, терең ойлы
даныш пандарының азаматтық тұлғасы, әлеуметтік алға басуға,
жан-жақты өрбіп, дамуға байланысты көтерген пікірлері бүгінгі
күні қоғамдық ғылымдар тарапынан кең көлемді зерттеу нысаны
болып отыр.
Қазақ елі тәуелсіздік тұтқасын өз қолына ұстағаннан кейін оның
өткен және қазіргі тарихы зерттеушілердің өзекті тақырыбына айна-
лып, оған деген әртүрлі көзқарастардың пайда болғанына куә болып
отырмыз. Мысалы, «...орыс авторларының көпшілігі қазақтардың
мемлекеттілігі дегенді жоққа шығарып, қазіргі мемлекетіміздің ке-
лешегі жоқ дегенді білдіргісі келеді. Ал қазақ авторларының зерт-
теу нәтижелері бұған қарама-қайшы. Олар қазақтардың мемле-
кеттілігі бағзы замандардан бері болған, сондықтан Қазақстан
Республикасының болашағы зор деп біледі...» [48, 165-166 бб.].
350
Достарыңызбен бөлісу: |